1) жаяу жүргіншілердің өткелдерінде және тротуарлардың немесе жол
жиектерінің сызығы бойынша жол қиылыстарында;
2) тоннельдерде;
3) көпірлерде, жолөткелдерде, эстакадаларда және олардың астында;
4) теміржол өтпелерінде;
5) жолдың жүру бөлігінің көріну мүмкіндігі бір жүз метрден кем жерлерде;
6) аялдау пункттері орналасқан жерлерде тыйым салынады.
13. Көлік құралының артқы жүріспен қозғалуына маневр қауіпсіз болған
және қозғалысқа басқа да қатысушыларға кедергі жасамаған жағдайда рұқсат
етіледі. Көше қиылыстарында және осы бөлімнің 12-тармағына сәйкес кері
бұрылуға тыйым салынған жерлерде артқа жүруге тыйым салынады.
Достарыңызбен бөлісу: