7) қапталдағы өтпенің қарсысындағы тұтас
таңбалау сызығы немесе бөлу
жолағы бар үшжақты қиысу (қиылыс) жағын қоспағанда, жолдардың жүру
бөліктерінің қиылысында және жолдың қиылысатын жүру бөлігінің шетіне отыз
метрден жақын жерде; аялдама алаңдарында және оларға он бес метрден жақын
жерде, ал олар болмаған кезде маршруттық көлік құралдары немесе такси
аялдамасының нұсқағышынан он бес метрден жақын жерде;
8) көлік құралы басқа жүргізушілерден бағдаршам сигналдарын, жол
белгілерін көлегейлейтін немесе басқа көлік құралдарының жүруіне (кіруіне
немесе шығуына) мүмкіндік бермейтін немесе басқа көлік құралдары мен жаяу
жүргіншілердің жүруіне кедергі (кептеліс)
келтіретін жерлерде;
9) гүлзарларда, көгалдарда, балалар және спорт алаңдарында тоқтауға тыйым
салынады.
5. Мынадай:
1) аялдауға тыйым салынған жерлерде;
3) эстакадаларда, көпірлерде, жолөткелдерде;
4) елді мекендерден тыс жерлерде 2.1 жол белгісімен белгіленген жолдың
жүру бөлігінде;
5) теміржол өтпелеріне елу метрден жақын жерде;
6) егер тұрғындарға
қолайсыздық келтіретін болса, елді мекендерде
қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған механикалық көлік құралдарының;
7) гүлзарларда, көгалдарда, балалар және спорт алаңдарында тоқтап тұруға
тыйым салынады.
6. Тоқтауға тыйым салынған жерде мәжбүрлі тоқтаған кезде жүргізуші көлік
құралын ол жерден әкету үшін барлық қажетті шараларды қолдануға міндетті.
7. Бұл жол жүрісіне басқа қатысушыларға
кедергі немесе қауіп
келтірмейтініне көз жеткізбейінше, көлік құралының есіктерін ашуға, оларды
ашық қалдыруға немесе жолдың жүру бөлігіне шығуға тыйым салынады.
Достарыңызбен бөлісу: