4. Жол жүрісін ұйымдастыруда қажетті өзгерістер мен шектеулер тек
жол белгілерінің, жол таңбаларының, бағдаршамдар мен реттеушілер
сигналдарының көмегімен, сондай-ақ қозғалысты реттеуге уәкілетті
адамдардың өкімдерімен ғана белгіленген тәртіппен енгізіледі.
Жолдарда немесе жолдардың жекелеген учаскелерінде жол жүрісін
ұйымдастыруды өзгерткен кезде жол жүруге қатысушыларға бұқаралық ақпарат
құралдары арқылы хабарланады.
5. Жол жүрісіне қатысушылар жол жүрісі үшін қауіп туғызбайтындай
және зиян келтірмейтіндей етіп іс-қимыл жасауы тиіс.
Жол жүрісіне қатысушылар:
1) Қағидаларды, "Жол жүрісі туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының
талаптарын білуге және сақтауға;
2) реттеушінің және бағдаршам сигналдарының, жол жүрісін реттеу үшін
қолданылатын жол белгілерінің, жол таңбаларының,
жол жұмыстары кезінде
пайдаланылатын дыбыс және жарық сигналдарының, жедел және арнаулы
қызметтердің көлік құралдарының арнайы жарық және дыбыс сигналдарының
талаптарын орындауға;
3) жол жүрісі үшін қауіпсіз жағдайлар жасауға,
өз әрекетімен немесе
әрекетсіздігімен жол жүрісіне басқа қатысушыларға, олардың көлік құралдары
мен өзге де мүлкіне зиян келтірмеуге;
4) жол жабынын бүлдірмеуге және ластамауға, жол белгілерін алып
тастамауға, оларды көлегейлемеуге және бүлдірмеуге,
жол белгілерін,
бағдаршамдарды және жол жүрісін ұйымдастырудың басқа да техникалық
құралдарын өз бетімен орнатпауға;
5) жол жүрісін қиындатпауға немесе жол жүрісіне кедергі келтіретін
заттарды немесе материалдарды жолға лақтыру, түсіріп кету немесе қалдыру
арқылы оның қауіпсіздігіне
қатер төндірмеуге, жол жүрісі үшін бөгет жасауы,
адамдарға қауіп төндіруі немесе мүлікке залал келтіруі мүмкін кез келген
әрекеттерден тартынуға;
6) жолда жол жүрісі үшін кедергі анықталған немесе келтірілген жағдайда
осы кедергіні жою жөнінде шаралар қолдануға, ал, егер бұл мүмкін
болмаса -
"Жол жүрісі туралы" Қазақстан Республикасы Заңның талаптарына сәйкес
немесе жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өзге де тәсілмен осы кедергіні
белгілеуге және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті
органға немесе жол иелеріне кедергі туралы хабарлауға;
7) адал, әдепті әрекет етуге, мұқият
және өзара сыпайы болуға, жол жүрісі
үшін кедергілер мен қауіп келтірмеуге;
8) жолдарды ластауға жол бермеуге, оның ішінде арнайы бөлінген
орындардан тыс жерге қоқыстарды, жол жүрісі үшін қауіп келтіретін заттарды
және өзге де
заттарды тастамауға;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жол жүрісі
саласындағы өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: