Пдд қазақстан Жол жүрісі қағидалары Жалпы ережелер


Қағидаларды бұзған адамдарға Қазақстан Республикасының



Pdf көрінісі
бет4/35
Дата31.10.2022
өлшемі1,97 Mb.
#46414
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
ПДД 2022 - Жаңа формат @baizhumaev

6. Қағидаларды бұзған адамдарға Қазақстан Республикасының 
заңдарына сәйкес жауапкершілік жүктеледі. 
 
7. Көлік құралын тоқтатқан жағдайда көлік құралы жүргізушісінің 
құжаттарын тексеруге немесе көлік құралын пайдалануға құқығы бар адамдар 
көлік құралына кідірмей жақын келеді, көлік құралын тоқтату себептерін 
түсіндіреді және жүргізушінің талап етуі бойынша танысу және тегі мен 
лауазымын анықтау үшін қызметтік куәлігін жүргізушіге берместен, егер көлік 
құралы жүргізушісінің "Жол жүрісі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 
талаптарын және (немесе) осы Қағидаларды бұзуы сертификатталған арнайы 
техникалық құралдармен және аспаптармен тіркелсе, жүргізушіге тиісті 
материалдарды танысу үшін оны көрсетеді.
8. Жол-көлік оқиғасы болған жағдайда, егер зардап шеккендер болмаса, 
болған оқиғаның мән-жайларын бағалауда жүргізушілер өзара келіскен кезде 
оқиғаның схемасын алдын ала жасап және оған қол қойып, оқиғаны ресімдеу 
үшін ішкі істер органдарының жақын бөлімшесіне келеді.

2. Жүргізушілердің жалпы міндеттері 
1. Механикалық көлік құралының жүргізушісі:
1) мыналарды орындауға міндетті:
өзімен бірге жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжаты болса, 
Қазақстан Республикасында берілгендерді қоспағанда, көлік құралын басқару 
құқығын беретін жүргізуші куәлігін не жүргізуші куәлігінің орнына берілген 
уақытша куәлікті;
Қазақстан Республикасында берілгендерді қоспағанда, көлік құралын 
мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті не көлік құралына меншік құқығын 
куәландыратын құжатты;
жол парағын, алып жүретін жүкке арналған құжатты (тауар-көліктік 
жүкқұжатты) және көлік құралына Қазақстан Республикасының заңнамасында 
белгіленген өзге де құжаттарды өзімен бірге алып жүруге және ішкі істер 
органдарының, көліктік бақылау органдарының уәкілеттік берілген лауазымды 
адамдарының талабы бойынша оларға тексеру үшін беруге;


2) ішкі істер, көліктік бақылау органдарының нысанды киім киген 
қызметкерінің дауыс күшейткіш құрылғысының көмегімен, ысқырып сигнал 
берумен бір мезгілде жүргізушіге түсінікті және орындалуы авариялық жағдай 
туғызбайтындай етіп дер кезінде берілуге тиіс көлік құралына бағытталған қол 
қимылымен немесе таяқшамен сигнал беруі арқылы көлік құралын тоқтату 
туралы талабы бойынша көлік құралын тоқтатуға;
3) көлік құралының өздігінен жүріп кетуін болғызбайтын шаралар 
қолданбай, сондай-ақ оны ішкі істер органдарының қызметкері тоқтатқан 
жағдайда, оның рұқсатынсыз көлік құралын тастап кетпеуге;
4) ішкі істер органдары қызметкерінің талабы бойынша масаң күйін 
куәландырудан өтуге;
5) қауіпсіздік белдіктерімен жабдықталған көлік құралымен жүрген кезде 
белдікті тағуға және белдік тақпаған жолаушыларды тасымалдамауға;
6) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 
кодексінде белгіленген жағдайларда, осы Қағидаларды білуін тексеруден өтуге;
7) көлік құралын:
шығындарды өтеттіре отырып, медициналық көмек көрсету үшін жол-
жөнекей бағытта кетіп бара жатқан медицина қызметкерлеріне, сондай-ақ жедел 
медициналық көмекке мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелеріне жеткізу үшін, 
сондай-ақ терроризмге қарсы операциялар жүргізу кезінде жүру бағытына 
қарамастан, медицина қызметкерлеріне, ішкі істер органдарының және ұлттық 
қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне;
жол-көлік оқиғалары кезінде бүлінген көлік құралдарын тасымалдау, дүлей 
зілзала болған жерге бару үшін ішкі істер органдарының қызметкерлеріне, 
сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда 
ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі 
мен ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне беруге;
Ескертпе:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет