14. Мотоциклде конструкцияда көзделген қауіпсіздік доғасының болмауы.
15. Мотоцикл мен мопедтерге конструкцияда көзделген табан тірегіштердің,
орындықтарында жолаушыларға арналған көлденең тұтқалардың болмауы.
16. Оларға қойылатын талаптар осы тізбеде регламенттелетін тежегіш
жүйелерінің, рульмен басқарудың және өзге тораптар мен агрегаттардың
конструкцияда көзделген қосымша элементтерінің болмауы немесе олардың
көлік құралын жасаушы кәсіпорынмен немесе уәкілетті басқа ұйыммен келіспей
орнатылуы.
17. Техникалық реттеу саласында көзделген талаптарды бұзумен, көлік
құралдарын қайта жабдықтау жүргізілген.
М1, М2, М3 санатындағы көлік құралдарын орындықтар орнатумен
(бөлшектеумен), жатын орындарын және жүк бөліктермен ұйымдастыруға
байланысты қайта жабдықтау жүргізілген.
N1, N2, NЗ санатындағы көлік құралдарын М2 және МЗ санатына
ауыстыруға байланысты қайта жабдықтау жүргізілген.
Достарыңызбен бөлісу: