«Педагог» кәсіптік стандарты


«Педагог» кәсіптік стандартына қосымша 1.3



бет12/21
Дата22.10.2022
өлшемі149,07 Kb.
#44828
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21
«Педагог» кәсіптік стандартына қосымша 1.3

КӘСІПТЕР КАРТОЧКАСЫ: «Мектеп мұғалімі»

Код:

2305
236

Топ коды:

2350
2361

Кәсіп:

Білім беру ұйымының мұғалімі

Кәсіптің басқа да ықтимал атаулары:

Педагог

СБШ бойынша біліктілік деңгейі

5-7.1

Кәсіптің негізгі мақсаты

Білім алушының жеке басының білімін, іскерлігін, дағдыларын және зияткерлік, адамгершілік, шығармашылық және физикалық дамуын қалыптастыру

Кәсіптік қызмет



Негізгі кәсіптік қызмет

1. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес білім беру процесін жүзеге асыру

2. Білім алушылардың оқу жетістіктерін, оқу бағдарламаларын игерудің ағымдағы және қорытынды нәтижелерін бағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру

3. Мамандыққа қоғамдық сенімді қолдау және білім алушыларды құндылықтар жүйесіне тарту

4. Оқу-әдістемелік қызметті жүзеге асыру

Қосымша кәсіптік қызмет




Кәсіптік қызмет
1. Оқу процесін жүзеге асыру

1 міндет: оқу процесін жоспарлау

Білім
1. Білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілер
2. Оқу пәнінің мазмұны, оқыту мен бағалаудың әдістемелері мен технологиялары
3. Оқу бағдарламасының теориялық және әдістемелік негіздерін танымдық процесс заңдылықтарымен өзара байланыста

Білік және дағдылар
1. Бағалау құралдарын анықтай отырып және білім алушылардың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, сабақ жоспарларын құру
2. Оқушылардың жеке даму траекториясын жобалау

2 міндет:
оқу процесін ұйымдастыру

Білім
1. Еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидалары
2. АКТ қолдану арқылы, оқыту әдістемесінің негіздері
3. Жас ерекшелігі мен жеке даму заңдылықтары
4. Инклюзивті білім беру принциптері
5. Құқық негіздері және еңбекті ғылыми ұйымдастыру
6. Білім алушылардың коммуникативтік, ақпараттық, құқықтық, құзыреттілігін қалыптастыру принциптері мен әдістері

Білік және дағдылар
1. Сыныптағы денсаулық сақтау ортасын және эмоционалды-психологиялық климатты қолдау
2. Тиісті оқыту әдістемелерін және оқу жетістіктерін бағалау құралдарын қолдана отырып, оқушылардың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып сабақтар өткізу
3. Кәсіптік қызметте білім беру ресурстарын, әлеуметтік желілерді қолдану
4. Білім алушылардың қажеттіліктері мен жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әдістері мен тәсілдерін анықтау
5. Тиімді қарым-қатынасты жүзеге асыру, білім алушылардың тілдік құзыреттіліктерін дамыту
6. Оқуға деген ынтаны қалыптастыру

Кәсіптік қызмет
2. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау

1 міндет:
Білім алушылардың білім мазмұнын меңгеруінің прогресі мен деңгейін бақылау

Білім
1. Білім алушыларды ағымдағы, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу қағидалары

Білік және дағдылар
1. Білім алушыларды критериалды бағалау жүйесін қолдану, бағалау құралдарын әзірлеу
2. Білім алушылардың үлгеріміне мониторинг жүргізу, мақсат қою және келесі сабақтарды жоспарлау
3. Оқушылардың оқу нәтижелерін, прогресті және жақсарту жолдарын бақылау

Кәсіптік міндет
3. Мамандыққа қоғамдық сенімді қолдау және білім алушыларды құндылықтар жүйесіне тарту

1 міндет:
Мектепте және одан тыс жерлерде этика мен мінез-құлық ережелерін сақтау

Білім
1. Педагогикалық этика нормалары

Білік және дағдылар
1. Педагогикалық қызметті адамгершілік-этикалық және құқықтық нормаларға сәйкес ұйымдастыру
2. Білім алушылардың оқу-танымдық қызметін уәждей отырып, олардың мінез-құлқын басқару
3. Білім алушылармен сенімді қарым-қатынасты сақтау, демократиялық, адалдық және кәсіби қарым-қатынас этикасын көрсету
4. Педагогикалық процестің барлық қатысушыларының субъект-субъектілік өзара іс-қимылын ұйымдастыру

2 міндет:
Бірыңғай құндылықтарды қабылдау арқылы тұлғаның құндылық-мағыналық саласын кеңейту және нығайту

Білім
1. Мектептің тәрбие қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық және нұсқаулық құжаттар
2. Тәрбие жұмысының әдістемесінің негіздері, тәрбиенің қазіргі заманғы тұжырымдамалары
3. Негізгі денсаулық сақтау және дене шынықтыру-сауықтыру технологиялары
4. Білім алушыларда көпмәдениетті білім негіздерін қалыптастыру тәсілдері

Білік және дағдылар
1. Тәрбие жұмысының заманауи нысандары мен әдістерін сабақта да, сабақтан тыс іс-әрекетте де қолдану
2. Жеке даму траекториясын құра отырып, білім алушылардың жеке өсуіне ықпал ету
3. Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды сақтай отырып, мәдени әртүрлілікке ашықтықты көрсету
4. Білім алушының эмоционалды-құндылық саласын дамытатын тәрбие жұмысын жобалау (тәжірибе мәдениеті және құндылық бағдары)
5. Білім алушылардың салауатты және қауіпсіз өмір салты мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету
6. Ата-аналармен, мұғалімдермен және қоғаммен ынтымақтастық

Кәсіптік міндет
4. Оқу – әдістемелік қызметті жүзеге асыру



1 міндет:
Оқу-әдістемелік материалдарды дайындау және әзірлеу

Білім
1. Оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу негіздері
2. Оқу-әдістемелік материалдардың сапасын бағалау критерийлерінің жүйесі

Білік және дағдылар
1. Әр түрлі көздерден ақпаратты синтездеу
2. Білім беру процесін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру
3. Оқу-әдістемелік материалдарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету

2 міндет:
Кәсіптік дамуды жүзеге асыру

Білім
1. Біліктілігін арттыруды/кәсіби қайта даярлауды реттейтін нормативтік-құқықтық актілер
2. Оқу пәнінің, педагогика мен психология негіздері

Білік және дағдылар
1. Оқыту тәжірибесін жақсартудағы жеке қажеттіліктерді анықтау
2. Кәсіптік оқытуды жоспарлау
3. Әріптестермен өзара әрекеттесу арқылы оқыту тәжірибесін жақсарту
4. Шешім қабылдау, олар үшін жауапкершілік алуға дайын болу
5. Даму траекториясына сәйкес өзін-өзі тану, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі оқыту

3 міндет:
Өз тәжірибесі мен әріптестерінің тәжірибесіне рефлексия

Білім
1. Тәжірибе алгоритмі, формалар, анықтау әдістері, зерттеу, жалпылау
2. Үздік тәжірибелерді жинақтау және тарату әдістемелері

Білік және дағдылар
1. Өзінің кәсіби қызметі мен әріптестерінің тәжірибесін рефлексиялауды жүзеге асыру
2. Үздік педагогикалық тәжірибелерді зерттеу
3. Кәсіби қоғамдастықпен және қоғаммен ынтымақтастық

4 міндет:
Білім беру үрдісін зерттеу

Білім
1. Баланың даму деңгейі мен динамикасының көрсеткіштерін диагностикалау және бағалау құралдары мен әдістері
2. Психодиагностика негіздері және балалардың дамуындағы ауытқудың негізгі белгілері
3. Білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын дамыту әдістері

Білік және дағдылар
1. Білім алушылардың тұлғалық сипаттамалары мен жас ерекшеліктерінің психодиагностика әдістерін қолдану
2. Оқушылардың қабілеттерін дамыту бойынша өзекті зерттеулердің нәтижелерін бағалау

Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар

Коммуникабельділік, күйзеліске төзімділік, өзін-өзі дамытуға дайындық, сыни ойлау, бедел, эмоциялық теңгерімділік, жауапкершілік

СБШ басқа кәсіптермен байланыс







БТБА немесе БА немесе кәсіптердің басқа анықтамалықтарымен байланыс

-




Білім беру және біліктілік жүйесімен байланыс

Білім деңгейі: бакалавриат, специалитет, ординатура, магистратура









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет