«Педагог» кәсіптік стандарты


КӘСІПТЕР КАРТОЧКАСЫ: «Педагог. Мектепке дейінгі тәрбие бойынша әдіскер»



бет11/21
Дата22.10.2022
өлшемі149,07 Kb.
#44828
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
КӘСІПТЕР КАРТОЧКАСЫ: «Педагог. Мектепке дейінгі тәрбие бойынша әдіскер»

Қызметтер жіктеуішіне сәйкес кәсіптер атауы

Мектепке дейінгі тәрбие бойынша әдіскер

Қызметтер жіктеуішіне сәйкес код

2371

Ұлттық біліктілік шеңбері бойынша біліктілік деңгейі

5-7

Салалық біліктілік шеңбері бойынша біліктілік деңгейі

6

Қызметтің негізгі мақсаты

Тәрбие-білім беру процесін ұйымдастыру, жоспарлау және үйлестіру, тәлімгерлікті жүзеге асыру және кәсіби дамудың басымдықтарын айқындау, дамытушы бағдарламаларды әзірлеу

Кәсіптік қызмет

Негізгі кәсіптік қызмет

1. Әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жоспарлау

2. Білім беру қызметін үйлестіру

3. Тәрбие мен оқытудың жалпы және жеке әдістемесін меңгеру

4. Ғылыми-әдістемелік қызметті жүзеге асыру

Қосымша кәсіптік қызмет

1. Авторлық білім беру бағдарламаларын, ОӘК әзірлеу

2. Нормативтік құжаттарды әзірлеуге қатысу

Кәсіптік қызмет
1. Әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жоспарлау

1 міндет: әдістемелік жұмысты жоспарлау

Білім
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер
2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұны мен құрылымы
3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемелері
4. Педагогика, психология негіздері

Білік және дағдылар
1. Жылдық жоспар мен циклограмма жасау
2. Тәрбие-білім беру процесін ұйымдастыруды талдау
3. Оқу-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттердің деректер банкін қалыптастыру
4. Есептік және есептік құжаттаманы ресімдеу

2 міндет:
әдістемелік жұмысты ұйымдастыру

Білім
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер
2. Жас физиологиясының, жас және жалпы психологияның теориялық негіздері
3. Дидактика принциптері
4. Тәрбие мен оқытудың жалпы және жеке әдістемелері

Білік және дағдылар
1. Әдістемелік бірлестіктердің жұмысын ұйымдастыру
2. Әдістемелік жұмыс тәжірибесін ұсыну
3. Тәрбиешілер үшін сабақтар, мастер-кластар, семинарлар, жеке және топтық консультациялар өткізу
4. Республикалық және халықаралық деңгейдегі әдістемелік семинарлар мен конференциялар қызметіне қатысу

Кәсіптік міндет
2. Білім беру қызметін үйлестіру

1 міндет:
мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің жұмысын үйлестіру

Білім
1. Дидактика принциптері
2. Педагогика, психология негіздері
3. Тәрбие мен оқытудың жалпы және жеке әдістемелері
4. Педагогикалық этика нормалары

Білік және дағдылар
1. Педагогтердің зерттеу құзыреттілігін дамыту
2. Педагогтердің қалалық, облыстық, республикалық конкурстарға қатысуын қамтамасыз ету
3. Тәрбиешілердің, психологтың, логопедтің, музыкалық жетекшінің, ұйымның басқа мамандарының өзара іс-қимылын үйлестіру

Кәсіптік міндет
3. Әдістемелік қызметті жүзеге асыру

1 міндет: білім беру бағдарламалары мен әдістемелік құралдарды әзірлеу және сынақтан өткізу

Білім
1. Бағдарламалар мен оқу құралдарының авторларына қойылатын талаптар
2. Білім беру бағдарламалары мен әдістемелік құралдарды жобалау және әзірлеу негіздері
3. Әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптері
4. Білім беру бағдарламалары мен әдістемелік құралдардың сапасын бағалау критерийлері

Білік және дағдылар
1. Оқу бағдарламаларын, оқыту және тәрбиелеу әдістемелерін әзірлеу
2. Көпшілік алдында сөйлеу және аудиториямен өзара әрекеттесу дағдыларын дамыту
3. Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың қазіргі заманғы әдістемелерін қолданудың шығармашылық ізденісін жүзеге асыру
4. Авторлық бағдарлама және әдістемелік құралдары болуы
5. Ғылыми жобалау дағдыларын дамыту
6. Педагогикалық зерттеулер жүргізу
7. Әдістемелік құралдарды әзірлеу және рецензиялау
8. Ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету

2 міндет: біліктілікті арттыру және / немесе қайта даярлау

Білім

Білік және дағдылар
1. Үздіксіз мансаптық дамуға қатысу
2. Педагогтардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру
3. Педагогтардың және жеке тәжірибесін жинақтау
4. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану
5. Педагогтердің біліктілігін арттыру және біліктілік санаттарын беру (растау) жөніндегі жұмысты, оларды аттестаттау жөніндегі жұмысты үйлестіру

3 міндет: тәлімгерлікті жүзеге асыру

Білім
1. Тәлімгерлерге қойылатын талаптар
2. Ынтымақтастық педагогикасы

Білік және дағдылар
1. Тәлімгерлікті қолдану және жүзеге асыру
2. Кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау

Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар

Әдептілік, ізгі ниет, жоғары жауапкершілік және моральдық тұрақтылық, адалдық, эмпатия қабілеті, коммуникабельділік, ұқыптылық, ұйымшылдық, әдептілік сезімі, ұстамдылық

СБШ басқа кәсіптермен байланыс

236

Бастауыш мектеп мұғалімдері және мектепке дейінгі білім беру тәрбиешілері

Білім беру және біліктілік жүйесімен байланыс

Білім деңгейі: орта буын маманы,
бакалавриат магистратура,
докторантура











Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет