Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


-тарау. Әдістемелік орталықтар (кабинеттер)



бет64/91
Дата10.09.2022
өлшемі209,22 Kb.
#38793
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   91
8-тарау. Әдістемелік орталықтар (кабинеттер)
1-параграф. Әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) орталықтың (кабинеттің) басшысы (директоры, меңгерушісі)
228. Лауазымдық міндеттері:
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес кабинет (орталық) қызметінің барлық бағыттарына жалпы басшылықты жүзеге асырады;
штаттық кестені анықтайды және бекітеді;
даму стратегиясын, мақсаты мен міндеттерін айқындайды, кабинеттің (орталықтың) даму бағдарламаларын әзірлеуді, бекітуді және орындауды, ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын ұйымдастырады;
бюджет қаражатын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді;
кабинеттің (орталықтың) мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;
оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді;
республикада және шетелде қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды ұйымдастырады;
кадрларды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады;
қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін анықтайды, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды;
қызметкерлердің шығармашылық бастамасын көтермелейді және ынталандырады;
компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген;
кабинеттің (орталықтың) оқу-әдістемелік (ғылыми-әдістемелік, сараптамалық кеңестердің), педагогтердің әдістемелік бірлестіктерінің, пән педагогтері қауымдастықтарының жұмысына басшылық етеді;
педагогикалық шеберлікті арттыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;
педагогтер мен білім беру ұйымдарының оқу және әдістемелік жұмысының озық тәжірибесін жинақтайды және насихаттайды. Есепке алуды жүргізеді және атқарылған жұмыс;
өткізілетін іс-шаралардың сапасын бақылайды;
әдіскерлер мен мамандар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаларын бойына сіңіреді;
есептерді дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді.
229. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогика және психология негіздері;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері, қаржы-шаруашылық қызметінің нормалары;
педагогикалық этиканың нормалары;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
230. Біліктілікке қойылатын талаптар:
облыс, республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім, педагогикалық жұмыс өтілі 7 жылдан кем емес;
"үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "білім беру ұйымы" бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары не "ұйымдастырушы-басшы" немесе "басшы-менеджер" немесе "көшбасшы-басшы" біліктілік санатының болуы;
аудандар/қалалар деңгейінде:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
"педагог-сарапшы" немесе "педагог-зерттеуші" немесе "педагог-шебер" немесе "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "білім беру ұйымының" не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет