Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


-параграф. Білім беру ұйымының тәрбиешісі (аға тәрбиешісі)



бет36/91
Дата10.09.2022
өлшемі209,22 Kb.
#38793
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   91
Байланысты:
№338 БҰЙРЫҚ ЛАУАЗЫМ

8-параграф. Білім беру ұйымының тәрбиешісі (аға тәрбиешісі)
126. Лауазымдық міндеттері:
әр баланың жеке басын дамыту мақсатында балалардың жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділіктерін зерттейді;
әлеуметтік-психологиялық оңалту, әлеуметтік және еңбекке бейімдеу үшін жағдай жасауды қамтамасыз ететін күнделікті жұмысты жүргізеді;
тәрбиеленушілердің күн тәртібін орындауын, олардың үй тапсырмаларын дайындауын, қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуын ұйымдастырады;
оларға оқуда, бос уақытты ұйымдастыруда және қосымша білім алуда көмек көрсетеді;
сабақтан тыс уақытта тәрбиеленушілермен тәрбие жұмысын жүргізеді;
тәрбиеленушілердің жасын ескере отырып, өзіне-өзі қызмет көрсету, жеке гигиена ережелерін сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
медициналық қызметкерлермен бірлесіп тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтауды және нығайтуды қамтамасыз етеді, олардың психофизикалық дамуына ықпал ететін іс-шараларды өткізеді, балалардың ұйымда болған уақытында олардың өмірі мен денсаулығы үшін дербес жауапты болады;
топқа бекітілген мүліктің, әдістемелік әдебиеттің, құралдардың сақталуын қамтамасыз етеді, оқу жабдығының, ойыншықтардың есебін жүргізеді, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалайды және айқындайды, арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну үшін қажетті жағдайлар жасайды, балалардың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізеді;
белгіленген есептік құжаттаманы сапалы және уақтылы жасауды және тапсыруды қамтамасыз етеді;
тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді;
аға тәрбиешінің міндеттерін орындау кезінде тәрбиешілердің жұмысына басшылық жасайды;
тәрбиешілерге әдістемелік көмек көрсетеді, инновациялық педагогикалық тәжірибені жалпылауға, тәрбиешілердің біліктілігін арттыруға, олардың бастамаларын дамытуға ықпал етеді.
127. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралыы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы", "арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы", "Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы" заңдарды және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогика және психология негіздері;
педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
педагогикалық этиканың нормалары;
менеджмент, қаржы-шаруашылық қызмет, еңбек заңнамасы негіздері;
еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
128. Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе "Педагогика" бағыты бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе өтілі талап қойылмай, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат;
және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – кемінде 5 жыл.
129. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог-модератор":
"педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
жеке тұлғаға бағытталған тәрбие мен оқыту технологияларын қолдануға;
әдістемелік бірлестіктердің, озық тәжірибе мектептерінің жұмысына қатысуға;
өз жұмысында озық педагогикалық тәжірибені пайдалануға тиіс;
2) "педагог-сарапшы":
"педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
тәрбиеленушілердің жасын және оларға сараланған көзқарасты ескере отырып, оларды тәрбиелеу әдістемесін дербес әзірлеуге;
тәрбие жұмысын талдау әдістерін; диагностикалық жұмыстың ұйымдастыру нысандарын пайдалануға;
шығармашылық семинарларға жетекшілік етуге тиіс;
3) "педагог-зерттеуші":
"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыс әдістерін қолдануға;
жаңа педагогикалық технологияларды, тәрбие әдістемелерін әзірлеуге;
оларды апробациялау бойынша жұмыс жүргізуге;
әдістемелік ұсынымдарды немесе ғылыми жарияланымдарды кейіннен басып шығара отырып, озық педагогикалық тәжірибені жинақтауға;
тәрбие саласындағы өзекті мәселелерді әзірлеу бойынша шығармашылық топтарға жетекшілік етуге тиіс;
4) "педагог-шебер":
"педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыс әдістерін қолдануға;
жаңа педагогикалық технологияларды, тәрбие әдістемелерін әзірлеуге;
оларды апробациялау бойынша жұмыс жүргізуге, кейіннен әдістемелік ұсынымдар немесе ғылыми жарияланымдар шығара отырып, озық педагогикалық тәжірибені жинақтауға;
тәрбие саласындағы өзекті мәселелерді әзірлеу бойынша шығармашылық топтарға жетекшілік етуге;
облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-те мақұлданған әдістемелік материалдар болуға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет