7-параграф. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшысының оқу-әдістемелік бірлестігі жөніндегі орынбасары 265. Лауазымдық міндеттері:
жетекшілік ететін қызмет бағыттарына сәйкес әдістемелік жұмысқа тікелей басшылықты жүзеге асырады;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды, жұмыс оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын, білім беру бағдарламаларын, оқу-әдістемелік құралдарды, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен электрондық оқулықтарды әзірлеуге қатысуды қамтамасыз етеді;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін жетілдіру бойынша конференциялар, семинарлар өткізуді ұйымдастырады;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу пәндері бойынша оқу-әдістемелік құралдарды, оқытудың қазіргі заманғы технологияларын енгізу, білімді бақылау және оқу процесін ақпараттандыру бойынша ұсыныстар мен әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік жұмыс қызметін ұйымдастыру тәжірибесін зерделеуді және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындауды ұйымдастырады;
білім алушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығын ұйымдастыру, үздік курстық және дипломдық жобаларға, мамандықтар бойынша кәсіби шеберлікке конкурстар ұйымдастыру және өткізу тәжірибесін жинақтайды;
білім беру ұйымдары оқытушыларының республикадағы және шет елдердегі ұқсас кәсіптер мен мамандықтар бойынша халықаралық, республикалық конференцияларға қатысуы және тағылымдамадан өтуі үшін ұсыныстар енгізеді;
шеберханаларда санитариялық-гигиеналық тәртіп ережелерін сақтау, Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер мен нұсқаулықтарға сәйкес белгіленген есептік құжаттаманың уақтылы жасалуын қамтамасыз етеді;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары мен басшылары орынбасарларының біліктілік санаттарын беру (растау) кезінде қойылатын тиімділік көрсеткіштеріне сәйкес келеді;
білім алушылар, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
266. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексі, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік рәсімдер туралы", "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" Заңдары;
білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогикалық этиканың нормалары;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогика және психология, әлеуметтану негіздері, қазіргі заманғы педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
басқарудың инновациялық әдістері, экономика негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелері.
267. Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе өзге де жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік білім және білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
немесе білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы.