Әдістердің жіктелуі дегеніміз анықталған белгілерге қарай құрылған әдістер жүйесі
Тәрбие әдістерінің жіктелу проблемасын шешуде зор үлес қосқан ғалымдар: Н.К.Гончаров, Т.Е.Конникова, И.Т.Огородников, Н.И.Болдырев, И.С.Марынко, Г.И.Щукина, В.А.Сластенин т.б.
Тәрбие әдістері: (Т.Е.Конникова, Г.И.Щукина бойынша)
Тұлғаның ақыл-ойын қалыптастыру әдістері
Іс-әрекетті ұйымдастыру және қоғамдық, құқықтық тәжірибе қалыптастыру әдістері
Іс-әрекетке және мінез-құлыққа ынталандыру әдістері
Тұлғаның ақыл-ойын қалыптастыру әдістері
Әңгіме
Этикалық сұхбат
Пікірталас
Түсіндіру
Өнеге
Әңгіме – бұл адамгершілік мазмұны бар нақты деректер мен оқиғалардың эмоцияналды, айқын көрінісі. Түсіндіру – тәрбиеленушіге эмоцияналды-сөзді әсер ету әдісі. Этикалық сұхбат – тәрбиеші мен тәрбиеленушінің пікір алысуға екіжақты кірісуін керек ететін жүйелі және бірізді әдіс түрі. Пікірталас – тәрбиеленушілерді қызықтыратын әр түрлі тақырыптарға арналған қызу пікір сайысы.
Талап
Үйрету
Тапсырма
беру
Жаттығу
Іс-әрекетті
ұйымдастыру
әдістері
Жаттығу – автоматты түрде талап, әрекетті көп қайталап орындаудан болатын тәрбиенің тәжірибелік әдісі. Талап – бұл тәрбиеленушілердің белгілі бір іс-әрекетін тежеп не ынталандырып, жекелей қарым-қатынаста жоғарылайтын, баланың белгілі бір қасиеттерінің көрінуіне себепші әсер ететін әдіс. Үйрету – пәрменді жасалынатын дағдыландыру.
Ынталандыру әдістері
Мақтау
Жазалау
Жарыс
Мақтау – тәрбиеленушінің іс-әрекетіне қойылған жақсы баға. Жазалау – қате қылықты ескертіп тежеу, өз ар-ұяты алдында, басқа адамдар алдында кінәсін түсінуге әсерін тигізетін педагогикалық әдіс. Жарыс – қажетті сапаларды тәрбиелеуде оқушылардың табиғи бәсекелестік қасиеттерін бағыттайтын балалардың ұжымдағы іс-әрекетін ұйымдастыру және ынталандыру әдісі.