Педагогика ғылым ретінде


Әдістердің жіктелуі дегеніміз анықталған белгілерге қарай құрылған әдістер жүйесі



бет8/13
Дата11.12.2022
өлшемі1,63 Mb.
#56557
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Әдістердің жіктелуі дегеніміз анықталған белгілерге қарай құрылған әдістер жүйесі

Тәрбие әдістерінің жіктелу проблемасын шешуде зор үлес қосқан ғалымдар: Н.К.Гончаров, Т.Е.Конникова, И.Т.Огородников, Н.И.Болдырев, И.С.Марынко, Г.И.Щукина, В.А.Сластенин т.б.

Тәрбие әдістері: (Т.Е.Конникова, Г.И.Щукина бойынша)

  • Тұлғаның ақыл-ойын қалыптастыру әдістері
  • Әңгіме
  • Этикалық сұхбат
  • Пікірталас
  • Түсіндіру
  • Өнеге

Әңгіме – бұл адамгершілік мазмұны бар нақты деректер мен оқиғалардың эмоцияналды, айқын көрінісі. Түсіндіру – тәрбиеленушіге эмоцияналды-сөзді әсер ету әдісі. Этикалық сұхбат – тәрбиеші мен тәрбиеленушінің пікір алысуға екіжақты кірісуін керек ететін жүйелі және бірізді әдіс түрі. Пікірталас – тәрбиеленушілерді қызықтыратын әр түрлі тақырыптарға арналған қызу пікір сайысы.

  • Талап
  • Үйрету
  • Тапсырма
  • беру
  • Жаттығу
  • Іс-әрекетті
  • ұйымдастыру
  • әдістері

Жаттығу – автоматты түрде талап, әрекетті көп қайталап орындаудан болатын тәрбиенің тәжірибелік әдісі. Талап – бұл тәрбиеленушілердің белгілі бір іс-әрекетін тежеп не ынталандырып, жекелей қарым-қатынаста жоғарылайтын, баланың белгілі бір қасиеттерінің көрінуіне себепші әсер ететін әдіс. Үйрету – пәрменді жасалынатын дағдыландыру.

  • Ынталандыру әдістері
  • Мақтау
  • Жазалау
  • Жарыс

Мақтау – тәрбиеленушінің іс-әрекетіне қойылған жақсы баға. Жазалау қате қылықты ескертіп тежеу, өз ар-ұяты алдында, басқа адамдар алдында кінәсін түсінуге әсерін тигізетін педагогикалық әдіс. Жарыс – қажетті сапаларды тәрбиелеуде оқушылардың табиғи бәсекелестік қасиеттерін бағыттайтын балалардың ұжымдағы іс-әрекетін ұйымдастыру және ынталандыру әдісі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет