Педагогика ғылымының мәні. Оның ерекше білім саласына бөлінуі және зерттеу аймағы



бет21/31
Дата15.06.2022
өлшемі158,6 Kb.
#36865
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31
Байланысты:
Педагогика емтихан

Мектепішілік бақылау - бұл мектептің барлық жұмысын оның алдына қойылған тапсырмаларға сай үйлестіру мен оңтайландыру мақсатында білім беру ұйымындағы оқу тәрбие процесін жан-жақты оқу мен талдау жасайтын, сондай ақ қателіктердің алдын алу мен педагогикалық ұжымға кәсіби көмек көрсететін біртұтас процесс. Сонымен бірге МІБ - бұл мектептегі білім беру процесінің өзекті мәселелері мен қатар білім ұйымы қызметін анықтаудағы маңызды ақпараттардың қайнар көзі.
Бақылау түрлері:
1. Алдын - ала бақылау. Алдын - ала бақылаудың негізгі мақсаты – мұғалімнің алдағы тұрған іске даярлығын талдау және оған дайындық кезеңінде қажетті әдістемелік көмек беру. Ол мектеп басшысының мұғаліммен сұхбаттасуы және оның барлық құжаттарымен танысу барысында жүзеге асырылады. Бұнда бастысы “Ұстап алу емес”, “көмектесу”, “қателіктің алдын алу”
2. Ағымдағы бақылау. Ол оқу - тәрбие міндеттерін іске асыру сәтінде оқу жылының кез келген уақыт аралығында жүзеге асырылады. Ағымдағы бақылауға мектеп қызметінің барлық саласы ұшырайды: мектеп жұмысы жоспарының және басқа да басқару шешімдерінің орындалу нәтижесі жөнінде толық нақты ақпараттар алу мақсатында оқыту мен тәрбие сапасы, оқушылардың оқу, еңбек және қоғамдық қызметтері.
3. Тақырыптық бақылау. Тақырыптық бақылау мұғалімдер ұжымының оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің маңызды міндеттерін іске асыруын тексеру үшін де жоспарланады. Бақылаудың бұл түрі басшылардан жақсы дайындықты талап етеді: тексерілетін жұмыс көлемін анықтау, жеке сұрақтарды сұрыптап алу, барлық тексерушілер үшін жұмыс жоспарын дайындау, оларға нақты нұсқау беру. Дұрыс ұйымдастырылған тақырыптық бақылау оқу –тәрбие жұмысының маңызды сұрақтарын тереңірек зерттеуге /оқуға мүмкіндік береді.
4. Қорытынды бақылау. Мұғалімнің оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу бағытындағы жұмысының барлық нәтижелерін зерттеуді /оқуды және оқушылардың оқу бағдарламасының материалдарын мықты меңгергендігі жайлы шынайы объективті суреті мен олардың тәрбиелік деңгейін анықтауды мақсат етеді. Бұндай бақылау тоқсан, жартыжылдық соңында, оқу жылының аяғында , сондай ақ оқу бағдарламасының үлкен бір бөлігін оқып біткен соң жүргізу ұсынылады.
5. Жеке /дара/ бақылау. Ол мұғалім жұмысын ұзақ зерттеуге және оған жолай көмек көрсетуге есептелген. Жеке/дара бақылау мұғалімнің кәсіби қызметінің жүйесін зерттеу/оқу мақсатында қолданылады және педагог кадрлармен жұмыс істеуде ең жақсы құрал болып табылады.
6. Фронтальды –шолу бақылау. Фронтальды – шолу жасай бақылауды жаңа тағайындалған мектеп басшысы ұжым мүшелерімен алдын ала, әрі жылдам танысу үшін қолданғаны пайдалы. Фронтальды- шолу жасай бақылаудан кейін мұғалім жұмысының қыр - сырын терең зерттей/ анықтай отырып келешекте оған қажетті көмек беруге ықпал ететін бақылаудың басқа түрі жүруі керек.
7. Салыстырмалы бақылау. Параллель сыныптарда сабақ беретін және ортақ бір пән оқытатын немесе бірдей педагогикалық проблеманы дайындайтын мұғалімдердің білім беру сапасы мен олардың нәтижеліліктерін бір мезетте тексеруді мақсат етеді. Жеке мұғалімдердің алдыңғы қатарлы озық тәжірибелерін анықтауда бақылаудың осы түрін қолдануға болады.
8. Проблемалық –жалпылама бақылау. Бақылаудың бұл түрі жоспарларды, әдістемелік әзірлемелерді оқу-зерттеу, оқу-тәрбие процесіне аталмыш проблеманың жеке ережелерін енгізуді және оқушылардың білім сапасы, білігі мен дағдысынан, сондай ақ тәрбиелік деңгейінен көрінетін нәтижелерді тікелей бақылау арқылы іске асады. Қарастырылып жатқан проблема идеяларын тәжірибеге ендіруді зерттеу мектеп басшыларына оның оқу – тәрбие процесін жетілдіруге ықпалы жайлы ой түйіндеп қорытынды жасауларына мүмкіндік береді.
9. Жедел /Оперативті/ бақылау. Бұл бір сыныптағы оқу –тәрбие процесінің күйін немесе бір мұғалімнің қызметін бір күндік бақылау. Бұндай бір күндік бақылау нәтижесі бойынша мектеп басшылары әдетте тақырыптық бақылауды жоспарлайды.

  1. Мектептің педагогикалық ұжымы. Педагогикалық ұжымның ерекшеліктері.

Ұжымның пайда болу генезисі-қоғамдық өмірдің заңдылықтарымен тығыз байланысты қалыптасқанына көз жеткіземіз. Ұжымның қажеттілігі екі түсінікті аңғартады: бірі - кез келген ұжымдық бірлестіктер; оған жұмысшылар, еңбеккелер, әкімшілік, мектеп, оқу орындары және басқа мекемелердегі адамдар; екіншісі - белгілі бір жоғарғы жетістіктерге жетуді басты мақсат еткен арнайы топтар. Олардың басты мақсаттары – бірлік, ынтымақтастық және мүдделік ерекшеліктері болмақ. Мектеп ұжымының ерекшелігі – ұжым мүшелері, яғни оқушыларға педагогтар мен жұртшылықтың алдын-ала жоспарланған, алдына белгілі бір мақсат қойып, жас ұрпақтың жан-жақты дамып, жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал жасауға бағытталған тәлім-тәрбие жүйесі.
Педагогикалық ұжымның оқушылардың ата-аналармен жүргізілген жұмыстарының негізгі түрлері мен әдістеріне сипаттама бермес бұрын отбасымен байланыс орнатудың бірқатар психологиялық-педагогикалық ерекшеліктеріне тоқталған орынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет