Педагогика және психология факультеті


«Жас ерекшелік психологиясы» пәнінен терминдік сөздерге түсініктеме



бет54/60
Дата22.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#142649
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   60
«Жас ерекшелік психологиясы» пәнінен терминдік сөздерге түсініктеме

    • Даму психологиясы - адам психикасының жас ерекшелік динамикасы, даму үстіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезін зерттейтін психологияның бір саласы болып табылады.

    • Психология – ( грек тілінен енген «псюхе»-жан, «логос»-ілім деген мағына білдіреді ) психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы болып табылады.

    • Рефлекс – ( латын тілінен енген «бейнелеу» деген мағынаны білдіреді ) сырттан немесе іштен келетін тітіркендіргіштерге ағзаның қайтаратын жауап реакциясы.

    • Импульс – (латын тілінен енген «күш» деген мағынаны білдіреді).

    • Динамикалық стероетип – ( грек сөзінен енген «қозғалыс жағдайында» және «қатты таңба» деген мағынаны білдіреді) үнемі қайталанып отыратын тітіркендіргіштерге ағзаның төселуін, соның нәтижесінде ми қабығында қозу мен тежелу жүйесін айтамыз.

    • Инстинкт – ( латын сөзінен енген «санасыз ұмтылу» деген мағынаны білдіреді ) дамудың төменгі сатысында тұрған жануарларда кездесетін мінез-құлықтың қарапайым нәсілдік формасы.

    • Интеллект – ( латын сөзінен енген «ақыл» деген мағына білдіреді ) жануарлар психикасының ең икемді түрі.

    • Эволюция – ( латын тілінен енген «біртіндеп даму» деген мағынаны білдіреді ) бүкіл тіршіліктің тарихи тұрғыдан біртіндеп дамуы.

    • Детерминизм – ( латын сөзінен енген «белгілеу, анықтау» деген мағынаны білдіреді ) тек сана құбылыстарының пайда болу, даму жолдарын ғана емес, табиғаттағы заттардың барлығының шығу тегі заңдылықтарына бағынуы.

    • Фрустрация – ( латын сөзінен енген «босқа әлек болу» деген мағынаны білдіреді ) тұрақты жағымсыз эмоциялық күйге душар ететін шектен асқан қанағаттанбаушылық, сананың бұзылуын айтамыз.

    • Антиципация – ( латын тілінен енген «күні бұрын» деген мағынаны білдіреді ) адам текстің мағынасын түсінумен қатар алдағы сөздердің мағынасын да аңғара алуы.

    • Плато – « француз тілінен енген «үстірт жердегі тегістік» деген мағынаны білдіреді ) дағдыға қажетті білімнің уақытша орнығып бекуінің белгісі.

    • Автоматизм – ( грек тілінен алынған «өздігінен қозғалатын» деген мағынаны білдіреді ) дамудың ең жоғары шегіне көтерілген дағдыларды айтамыз.

    • Доминанта – ( латын тілінен енген «үстемдік» деген мағынаны білдіреді ) сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға көбірек әсер етеді де, мидың бір алабын қаттырақ , күштірек қоздыратын алапты айтамыз.

    • Адаптация – ( латын тілінен енген «икемделу» деген мағынаны білдіреді ) сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер етуші тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуге байланысты өзгеріп отыруын айтамыз.



    • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет