Сенсибилизация– ( латын тілінен енген «сезгіш» деген мағынаны білдіреді ) сезгіштіктің тек артуын ғана көрсететін құбылыс.
Синестезия – ( грек тілінен енген «қосарласқан түйсік» деген мағынаны білдіреді ) пайда болған бір модальды түйсіктің басқа модальды түйсікті қоздыруы.
Спектр– ( латын тілінен енген «көріну» деген мағынаны білдіреді )
Пигмент – ( латын тілінен енген «бояу» деген мағынаны білдіреді )
Диссонанс – ( француз тілінен енген «үйлесімсіз» деген мағынаны білдіреді ) құлаққа жағымсыз дыбыстарды диссонанс дыбыстар деп атаймыз.
Консонанс– ( француз тілінен енген «үйлесімді» деген мағынаны білдіреді ) құлаққа жағымды естілетін дабыстарды айтамыз.
Резонанс – ( латын тілінен енген «жаңғыық» деген мағынаны білдіреді )
Кинестезия– ( грек тілінен алынған «қозғалыс түйсігі» деген мағынаны білдіреді ) дененің жеке мүшелерінің бір күйдегі қалпын, қозғалысын білдіреді.
Статика –( грек тілінен енген «тіке тұратын» деген мағынаны білдіреді ) денеміздің кеңістікте орналасу қалпын бейнелендіретін түйсіктерді айтамыз.
Вестибулярлық аппарат – ( латын тілінен енген “кіре беріс” деген мағынаны білдіреді ) .
Вибрация – ( латын тілінен енген “діріл” деген мағынаны білдіреді ) қозғалған дененің ауаны толқытуын бүкілл өн бойымызбен сезінген кезде пайда болған түйсіктерді айтамыз.
Иллюзия– ( латын тілінен енген “алдану” деген мағынаны білдіреді ) түрлі себептерге байланысты шындықтағы объектілерді қате қабылддауды айтамыз.
Галлюцинация – ( латын тілінен енген “қиялдану, шатасу” деген мағынаны білдіреді ) .
Апперцепция– ( латын тілінен енген “қабылдауға қосымша” деген мағынаны білдіреді ) қабылдаудың адамның жалпы психикалық тұрмысы мен. өткен тәжірибесінің мазмұнына байланыстылығын айтамыз.
Конвергенция– ( латын тілінен енген “жақындату” дзеген мағынаны білдіреді ) қашықтық пен заттардың көлемін қабылдауда көздің конвергенциясы, яғни екі көздің көрілетін затқа бір көздей болып әрекет етуі болып табылады.