Педагогика және психология факультеті


Ұжымшылдық және топ өмірі



бет50/60
Дата22.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#142649
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   60
3. Ұжымшылдық және топ өмірі.
Балаң жастық - өзіне-өзі талдау жасайтын шақ қана емес, сонымен бірге нағыз “ұжымшылдық ” шақ . Кішкентай жеткіншекке ұжымшылдық өмірге қатысқаны, басқалармен бірге болғаны жетіп жатыр . Жоғары класс оқушысы үшін бәрінен маңыздысы құрбы-құрдастарының мұны қабылдауы, топқа өзін қажет сезінуі, онда белгілі бір бедел мен құрметке жетуі. Ұжымдағы статустың төмен болуы, әдетте, барынша алаңдатады; құрдастары онша бағаламайтын жасөспірімдердің жеке басын өзгертуге тырысуы басқалардан гөрі анағұрлым жиі кездеседі.
Социометриялық зерттеулер кластарда біртіндеп белгілі бір поляризация болатынын көрсетті : бір жағынан , неғұрлым танылғандар, ал, екінші жағынан, талдау бәрінен аз түсетіндер сараланады. Осының өзінде бұл статус, әсіресе ұнамаушылық барынша тұрақты болып, көбіне кластан класқа көшіп отырады. Мұның өзі жарыс жағдайын туғызып, көптеген психологиялық проблемалар жасайды. Жағдайы біршама жақсы балаларда да проблемалар туындайды. Кейбіреулері өздерінің беделін жоғары кластарда өздерін ығыр қылып, жеке қаситтеріне үйлеспейтін болып көрінетін рольдерге (мәселен, кластың сайқымазағы) негіздейді. Бірақ жолдастарының күткен үміті жанбаса рольді қалай өзгертуге болады? Басқа рольде өзіне сондай ұнаған әрі бойың үйреніп қалған танымалдылыққа жете аласың ба? Осыдан бұрын жасөспірімдік кезде топтағы өзінің жағдайына көбіне көңіл толмаушылық және өзін-өзі бағалаудың сәйкессіздігі келіп шығады.


15 – тақырып.
Балаң жас кезіндегі дүниетанымның қалыптасуы.


Қарастырылатын мәселелер:

1. Мүдделер мен рухани талап-тілектердің


қалыптасуы.

  1. Балаң жастағылардың қоғамдық белсенділік танытуы, дүниетанымының қалаптасуы.

  2. Жас өспірімнің мамандық таңдауы, оған әсер ететін факторлар.

_______________________________________________________________



  1. Мүдделер мен рухани талап-тілектердің қалыптасуы.

Радио, теледидар, кино, көпшілікке арналған ғылыми басылымдардың арқасында жоғары сынап оқушылары ғылым мен техниканың ең жаңа жетістіктерін біліп отырады. Жүргізілген психологтялық зерттеу оқу үлгерімі
жақсы жоғары сынып оқушылары ғылым, техника, мәдениет пен спорттың ең жаңа жетістіктері туралы хабардарлығы мұғалімдерден кем түспейтінін, ал кейде ұстаздарынан асып түсетінін көрсетеді. Жоғары сынып оқушыларының ғылымға, елдің саясм өміріне, халықаралық қатынастарға, спротқа, өнерге өте зор ынта қояды. Олардың сүйікті ісі – кітап оқу, кинофильдер мен телевизия хабарларын көру, спортпен шұғылдану, туризм және т.б. көптеген жайлар. Жігіттер мен қыздар ғылыми дүниетанымды қалыптастыру үшін айрықша маңызы бар әлеуметтік мәселелерге ( қоғамтануға, философияға ) ден қояды.
Алайда қазіргі бар жағдайды дәріптей беру қате әрі зиянды болар еді. Аға ұрпақты барынша алаңдататын бірқатар мәселелер бар. Кейде қазіргі жастардың мүдделерінің ауқымдылығы тым кең емес пе, мұның өзі үстіртікке, жаңғалақтыққа, өзі іздеп табудың орнына дайын білімдерді енжарлықпен меңгеруге дағдыландырмай ма деген қауіп айтылады. Алайда, бұл көбіне оқытудың сипаты мен әдістеріне байланысты. Жоғары сыныпта оқитын жас өспірім жігіттер әдетте оқудың неғұрлым белсенді және дербес формаларын жақсы көреді, сондықтан мектеп бұл қажеттерді қанағаттандыруға тиіс.
Ойлаудың “техницизмі” және гуманитарлық мәдениетті, әдебиетті, өнерді жете бағаламау елеулі қауіп туғызады. Мұндай тенденция шын мәнінде бар, сондықтан онымен күресу қажет. Жоғары сынып оқушылары өнердің әр қилы түрлеріне өте әркелкі ортақтасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет