Педагогика және психология факультеті


Эйдитизм – бейнелерді еске өте дәл әрі айқын түсіру. Мимика –



бет59/60
Дата22.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#142649
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60
Эйдитизмбейнелерді еске өте дәл әрі айқын түсіру.

  • Мимика – адамның бет-әлпетінің мәнерлі қимыл-қозғалыстары.

  • Пантомимика – адамның дене қимылдары арқылы ойын жеткізуі.

  • Телепатия – ағзаның психикалық жағдайын қашықтықтан сезінуге болады дейтін ілім.

  • Фоббия – шындыққа сәйкес келмейтін қорқынышты көріністермен аласұруды айтамыз.

  • Эйфория - шындыққа сәйкес келмейтін көңіл-күйдің шамадан тыс көтеріліп, шаттану.

    \

    Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау жүйесі.


    Білім беру ісіндегі басты приоритет студенттердің жеке шығармаршылық мүмкіндіктерін дамыту, оларды дара тұлға етіп әзірлеу. Оқу үрдісінде басымдылық рөл оқытушыға емес студентіне берілуі тиіс, студент белсенділік көрсетуі тиіс, оны оқытпай, ол өздігінен оқуы тиіс.


    Оқытудың негізгі мақсаты, өз бетінше дами алатын жас адамды қалыптастыру болғандықтан оқытудың негізгі формасы студенттермен жұмыс істеу, дифференциялау.
    Әрбір студент басқа студентпен салыстырылмайды, керісінше өзімен-өзі салыстырылады. Студенттер өз нәтижелерін бағалай білуіне үйренуі аса маңызды.
    Студенттердің білімін бағалау жүйесі силлабус оқыту бағдарламасына міндетті элемент болып кіреді.
    Әр деңгейдің ұпай саны студенттердің білімін бақылаудың үлгілері мен кіріспе ағымдағы және аралық бақылаулармен жиналады. Төменде студенттердің балл мен есептегенде білім градациясының кестесін беріп отырмыз.

    Бағалаудың әріптік жүйесі

    Баллдары

    Бағалаудың %-тік мазмұны

    Бағалаудың дәстүрлі жүйесі

    А

    4.0

    100

    Өте жақсы

    А-

    3.67

    90-94

    В+

    3.33

    85-89

    Жақсы

    В

    3.0

    80-84

    В-

    2.67

    75-79

    С+

    2.33

    70-74

    Қанағаттанарлық

    С

    2.0

    65-69

    С-

    1.67

    60-64

    D+

    1.33

    55-59

    D

    1.0

    50-54

    F

    0

    0-49

    Қанағаттанарлықсыз

    Пәннен F деген баға алған студент деканат белгіленген мерзімде оны қайта тапсыру керек.


    Бұл градация GPA-ді / студенттің жалпы академиялық білімін орташа бағалау/ айқындауы қажет

    Жас ерекшелік психологиясы” курсы бойынша оқу процесінің картасы







    Атаулар

    Қыркүйек

    Қазан

    Қараша

    Желтоқсан

    Ұпай саны




    Бақылау түрі

    1-3

    6-10

    13-17

    20-24

    27-1

    4-
    8

    11-15

    18-
    22

    25-29

    1-5

    8-12

    15-19

    22-26

    29-3

    6-10










    1

    2

    3

    4

    5

    6

    7

    8

    9

    10

    11

    12

    13

    14

    15




    І

    Кіріспе бақылау

    Кб












































    7

    ІІ

    Ағымда ғы бақылау













    КР1













    КР2













    КР3

    33

    1

    Тестілік бақылау













    Т1













    Т2













    Т3

    15

    2

    СӨЖ тапсырмалары







    С1







    С2







    С3







    С4




    С5




    10

    3

    Реферат тар













    Р1













    Р2













    Р3

    15

    ІІІ

    Аралық бақылау






















    РБ1
















    РБ2




    20




    Барлығы














































    100

    Ең жоғары ұпай көрсетілген
    КР – (1,2,3,) – кредит 1,2,3.....
    РБ – рейтинг – бақылау


    Мектеп психологы жұмысындағы оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты cалауатты өмір салтын қалып тастырудың негізгі бағыттары.



    1-4 класс

    5-8 класс

    9-11 класс

    -Эмоциялық-коммуникативті дағдыларды дамыту
    -Баланың өзіндік санасын дамыту және еркіндікті қалыптастыру
    -Өзінің денсаулығына және салауатты өмір салтына жауапкершілікті қатынасты қалыптастыру
    -Мектеп мазасыздығымен қорқынышына профиласктика және коррекция жасау
    -Әлеуметтік – педагогикалық қараусыз қалған балаларды ерте профилактикалау және коррекциялау, адаптациялау
    -Мотивациялық сферасын қалыптастыру

    -Мотивациялық-қажеттілік сферасын дамыту
    -Псиматикалық бұзылыстардың алдын алу және профилактикалау
    -Девианты және адекватты мінез-құлықты жеткіншектермен жұмыс
    -Жеке тұлға экологизация және социологизация негіздері
    -Конфликтілік жағдайлардағы конструктивті қарым-қатынасты үйрету.

    -Жеке тұлға социологиясын және денсаулық факторын өзіндік анықтау
    -Жеке тұлғаның кәсіби социологиясы
    -Жеке тұлғалық өсу
    -Ішкі жанұялық қатынас
    Конфликтті жағдайлардағы конструктивті қарым-қатынасты үйрету
    -Индивидуалдық пен жағдай жасауды анықтау
    -Жанұялық қарым-қатынастың этикасымен психологиясы
    -Психикалық және сексуалды денсаулық

    Оқушыларға арналған психологиялық тестер.



    Бастауыш кластар (1-4).

    Ортанғы кластар (5-8)

    Жоғарғы кластар (9-11).

    “Жануарлар мектебі” жобалау әдістемесі (бейімделуді диагностикалау) 1 класс

    Жанұялық қарым-қатынастың аймағы (З.Г.Эйдемиллер) 5 класс

    Жеке-типологиялық сауалнама (Л.Н.собчик) 9 класс

    Мектеп мотивациясын анықтау әдістемесі (Н.Г.Лусканова) 2 класс

    Теппинг-тест (Е.П.Ильина) 6 класс

    Ақыл-ой дамуын анықтайтын мектеп тесті (ШТУР) 9 класс

    Оқу мотивациясын анықтау анкетасы (НүГ.Лусканова) 3 класс

    Филипстің мектеп мазасыздығын анықтау тесті (7 класс).

    Л.П.Калининскийдің жеке тұлғалық сауалнамасы 10 класс

    “Жаңбыр астындағы адам” жобалау әдістемесі 4 класс

    Агрессия күйін диагностикалау (Басса-Дарки сауалнамасы) 8 класс

    Кәсіпті қалау тесті (голланда әдістемесі) 11 класс



    Жеткіншектерге психологиялық қызмет көрсету.


    Жеткіншек жас кезеңінің психологиялық ерекшеліктері.

    Балалық шақтан өткен, бірақ ересектікке әлі жетпеген 11-15 жас аралығындағы балаларды психологияда жеткіншек жас кезеңдегілер деп атайды. Бұл жас кезеңі “өтпелі кезең”, “қиын жас”, “проблемалы” т.б. көптеген белгілерге бай. Оның барлығы осы жас кезеңнің жүретін психофизиологиялық процестермен байланысты . Бұл жас аралығында бала ағзасы дамуының бір сатысынан екінші бір сатысына өтіп, ал әлеуметтік статусы бойынша олар әлі балалық шақта жүрген кезең. Психологияда мұндай құбылыс даму дағдарысы деп аталады.


    Жеткіншек жас кезеңіндк баланың бойында бұрын қалыптасқан қасиеттерге жаңа сапалар немесе жаңа құрылымдар қосылады. Бұл құрылымдар бұрынғы психологиялық және физиологиялық көріністерге жаңа сапа беріп, олардың бір-бірімен бітісуі әлі аяқталмаған кез болғандықтан, көптеген екі жақтылық орын алады. Сондықтан бала көптеген қиыншылықтарға ұшырайды: болашақта кім болатынын, өмірде орындайтын әлеуметтік ролін, қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтау қажеттілігі туғаннан бала уайым шегіп өз орнын іздейді.
    Үлкендер баланы барлық уақытта түсіне бермейді. Қарым-қатынас барысында жеткіншектерді өздеріне бағындыру, үстемдік көрсету, тіл алуды талап ету орнын аладыда, мұндай көзқкарас баланың қырысықтығын туғызып, нәтижесінде үлкендер мен баланың арасында текетірестік орны алуы мүмкін.
    Жеткіншектердің дене мүшелерінің дамуында да үлкен үйлеспеушілік орын алады. Мәселен, олардың аяқ-қолдары, бет-мойындары тез ұзарады да, кеудесінің өсуі, бұлшық еттерінің ұзаруы кешеулдейді. Дене мүшелерінің бір келкі дамымауы салдарынан жеткіндекте “өзін жарым-жан сезіну” деп аталатын комплек пайда болады. Ол денесін тік ұстауға қиналып, көбінесе бүкшейіп, немесе бір жағына қисайып жүреді.
    Жеткіншек жас кезеңдерге балалардың эндокриналық жүйесі де өзгеріске ұшырайды. Гипофиздік гармондар жыныс безінің жұмысын әсерлендіріп, күшейтіп, жеткіншекті өмірге дайындайды. Ми қабығының жасушалары жыныс гормондарының тітіркенуіне әсерленгіш. Сондықтан жеткіншектер көп мәселердің байыбына үңіліп жатпайды, сөзді аяғына дейін тыңдап болмастан, морт кететін қылықтары осының салдарынан туады.
    Жеткіншек жас кезеңдегі мінездің кейбір көрсеткіштерінің шамадан тыс дамып кетүін акцентуация деп атайды. Акцентуацияның байқалу ерекшеліктерін Леонгард жан-жақты зерттеп, оның типлогиясын жасаған. Сонымен қатар осы жас кезеңінде мазасыздану да бала өмірінде едәуір орын алады.
    Осы жас кезеңінің ерекшеліктерін ата-аналар, мектеп мұғалімдері, сынып жетекшісі, және басқада жетекшінің айналасындағылар жақсы түсінетін болса, барыша төзімдік көрсетіп, түсінушілік білдірсе, балалар жас қиындығын оңайрақ көтереді.
    Жеткіншек жастың ерекшеліктері:

    • барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкендердің қамқорлығы мен ақыл-кеңесінен құтылғысы келуі;

    • Үйге берілген тапсырмаларды жаттап алмастан өз сөзімен түсінікті етіп айтуға тырысуы;

    • Үлкендерге сын көзбен қарап, олардың айтқанын сынап-мінеп, кей кезде өрескіл мінез көрсетуі; жеткіншек істі игеру жағынан әлі бала болса, ал талап қою жағынан ересек, өз мүмкіндігін жоғары бағалап, бәрін өзі істей алатындай сезінуі.

    Жеткіншектердің қырсық мінез көрсетуіне, ересектер талабын оңай орындамауына негіз болатын бірнеше себептер бар. Олар:

    1. Балалардың оқудан басқа айналысатын шаруасының болмауы.

    2. Радио, теледидар, басқа да ақпарат көздерінен ересектерге арналған хабарларды көріп, соған еліктейтіндігі.

    3. Өзімен үлкен балалармен танысып, солардың жарамсыз әрекеттеріне еліктейтіндігі.

    4. күні-түні фантастикалық және криминалистикалық әдебиеттерді оқып, ондағы кейіпкерлерге еліктеуі

    5. Акцентуацияның көрініс беруі.

    6. агрессиясының анық байқалуы.

    Психологтың жеткіншек жас кезеңіндегілермен жүргізетін жұмыстарының міндеттері мен мазмұны осы ерекшеліктерден туады. Барлық іс-шаралар жеткіншектердің жасымен байланысты проблемаларын ескере отырып, оларды шешуге немесе шешу жолдарын табуға көмектесуге бағытталады. Сонымен қатар осы жас кезеңінде баланың интеллектуалдық дамуына үлкен көңіл бөлу қажет.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет