ПРАКТИКАНЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ ТӘРТІБІ
Практиканың нәтижелері сараланған сынақ (баға қоюмен бірге) түрінде бағаланады. Сонымен бірге ерекше есепке алынады:
• пікірде айтылған ой;
•күнделіктегі жазбалардың мазмұны және оны жүргізудің ұқыптылығы;
• есептің сапасы;
• қорытынды конференциядағы баяндама.
Есепті тапсыру мерзімін бұзғаны үшін, негізсіз келмей қалулар немесе белгілі бір тапсырмаларды орындаудан бас тарту үшін, күнделік жүргізудегі ұқыпсыздық үшін,сөзсіз, бағалар төмендетілетін болады.
9.ДИПЛОМ ҚОРҒАУ АЛДЫНДЫҒЫ ІС-ТӘЖІРБИЕ
1 Іс-тәжірбиенің мақсаты мен міндеттері
Диплом қорғау алдындағы іс-тәжірбиенің мақсаты диплом жұмысын толықтай аяқтау болып саналады.
Диплом қорғау алдындағы іс-тәжірибиенің міндеттері:
- мәлімет жинау, диплом жұмысының тақырыбы бойынша практикалық материалдарды жалпылау және өңдеу;
- диплом жұмысының тақырыбы бойынша статистикалық мәліметтер мен практикалық материалдарды талдау;
- қорытындыны қалыптастыру, диплом жұмысының тақырыбы бойынша заңдылықтар мен ұсыныстар енгізу;
- диплом жұмысын қойылған талаптар бойынша келтіру және орындау.
Достарыңызбен бөлісу: |