«Педагогика» пәні бойынша тест тапсырмалары 1 Нұсқа


«Педагогика» пәні бойынша тест тапсырмалары



бет16/17
Дата26.02.2022
өлшемі78,61 Kb.
#26459
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
«Педагогика» пәні бойынша тест тапсырмалары

16 Нұсқа
1. Педагогика қоғамдық өмірде:

А) қоғамның даму жолдарын анықтайды.



В) тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды.

С) қоғамның даму заңдылықтарын.

Д) адамның жаңа даму заңдылықтарын.

Е) қарым-қатынастыстың тиімді жолдарын анықтайды.

2. Оқушылармен қарым-қатынаста жетекші орынды алады:

А) педагогикалық техника.

В) педагогикалық сана.

С) әдеп, әдептілік.

Д) кәсіптік білім. біліктілік.

Е) оқушыларды құрметтеу.

3. «Ата-аналар үшін кітап», «Балаларды тәрбиелеу жайлы дәрістер» педагогикалық шығармалары кімнің еңбегі:



А) А.С.Макаренко.

В) В.А.Сухомлинский.

С) А.Байтұрсынов.

Д) И.А.Каиров.

Е) Ы.Алтынсарин.

4. Әдістемелік жұмыстың негізгі мазмұны:



А) мемлекеттік стандарт талаптарына сай оқыту сапасын көтеру.

В) жас мұғалімдермен жұмыс.

С) техникалық құралдармен жұмыс.

Д) зертханалық жұмыс.

Е) оқушылардың білім, білік, іскерлік, дағыдалрын дамыту.

5. Мектептанудың мақсаты:

А) тәрбие заңдылықтарын ашу.

В) білім ісін басқару әдістерін анықтау.

С) оқыту заңдылықтарын ашу.

Д) білім сапасын көтеру.

Е) мектепті ізгілендіру.

6. Менеджмент теориясын алғашқы ұсынған:

А) Ф.Тейлор.

В) А.В.Попов.

С) Э.Плоумен.

Д) Э.Петерсон.

Е) В.В.Леонтьев.

7. Сынып-сабақ жүйесіндегі негізгі оқу жұмыс:



А) сабақ.

В) экскурсия.

С) ақыл-кеңес.

Д) қосымша сабақ.

Е) жеке сабақ.

8. Көрнекілік әдіс:

А) әңгімелесу.

В) жаттығу,

С) демонстрациялау.

Д) түсіндіру.

Е) хабарлау.

9. Құқықтық тәрбие негізі басталады:

А) мектептен.

В) жұмыс орнынан.

С) отбасынан.

Д) балабақшадан.

Е) мектептен.

10. Мұғалімдерді аттестациялау принципі:

А) ғылымилық.

В) еріктік.



С) көрнекілік.

Д) әдістемелік

Е) мазмұндық.

11. Педагогика ғылымының зерттеу объектісі:

A) Жеке тұлғаның даму процесі.

B) Мемлекеттің білім беру жүйесі.

C) Оқушылар ұжымы.

D) Қоршаған педагогикалық шындық.

E) Арнайы ұйымдастырылған педагогикалық процесс.

12. Психикалық дамуында ауытқушылық бар балаларды оқытумен және тәрбиелеумен айналысатын педагогика саласы:

A) Валеология.

B) Салыстырмалы педагогика.

C) Олигофрено педагогика.

D) Әлеуметтік педагогика.

E) Этнопедагогика.

13. Педагогика ғылымының негізгі категориялары:

А) Педагог, тәрбиеленуші, мектеп.

В) Тәрбие, оқыту, білім беру, педагогикалық процесс.

С) Дамыту, қалыптастыру.

D) Оқыту процесі, тәрбиелеу процесі.

E) Оқу, сабақ беру.

14. Педагогика ғылымының функциялары:

A) Ғылыми-теориялық, технологиялық.

B) Оқыту, тәрбиелеу заңдылықтарын ашу.

C) Зерттеу нәтижелерін практикаға енгізу.

D) Педагогикалық озық тәжірибені қорыту, игеру және тарату.

E) Оқыту, тәрбиелеу принциптерін құру.

15. Адамзат дәуірінің әр даму кезеңдеріндегі тәрбие және білім беру теориясы мен практикасын зерттейтін педагогика ғылымымының саласы:

A) Салыстырмалы педагогика.

B) Әлеуметтік педагогика.



C) Педагогика тарихы.

D) Коррекциялық педагогика.

E) Жалпы педагогика.

16. Педагогикалық процестің қозғаушы күштері:



A) Педагогикалық процесте туындайтын қарама-қайшылықтар.

B) Жаңашыл-педагогтар.

C) Жаңа педагогикалық технологияларды қолдану.

D) Педагогикалық зерттеулер.

E) Озық педагогикалық тәжірибені практикаға енгізу.

17. Әлемге деген философиялық, әлеуметтік-саяси, адамгершілік және саяси білімдер, көзқарастар, сенімдер жүйесі:

A) Білім беру мазмұны.

B) Ғылыми дүниетаным.

C) Ғылымдар жүйесі.

D) Әлеуметтік тәжірибе.

E) Оқыту нәтижесі.

18. Ғылыми білімдер жүйесі, көзқарастар, сенімдер және адам идеалы – бұл:

A) Дүниетаным компоненттері.

B) Дүниетаным қалыптастыру құралдары.

C) Тәрбие мазмұны.

D) Дүниетаным формалары.

E) Оқыту мақсаты.

19. Педагогика ғылымында тәрбиенің әртүрлі анықтамаларының болуы:

A) Педагогика ғылымындағы тәрбие проблемасының шешілгендігінің айғағы.

B) Әртүрлі анықтамаларының болуы педагогиканың дамыған ғылым екенін көрсетеді.

C) Ғылыми түсінікті күнделікті өмірлік түсініктен айыру үшін.

D) Тәрбиенің көп аспектілігінен туындайды.

E) Оқыту мен тәрбиенің бірлігін көрсетеді.

20. Тәрбие мақсатын анықтайтын негізгі фактор:

A) Мемлекет идеологиясы, саясаты.

B) Ата-аналар.

C) Педагогтер.

D) Педагогикалық процестің мүмкіндіктері.

E) Оқушылардың қажеттіліктері.

21. Жүйелілік және бірізділік принципі:

A) Оқыту процесін және оның мазмұнын бір тәртіппен құрастыруды талап етеді.

B) Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру.

C) Оқыту процесінде оқушыларды білімді практикада қолдануға ынталандыру.

D) Көрнекіліктерді қолдануды талап ету.

E) Оқушының мүмкіндіктерін ескеру.

22. Оқыту барысында өмірден мысал келтіру, оқушыларды өндіріспен таныстыруды қандай оқыту принципі талап етеді:

A) Көрнекілік.



B) Шамаға лйықтық.

C) Беріктік .

D) Ғылымилық.

E) Оқыту мен практиканың байланысы.

23. Білімнің есте жақсы сақталуын, олардың оқушы санасының бір бөлігі, жүріс-тұрысының негізі болуын талап ететін принцип:

A) Беріктік.



B) Жүйелілік және бірізділік.

C) Ғылымилық.

D) Саналылық және белсенділік.

E) Оқыту мен практиканың байланысы.

24. Ауызша, көрнекілік және практикалық әдістері қандай белгіге байланысты жіктелген:

А) Білім көзіне.

B) Танымдық іс-әрекет.

C) Оқушы іс-әрекетіне байланысты.

D) Дидактикалық мақсатқа байланысты.

E) Ынтымақтастық формасы.

25. Қабылдау, пайымдау, қорыту, бекіту, практикада қолдану:

A) Педагогикалық процесс кезеңдері.

B) Оқыту процесінің компоненттері.

C) Іс-әрекет компоненттері.



D) Білімді игеру процесінің кезеңдері.

E) Сабақ элементтері.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет