Оқу конференциясы семинарға ұқсастығымен ерекшеленеді және оқушылардың білімін бекіту мен жетілдіруге, шығармашылық әрекет тәжірибесін қалыптастыруға бағытталған. Конференция әдетте бірнеше оқу топтарымен жүргізіледі және алдын ала тақырыптар мен талқылауға тиісті сурақтар анықталады. Оқушылармен бірге талқылауға тиісті сурақтарды анықтау олардың қызығушылығын арттырады. Баяндама және рефераттар тақырыбы беріліп баяндамашылар анықталады. Семинар сабақтарына қарағанда конференцияға ұсынылатын баяндама мазмұндарына және баяндамашыларға талап жоғары болады. Әдебиеттер тізімі ұлғаяды, конференция құрылымы семинар сабақтың құрылымына ұқсас келеді.
Факультатив сабақтары (лат. «мүмкін болар») 7-12 сыныптарда енгізуге болады және оқушылардың таңдауы мен тілектері бойынша пәнді терең зерделеуді меңзейді. Факультативтер ғылыми-теориялық білімдері мен оқушылардың практикалық біліктіліктерін арттыруға, оқу-танымдық қызығушылықтарын дамытуға, кәсіби бағдар беру міндеттерін шешуге бағытталған. Факультатив теориялық білімді зерделеуге немесе практикалық біліктілік пен дағдыны меңгеруге арналуы мүмкін, мазмұны теориялық және практикалық сурақтарды қамтитын аралас болуы мүмкін. Сабақ, семинар, пікірталас, экскурсия және т.б түрлерінде өткізуге болады.
Оқытудың аталған түрінің ерекшелігі оның таңдау еркіндігінде, факультатив сабақтарына оқушылар өз еркімен қатысады және онда әртүрлі жастағы оқушылар қатыса алады және кесте бойынша сабақтан тыс уақытта өтеді. Негізгі білім беру міндеттеріне байланысты келесідей факультативтер бар:
оқу пәндерін тереңдетіп оқуға арналған (оқу бағдаламасында жоқ тақырыптарды да);
оқу жоспарында жоқ қосымша пәндірді оқу;
нақты мамандық бойынша қосымша пәнді оқып практикалық дағдыны қалыптастыру.
Дәстүрлі оқыту қайталанатын жағдайларда әрекет ережелерін меңгеруге бағытталған. Инновациялық оқыту жаңа, болашақта белгісіз жағдайларда және жаңа белгісіз болып көрінгенімен заманауи кезеңдегі, жылдам өзгерістердегі әрекеттерді меңгеруге бағдарланған.
Біздің ойымызша ақпараттық деп аталатын қазіргі кезеңдегі қоғамның даму деңгейін инновациялық деп қарастыруға болады. Оның ақпаратқа негізделген, ал ақпараттың үш қасиеті бар, олар: жаңалық, қарқыны және әртүрлілігі.
Сонымен, аталған үш қасиет қоғамды және қоғамдық институт ретінде білім беру саласын сипаттайды. О. Тоффлер бойынша ақпарат көздерінің ұлғаюы қоғамда ақпараттың жылдам таралып, үнемі жаңалық пайда болады. Егер де адам, компания, мектеп, жоо, мемлекет және сондай қоғамда табысты болғысы келсе және ол инновацияларды енгізеді және жүргізеді, өйткені бұл уақыт талабы және заңдылық.
Инновациялық оқыту – «қалыпты» оқытуға қатысты білім алудың балама түрі. Мектепте оқушы келесі икем, дағдыларды меңгеруі тиіс: бастамашылық, ынтымақтастық, ұжымды жұмыс істеу, өзара оқыту, бағалау, қарым-қатынас, логикалық ойлау, мәселені шешу, шешім қабылдау, ақпарат алу және оны пайдалану, жоспарлау, оқи білу, көпмәдениетті дағдылар.
Инновациялық оқыту ерекшеліктері;
алдын божамдам әрекет ету;
болашаққа ашықтық;
үнемі тынымсыздық;
тұлғаға, оның дамуына бағытталу;
шығармашылық элементтерінің болуы;
серіктестік қатынастар: ынтымақтастық, шығармашылық, өзара көмек және т.б.
Шығармашылық – сапалы, жаңашылдық, өзгешелік, қоғамдық тарихи ерекшелік туындататын әрекет. Шығармашыл тұлғаның қиялы мен түйсігі шексіз.
Білім беру түсінігін алынған нәтиже немесе тиімді тәжірибе ретінде қарастыруға болады. Зерттеу әдебиетін сараптау бойынша нәтижелер санатына сәйкес оқытудың замануи бес тұжырымдамасында қарастыруға болатынын пайымдауға болады:
Білім беру білім санын ұлғайту. Осы үрдістің нәтижесінде білімнің саны артады. (негізгі міндет - «көп білу»)
Оқу жадында сақтау ретінде. Үрдістің нәтижесі – қажет жағдайда еске түсетін жадында сақталған ақпарат көлемінің көбеюі.
Оқу ақпарат алу ретінде. Үрдістің нәтижесі - қажет жағдайда жадында сақталып қолдануға болатын фактілер, дағдылар мен әдістердің мағызды көлемі.
Оқу мағынасын түсіну мен маңыздылығын анықтау. Үрдістің нәтижесі оқушының заттың құрамдас бөлшегі мен шынайы әлеммен байланыс орнату.
Оқу шынайы өмірді өзгеше түсіну және түсіндіру. Үрдістің нәтижесі – өз білімімен әлемді тануға дайын болуы.
1-3 тұжырымдары білім алуды оқушыға қарасты сыртқы фактор деп қарастырады, өйткені бұл үрдісді 1 санатының нәтижелерімен мұғалім жүргізеді. Оқу үрдісінің алғашқы үш тұжырымы білім немесе ақпарат алу үшін «дүкенге баруды» еске түсіреді. 4 және 5 тұжырымдардың нәтижесін тізімдегі алғашқы үшеуінің нәтижесінен айырмашылығын айта кету керек. 4 және 5 тұжырымдар аса күрделі, жаңа түсіндірмелер ұсынып білім алу үрдісін ақпаратты қабылдау мен жадында сақтау шекарасынан шығарады. Осы тұжырымдар «ішкі» 4 және 5 тұжырымдардың, оқытудың тұлғалық аспектісіне бағытталған, соған сәйкес білім беру үрдісі оқушыға шынайы әлемді тану құбылысы ретінде қарастырылады.
Сондай әрекеттер білім алудың – өте күрделі және жеке дара оқыту үрдісі екенін дәлелдейді. Демек, білмеген адам басқаның қалай білім алып жүргенінен бейхабар. Оқу үрдісі тәртібін бақылау, ойлау қабілеттерінің, есте сақтау және қабылдау үрдістері арқылы зерделенген. Заманауи зерттеулер тұлғаны толық қарастырып, білім алушылардың оқушылар ретінде сезімдерін қарастырып олардың білім беру үрдісінде өзара қарым қатынастарын зерделейді.
Оқудағы когнитивті тәсіл – миды тиімді қолдану арқылы оқытуға бағытталған үлгісі. Когнитивті оқыту үрдісін түсіну үшін «таным» терминінің мағынасын қарастыру қажет. «Таным» – білімді ақылмен алу үрдісі және оны сезім, тәжірибе және ой арқылы түйсіну.
Швейцария психологы Жан Пиаженың құрылымдық тұжырымы бойынша, адам қоршаған ортамен қарым-қатынас орнатудағы өз әрекеттері арқылы когнитивті қабілеттерін өздігінен құрастыра алады. Монтессори әдісі – дайындалған дидактикалық ортаны қолдана отырып бала өздігімен дамиды деп пайымдаған педагогикалық жүйе. Монтессори педагогикасы еркін тәрбиелеу ойында құрылған, демек баланың дамуы табиғи, психологиялық, әлеуметтік және физикалық тұрғыда еркін болуы маңызды.
Л.С.Выготскийдың пайымдауынша, баланың зейінінің даму тарихын оның тәртібін ұйымдастыруының даму тарихымен салыстыруға болады, ал бұл құбылыстың генетикалық түсінігінің мәніне жету үшін баланы қоршаған ортаға қарау маңызды. Сондықтан ерікті назар аудару баланың зейінін бағыттап, басқаратын ынта, тәсілдер арқылы туындайды. Ынталандыруға жарық, ерекше сипаттағы қоршаған ортадағы заттарды жатқызуға болады. Нәтижесінде бала өз зейінін өзі басқаруды үйренеді.
Осылай Л.С.Выгоский өзінің зейінді дамыту теориясын негіздеп, оны мәдени даму деп атаған. Ғалымның пікірі бойынша бала (ересек адамның көмегімен) жасанды ынта (белгілер) тізбегін меңгеруі мүмкін және сол арқылы келешекте өз тәртібі мен зейінін басқара алады.
Дж. Брунердің когнитивті, мәдени–тарихи психологияға негізделген педагогикалық идеялары заманауи білім берудің көптеген өзекті мәселелерін ұтымды шешуге ықпал етеді. Дж. Брунер педагогикасы белсенді, жан дүниесі еркін, жауапкершілігі бар, қоғамда сәтті өмір сүретін, тиімді ынтымақтастық орната алатын, басқа адамдармен қарым–қатынас орнататын, қабылданған мәдени дәстүрлерді ұстанып, жинақталған әлеуметтік тәжірибені меңгеріп, оны шығармашылықпен өңдеп байыта алатын адамды тәрбиелеу және оқытуды үйлесімді біріктіруге мүмкіндік береді.
Метатанымның үш құрылымды бөлшегі ұсынылады: