Педагогика пәні бойынша



бет1/6
Дата16.11.2022
өлшемі42,34 Kb.
#50663
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Педагогика Тема №2-11-12. Саудабаева, Жангазиева


Педагогика пәні бойынша
Дәріс №11-12.
Силлабус бойынша Тақырып: ПЕДАГОГТІҢ ОҚЫТУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ МЕН НЫСАНДАРЫ. БІЛІМ БЕРУ МЕН ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТҰҒЫРЛАРЫ
Типтік бағдарлама бойынша тақырып:
2.8. ПЕДАГОГТІҢ ОҚЫТУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ МЕН НЫСАНДАРЫ
2.9. БІЛІМ БЕРУ МЕН ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТҰҒЫРЛАРЫ


Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Құралдар, формалар, оқыту әдістері оқу үрдісін жүзеге асырудың технологиялық құрамдас бөлігі ретінде.

  2. Оқыту үрдісіндегі оқытудың негізгі құралдары және классификациясы.

  3. Цифрлық білім ресурстары.

  4. Оқытуды ұйымдастыру формалары (сыныптық-сабақтық, белл-ланкастерлік, мангеймлік, батавтік білім беру жүйелері, Дальтон-жоспары, Трамп жоспары).

  5. Заманауи мектепте оқытуды ұйымдастыру формалары.

  6. Тиімді оқыту және танымдық даму. Оқуға танымдық көзқарас (Ж.Пиаже, М.Монтессори, Л.В.Выготский).

  7. Білім беру мен оқытудың жаңа тұғырлары. Метатаным: метакогнитивті білім, реттеу, тәжірибе (Флейвел).

  8. Есте сақтау түрлері. Диалог арқылы оқыту.

  9. Мердер бойынша әңгіме түрлері.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Школьная педагогика: Учебник/ Под ред. Г.Т.Хайруллина. – Алматы: изд. «МИР», 2012. – 640 стр.

  2. Коджаспирова Г.М. Педагогика. – М., 2009.

  3. Таубаева Ш, Иманбаева С.Т., Берікханова А.Е. Педагогика. Оқулық. - Алматы: «ОНОН». 2017. – 340 б.

  4. Педагогика.- Алматы:KazBookTrade, 2017- 260 с. (Хан Н.Н., Жампеисова К.К. Колумбаева Ш.Ж.).

  5. Булатова О.С. Искусство современного урока: уч. пособие. – М.: Академия, 2008. – 256 с.



Дәріс мазмұны
Бүгінде ЖОО ғасырлар бойы жинақталған білім даналығының келбеті болып табылады және өскелең ұрпақ студенттердің тынысы мен қуаты, заманауи ғылыми мектептер мен болашақ кәсіби мамандыққа ұмтылған жастар, зерттеу мен оқудың ынтымақтастығы, рух еркіндігі және жастар мен алдыңғы буынның диалогы, бұл үнемі сурақтарға жауап іздеу, динамикалық даму мен жаңалық ашудың қуанышты сәттері, жастықтың жалыны, даналық ой мен өмір тәжірибесінің қайнаған ортасы.
Сабақты қалай өміршең, қызық және пайдалы қылып өткізген абзал? «Рух даналығын» қалай сақтап оны жас буынға жеткізбек керек? Күнделікті студент университеттен шыққанда бүгін мен қандай жаңа және пайдалы ақпарат алдым деу үшін не істеу керек? Студент пен оқытушы өзара іс-әрекет пен қарым-қанытастан қанағаттануын қалай жүзеге асыру керек? Болашақ маман ретінде студент заманауи өзгерістерге сәйкес болып, жаңа кәсіби міндеттерді шешу үшін не істеу керек?
Осы сурақтардың жауабын алудың қарапайым тұғыры – оқытудағы инновацияларды белсенді қолдану, немесе оқуытудың инновациялық әдістері ұстаздың жаңа «қаруына» айналу керек.
Бір жағынан инновациялар педагогтың жұмыс әдісін оқытушы мен студенттің өзара іс-әрекет пен қарым-қанытасын өзгертеді, екіншіден – инновациялар педагогтың ойлауын түрлендіріп, оқытушы мен студенттердің практикалық жұмысының философиясы болып табылады.
Оқытудың жаңа әдістері – педагогтың меңгеруге тиісті, қолдану философиясы бар, үнемі күтуді қажет ететін, өзгеріске ұшырайтын «көп қызметті қаруы» деуге болады.
Оқытудағы инновация деп біз нені түсінеміз? Оқытудың инновациялық әдістері деген не?
Инновациялар (лат.ауд. in – ішінде, nove – жаңа) – жаңалық енгізу, жаңа бастама, жаңалық жаршысы. Инновация – жаңалықты меңгеру және енгізу. Жаңалық – жаңаның мәні, тәсілі, әдістемесі, технологиясы және мазмұнын жеткізу құбылысы. Инновациялық үрдіс – білім мазмұнын қалыптастыру және дамытуға қажетті жаңалықты енгізудің ұйымдағы кешенді әрекеті.
Жаңалық енгізу, жаңалық ретінде, және практикаға жаңалық енгізу үрдісі ретінде мақсатты, новатор атайтын адамдардың әрекеттерін ұйымдастыру үрдісі.
Оқытудың инновациялық әдістері – «оқытушы – студент» қатынастарының жаңа тәсілдерін тасымалдаушы жаңа әдістер, практикалық жұмыс пен оқу материалдарын меңгеру үрдісіндегі жаңалықтар.
Оқыту әдістері ойдағы мақсат, міндеттер, оқытудың мазмұны мен қағидаларын жүзеге асыру тетіктері болып табылады.
Сондай–ақ, оқыту әдістері оқыту үрдісінің қозғаушы күші болып табылады және қоғам талаптары мен білім беру үрдісінің даму тенденцияларына сәйкес болу керек. Оқытудың жаңа әдістері мен әдістемелерін енгізу арқылы жалпы оқыту мен білім беру үрдісінің реформасы жүреді және оны әр оқытушы нақты сабақта қолдана алады.
Студенттердің оқу сапасын арттыру оқыту түрлі әдістерін, тақырыпқа сәйкес тиімді қолданып, оқу үрдісіндегі субъект–субъектілі қатынастарды белсендіру байланысты.
Оқу әдістерін таңдау әртүрлі пәндерге қолданылатын оқу материалының мазмұны мен оқу мақсаттарына негізделеді.
Оқу үрдісінде инновациялық оқу әдістерін қолдану қажеттілігі келесіге сәйкес:
1) Қазіргі таңда – инновациялар, жаңалықтар, жаңашылдық уақыты. Күнделікті біз жаңа тауар мен өнім, жаңа білім, тың идеялар көреміз. Демек оқу үрдісі мен оқыту әдістері соған сәйкес болу керек.
2) Оытудың инновациялық әдістеріне бейімдеу, оларды тұрақты қолдану студенттердің ойлауын жаңалыққа ашық болуларын, алысқа меңзеп оқытуға мүмкіндік береді, өйткені осы қабілеттер инновациялық оқытудың ерекшеліктері болып табылады.
3) Оқытудың инновациялық әдістері – бұл белсенді оқыту әдістері және Х.Е. Майхнерды, педагогикалық эксперименталды деректерінде олардың оқу үрдісіндегі тиімділігін дәлелдейді. Тәлімгерлер ақпаратты келесідей есте сақтайды:
10% оқығанын;
20% естігенін;
30% көргенін;
50% естіп, көргенін;
ақпаратты белсенді қабылдағанда 80% есте қалады, 90% өздері жасаған есте қалады.
Оқыту құралдарын түрлі негізде топтастыруға болады. Мысалы, нысандар құрылымы бойынша материалды және идеалды оқыту құралдары бар. Материалды құралдарға оқулықтар, көрнекі құралдардың барлық түрлері, оқу–техникалық құралдар, жабдықтар және жиһаз тсс жатады. Идеалды оқу құралдарына жаңа оқу ақпаратын меңгергенде оқытушы мен оқушылардың алдыңғы алған білімдері және дағдыларын қолдану, оқушылар ұжымындағы ахуал әсер етеді. Осы топқа мұғалімнің сөйлеу мәнерін де жатқызуға болады, өйткені осы екі түрлі құрал өзара байланысты. Оқытудың идеалды құралдары тәлімгерлерді сөйлеу мәдениеті әлеміне және логикалық ойлауға жетелейді. Материалдық құралдар оқушылардың қызығушылығын оқу мазмұнына, практикалық әрекеттерді жүзеге асыруға және жаңа білімді меңгеруге бағыттайды. Сондықтан, оқытудың материалдық және идеалды құралдары бірін бірі өзара толықтырып, оқу үрдісінің тиімділігіне ықпал етеді.
Оқу құралдарын оқу үрдісінде аталған құралдың алатын орны бойынша топтастыруға болады. Сонда жаңа материалды меңгеру құралы, есте сақтау құралы, қайталау және бекіту құралдары, оқушылардың білімін бақылау құралы, оқу үрдісін басқару құралдары, оқытудың ақпараттық құралдары туралы айтылады.
Оқу құралдары нақты қызмет орындайды және сол қызмет түрлері бойынша қарым–қатынас құралдары және оқу жұмысы құралдары болып бөлінеді. Қарым –қатынас мұғалімнің оқу ақпаратын жеткізіп, оқушылардың оны қабылдап, түсініп, есте сақтаумен жүзеге асады. Ақпаратты ұсыну ауызша немесе жазбаша сөйлеу тілі арқылы, басқа да оқу құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асады.
Басқа да топтастыру түрлері кездесуі мүмкін және оқу құралдарын топтастыру шартты болып табылады.
Барлық дамыған елдерде оқытуды ұйымдастырудың негізі формасы сыныптар бойынша сабақ болып табылады (сыныптық сабақ формасы), сол жерде оқушылардың оқу–танымдық әрекетін тиімді ұйымдастыруға жағдай жасалған. Сабақ – оқу үрдісінің элементі (кезеңі, буыны), өйткені мағыналық, уақыттық және ұйымдастыру жағынан аяқталуы болады. Оқу үрдісін ұйымдастырудың сыныптық–сабақ формасы мұғалімнің белгіленген мерзімде сыныптың, тұрақты құрамдағы жас ерекшелігі мен дайындық деңгейң бірдей оқушылар тобымен оқу–танымдық әрекетін ұйымдастыру. Бұл форма оқушылардың оқу–танымдық әрекетін барлығына ортақ бағдарламамен кесте бойынша ұйымдастыру. Сабақ формасын айтқанда әдетте сыныптық–сабақ формасын меңзейді, және оның келесі белгілері бар:
Оқушылардың жас айырмашылығы және дайындық деңгейі бірдей;
Әр сабақ нақты пән аясында бір тақырыпта өтеді;
Сабақтар оқу пәндері бойынша алмасып отырады;
Оқу үрдісінде мұғалімнің басшылық орны жүзеге асады;
Оқушының танымдық белсенділік түрлері қолданады.
Сабақ (сыныптық–сабақ формасы) мұғалім мен оқушының топтық–жеке қатынаспен шектеледі. Бұл қарым қатынас оқушылардың білім, білік, дағдыларды меңгеруді қамтамасыз ету керек, олардың әрекет және қатынас орнату тәжірибесін дамыту қажет. Сабақ оқытуды ұйымдастыру формасы ретінде және оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру формасы болып табылады. Сабақтың қызметі оқу мақсатының бөлшегіне қол жеткізу.
Ауызша (вербалды) оқыту құралы оқытушы мен білім алушыының сөйлеу тілінде жүзеге асады және сөйлеу тілі арқылы қарым–қатынас орнату, оқу ақпаратын жеткізу және қабылдау, түсіну және есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту тсс қызметін атқарады. Сөйлеу арқылы қатынас орнату үрдісінде оқушылар тәртіп нормасын, адамгершілік–эстетикалық құндылықтармен алмасады.
Мұғалімнің сөйлеуі ұйымдасқан оқытудың маңызды құралы болып табылады және оқушыларға әсер ету күші және ұзақтығы бойынша оқытудың барлық құралдарынан басымдырақ болып табылады. Оқытудық ауызша сөйлеу құралы оқытудың барлық деңгейінде қолданылады және оның басқа оқыту құралдарынан ерекшелігі осыда. Басқа оқу құралдары сөйлеу тіліне қосымша болып табылады. Кез келген ауызша сөз оны қалай айтсаң да оқу үрдісінің аса тиімділігін қамтамасыз етеді деп айтуға болмайды. Оқытудың ауызша сөйлеу құралын тиімді қызмет атқару үшін кейбір талаптарға сай болуы керек. Мұғалімнің ауызша сөйлеуі дұрыс, мінсіз, нанымды, нақты болуы тиіс. Сөйлеу тілінің қарапайымдылығы мен шынайылығы, тазалығы мен өміршеңдігі – оның әрекеттігінің маңызды шарты.
Оқу сабақтары – оқытушы мен тәлімгерлердің өзара әрекеттер жүйесі, сондай–ақ, студенттердің дара және өздігімен білім алуы білім беру үрдісінің негізі болып табылады. Осы анықтама оқыту формасы және оқытуды ұйымдастыру формасының аражігін ажыратуға көмектеседі. Оқыту формасы оқу үрдісіне қатысушылардың санына сәйкес анықталған, ал оқыту үрдісін ұйымдастыру формасы оқу үрдісінін жеке буындық құрылымын демек сабақ түрін сипаттайды. Жалпы білім беретін мектептер практикасында оқытудың келесі формалары бар: сабақ, дәріс, семинар, зертханалық–практикалық сабақ, практикум, факультатив, саяхат, өндірістік практика, үй жұмысы, кеңес, емтихан, сынақ және т.б
Белл-Ланкастер өз ара оқыту жүйесі – бастауыш мектепте оқыту әдістерін ұйымдастыру жүйесі. Жоғары сыныптың үлгерімі жақсы оқушылары мұғалімнің жетекшілімен, оларға көмекші болып оқушылармен сабақ жүргізеді. Өз аталуын бір біріне тәуелсіз оқытудың ұқсас әдісін ұсынған ағылшын педагогтары А.Белл және Дж. Ланкастер аттарымен аталған.
Мангейм жүйесі XIX ғасырдың аяғында өзінің авторы Й. Зиккингердің арқасында Германияның аталмыш қаласында пайда болып, алғашқы рет тәжірибеден өткізілген. Мангейм оқыту жүйесі – сыныптық–сабақтың жүйенің баламасы ретінде ұсынылып, оқушыларға жаңа ақпаратты ұсыну олардың қабілетіне байланысты деп есептейді. Жүйе бойынша оқушыларды жас ерекшелігі мен оқу деңгейіне ғана емес, сондай–ақ, олардың қабілетіне қарай бөлу ұсынылған. Осылай 4 сынып пайда болды:
1 орта қабілеті бар оқушылар.
2 күрделі бағдарламамен жұмыс жасауға дайын дарынды оқушылар. Оларды шет тілдер сыныбы деп атаған және олардың мектеп бітірген соң да оқуға мүмкіндіктері болған.
3 қабілеттері төмен оқушылар.
4 ақыл ойы кешеуілдеген балаларға арналған сыныптар.
Сыныптық–сабақтық жүйеден басқа айырмашылығы болмаған: сыныптың тұрақты құрамы, 45 минуттық сабақ, мұғалімінің басымды ролі. Бүгінде Мангейм жүйесі көп тарамаған және жеткіліксіздігінен танымалдығын жоғалтқан.
Оқытудың Батавиялық жүйесі
1898 жылы Батавия қаласында (АҚШ, Нью–Йорк штаты) жергілікті мектептегі оқушылар саны көптігінен бір сыныпта 53 оқушы оқыған. Қоныс аударушылар мен көшпенді адамдардың көптігінен бұл XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басында бұл америкалық мектептердің үйреншікті мәселесі болған. Жағдай оқушылардың түрлі құрамынан күрделенді, өйткені олар түрлі мәдениет, әртүрлі ұлттар және діни конфессия өкілдері болатын. Мектеп инспекторы Джон Кеннеди 1914 жылы оқытудың жаңа жүйесін қолданып ол туралы өз кітабында жазған.
Батавиялық жүйеде оқу үрдісі екіге бөлінеді:

  1. бүкіл сыныппен өткізілетін сабақтар;

  2. жеке сабақтар (үлгерімі төмен оқушыларға көмектесу немесе үлгерімі жақсы, өз сыныптастарынан қабілеті жоғары оқушылармен жұмыс жүргізу).

Демек, Батавияда сыныптық–сабақтық оқыту жеке жұмыспен толықтырылды және олар жүйелі түрде өткізіліп оқу жұмысының жалпы жүйесінің толық бірлігі болды.
Дальтон–жоспары оқу үрдісін жаңадан жоспарлау және ұйымдастыру тәсілі Дальтон қ, (Массачусетс штаты) мектептерінде қолданған және оның басқа атаулары: зертханалық жүйе, шеберханалар жүйесі атаулары бар. Бұл жүйені америкалық мұғалім Елена Паркхерст ұсынған және сыныптық–сабақтық оқытудан бірден көзге түсетін айырмашылығы: негізгі оқыту сыныптағы сабақта емес жеке зерханада, шеберханада, кабинетте, кітапханада орындалады. Дальтон жоспары бойынша оқытудың мақсаты жеке оқытуды ұйымдастыру әр оқушының ерекшелігіне сәйкес жүргізілу керек.
Дальтон–жоспарында жаңа материалды мұғалім түсіндірмейді, оның жұмысы оқушылардың жұмысын ұйымдастырып оларға қажет көмек көрсетумен шектеледі.
Американдық Трамп жоспары оқушылар үлкен топтарда (100-150 оқушылармен) жалпы уақыттың 40% бірге болуы;

  • ал 20% - аз оқушылар өзіндік жұмыстарға арналған.

Белсенді әдіске дидактикалық ойын жатады, ол қандай да бір оқу міндетін шешуге арналған ойын түрінде бәсекелестік ұжымдық оқу әрекеті болып табылады. Дидактикалық ойын оқушылардың эмоционалды ойын белсенділігі кезеңінде оқуға және ынталануын дамытуға ықпал етеді. Дидактикалық ойында қатысушылардың нақты жағдайлары, операциялары мен әрекеттері қарапайым үлгіде беріледі. Алдын ала нақты ойын ережелері анықталады, соған сәйкес ойынға қатысушы команда ойыншылары топ мүшелерінің ортақ әрекеттері ұйымдастырылады. Ойын нәтижелерін қорытындылағанда қатысушылардың белсенділігіне көңіл аударылады, өзгеріске ұшыраған жағдайда шешім қабылдай білуі және сол шешімнің тиімділігі.
Дидактикалық ойынның өтуі мен даярлауды келесі кезеңдерге бөлуге болады:
1. Негізгі мақсатты қойып оны шешу міндеттерін қою.
2. Дидактикалық ойын үлгісін таңдау.
3. Ойнайтын ролдерінің функцияларын және негізгі ережелерді құрастыру.
4. Оқушыларды ойынға қатысуға дайындау (ойын ережелерімен таныстыру, ойын тақырыбы бойынша теориялық дайындық, ойындағы ролдерге бөлу және т.б).
5. Ойын барысында қажет болған жағдайда түзетулер енгізе отырып жүргізу.
6. Ойынды қорытындылау және талдау.
Дидактикалық ойын, басқа да ойын түрінде оқыту әдістері сияқты, оқушылардың белсенділігін арттыратын әдістердің бірі ретінде практик-мұғалімдердің назарында. Дегенмен бұл әдіс басқа әдістерді алмастыра алмайды және оқу үрдісінің тиімділігін арттыру үшін басқа белгілі әдістермен қатар қолданылады.
Жеке оқыту үлгерімі төмен, дайындығы нашар оқушылардан жиі сұрауға бағытталған. Аталған санаттағы оқушыларға тапсырманы бағалау кезінде де аса назар аударған абзал. Жеке оқыту сондай-ақ мұғалімнің нақты тапсырмасын орындау кезінде де жүргізілуі мүмкін. Ондай жұмыстар жіктеліп мұғалімнің тілекелей қатысы болмаса да жүргізіледі: жаттығулар, бақылау жұмыстары, баяндама және рефераттар дайындау, оқулықпен жұмыс жасау, үлгілеу, практикалық және сызба жұмыстары, көрнекілік жасау, шығармашылық жұмыстар (шығармалар және есеп, практикалық тапсырмалар құру және т.б).
Топтық жұмыс ынтымақтастық қағидасына негізделген және дұрыс ұйымдастырған жағдайда негізінде оның барысында жеке жұмыс жүргізуге болады. Осындай жағдайда әр оқушының жұмысын және нәтижесін жеке бағалау мүмкіндігі бар. Топтық жұмыс барысында жұмысты жекелеу оқушылардың оқу әрекетіне шағын ортаның ықпалы артады.
Сандық білім беру ресурсы (СБР) білім беру компьпютерді қолдануын қажет ететін өнім.
СБР сабақтың барлық кезеңінде қолданған орынды: білімді өзектендіру, білім, білік, дағдыны бақылау және бағалаудан үй тапсырмасын орындауға дейін. СБР қолдану және жаңасын құрастыру көп жоспарлы.
СБР оқу үрдісін ұйымдастыруға қажет және сандық үлгіде ұсынылған фотолар, видеобейнелер, үлгілер, ролдік ойындар, картографиялық материалдар сабақ жоспары бойынша нақты тақырыптың мазмұнына сәйкес алынады және қажетті әдістемелік нұсқаулықпен қамтамасыз етілген.
Қазіргі кезде СБР оқу үрдісіне ендіру біркелкі жүргізіліп жатқан жоқ, өйткені АКТ педагог жұмысының тиімділігін арттыру үшін ақпараттық ресурсты және технологиялар, олардың мүмкіндігін біліп белсенді қолданушылармен қатар қолдануды білмейтін ұстаздар жеткілікті. Аталған құзыреттілікті оқушыларда қалыптастыру үшін мұғалім өзі ақпараттық коммуникациялық технологияларды жетік меңгеріп, түрлі СБР түрлерін ажыратып, түрлі педагогикалық міндеттерді шешуге мүмкіндігі болуы керек: оқушыларды ынталандыру, мақсаттар мен міндеттер қою, педагогикалық әрекеттерді ұйымдастыру, өз әрекеттерін бағалау.
Тәрбие жұмысының түрлі топтамасы бар және олар келесі:

  1. Қатысушылар құрамы бойынша (жеке, шағын топтық, ұжымдық, фронталды); оқу үрдісінде тұтас педагогикалық үрдісті қолдану (дәріс, семинар, факультатив, пікірталас және т.б); дәрісте, семинарда және одан тыс (жұптық жұмыс, шағын топтарды жұмыс, оқулық кездесу және т.б) танымдық белсенділікті көшіру; сабақтан тыс кезде (пікірталас, дебаттар, тренингтер, студенттер конференциясы, пәндік кештер, түрлі олимпиадалар және т.с) оқушылардың өзара қатынасы;

  2. Әрекеттер түрі бойынша (оқу, еңбек, спорт, көркем сурет және т.б); педагогтардың ықпал ету тәсілі (тікелей, жанама); өткізілу уақыты бойынша (қысқа мерзімді бірнеше минуттан бірнше күнге дейін); ұзақтығы бойынша (бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін), дәстүрлі (қайталанатын); дайындық уақыты бойынша (алдын ала дайындыққа оқушыларды енгізбейтін формасы және сондай дайындықты қарастыратын түрлері); ұйымдастырушылары бойынша (балалардың әрекетін ұстаздары немесе басқа ересек адамдар ұйымдастырады), әрекет ынтымақтастық негізінде ұйымдастырылады, әрекеттің бастамашылары және оның ұйымдастырушылары оқушылар; нәтижесі бойынша (нәтижесі ақпарат алмасу формалары, нәтижелері ортақ шешімге (пікірге) келу формасы, нәтижесі қоғамдық маңызды өнім.

Барлық топтастыру өзара байланысты:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет