Педагогика пәні, категориялары және міндеттері



бет5/16
Дата12.05.2023
өлшемі205,02 Kb.
#92746
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Қожа Ахмет Ясауи — өз дәуірінің әдеби-мәдени өмірінде өшпес із қалдырған . Қожа Ахмет Ясауидің шығармаларындағы
рухани адамгершілік, тәлім-тәрбиелік идеялары тарихы-педагогикалық тұрғыдан
талдау жасалынып жүйеленсе, онда педагогикалық ойлардың қорлары молайып,
орта және жоғары мектептердің педагогикалық үрдістеріне ендіру барысында
оқушы жастардың тәлімдік тәрбиелік деңгейлері көтеріледі. Қ.А.Ясауидің
құнды педагогикалық идеялары жалпы оқырман қауым, оқушылар мен
студенттердің ұлттық құндылықтарды бағалауына, өзін-өзі тәрбиелеуіне, ата-
анасын, дінін, ділін, тілін, елін, жерін сүюіне, елжандылық ұлттық
сезімдерін арттырып рухани адамгершілік, имандылық, инабаттылық
қасиеттерінің қалыптасуына ықпалын тигізеді.

  1. Асан Қайғы қазақ қоғамының болашағы үшін барша жұрты бай, кедей деп бөлмей, адамгершілікке, бірлікке, бауырластыққа баулуды қажет деп санады. Оның ойынша, адамның мінез-құлқы жақсы болуы үшін айналасындағыларға жанашырлық ізгі жүректілік білдіруі, қамқоршы болуы қажет. Өзіне қажетті игіліктерді жасауда адамдар бірлесіп, қоғамдасып, бауырмалдық іс-әрекет жасауы керек, сонда ғана бақытқа жетеді, басына бақ қонады деп білді. Бүкіл халқының қамын ойлауы, елді берекелі бірлікке, шынайы достыққа адал еңбекке шақыруы, сол замандағы прогрессивтік маңызы зор гуманистік көзқарас еді.

Шалкиіздің ғибраттық, тәлімдік-тәрбиелік мағынаға толы толғауларының бүгінгі күні де маңызы және рухы аса күшті, философиялық тереңдігімен, аз сөзбен көп мағына беретін қысқа да болса, нұсқалығымен ерекшеленеді
Бұқар жыраудың шығармашылығында өзекті тақырыптар ретінде елдің бірлігі, бейбіт өмірі, өз отанына деген сүйіспеншілік, сыртқы жаулардан елін қорғай білу, тәлім-тәрбиелік, өскелең ұрпақ тәрбиесіне толғауларында ерекшке мән береді. Бұқар жырау жақсы мен жамандық туралы, адамгершілік қасиетті, шынайы достық пен қастықты салыстыра келіп, жырау жастарды тәлімдік-тәрбиелік мәні бар қасиеттерді жастардың бойына сіңіруге ақыл-кеңес береді





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет