Педагогика пәні, категориялары және міндеттері



бет4/16
Дата12.05.2023
өлшемі205,02 Kb.
#92746
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Халық педагогикасы – қазақ халқының сан ғасырдан бері атадан балаға мұра болып келе жатқан , халқымыздың ұлттық салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпында көрініс алған халықтың педагогикалық білімінде жинақталған тәжірибесі .
Этнопедагогика –белгілі бір халықтың, тайпаның өзіне тән ерекшелігі бар дүниетанымдық, тәрбиелік, мәдени мұрасы. Этнопедагогика ғылымы екі саладан тұрады:халықтың ауыз әдебиеті мен салт дәстүрінен құралған ауыз әдебиеті ауыз әдебиеті және ұлттық тәлім – тәрбиенің жазу мәдениетіндегі көрінісі.

  1. Орта ғасырларда бірыңғай рухани мәдени кеңістікте өмір сүрген Орталық Азияда медреселер жүйесі ерекше қарқынмен дамыды. Медреселер көбіне мешіттердің жанынан салынды. Бұхара, Самарқанд жерінде басталған медресе дәстүрі Баласағұн, Түркістан, Отырар, Сайрам, Сауран, Сығанақ, Өзкент секілді Ұлы Жібек жолының бойында жатқан ірі мәдени орталықтарда жалғасын тапты.

Ислам дінін уағыздайтын діни мектептер үшін молдалар мен сопылар, шариғат заңдарын түсіндіретін жоғары лауазымды дін қызметкерлері даярланды. Жаз жайлауда, қыс қыстауда жағдайлы отбасылар жалдаған молдалар қазақ балаларының хат танып, сауат ашуына ықпалын тигізді.
Оқушылар мынадай пәндерді меңгерді:
Құран жолын үйрететін пәндер; Заң; Тарих; Логика; Риторика; География; Философия; Математика; Астрономия; Медицина т.б.

  1. Әл-Фараби түсінігінде, ұстаз да қала басшысы сияқты ел жетекші, халық қадірлісі. Медресе балаларды оқытып, тәрбиелесе, қала бастығы олардың ата-анасына өнеге көрсетеді, халықты ізгі қасиеттерге баулиды. Бала тәрбиесі қоғам мен халықтың балаларды оқыту жөніндегі қамқорлығы, жастарды халық өміріне байланысты білімдермен қаруландыру, балаға оның жеке және жас ерекшеліктерін ескеріп шын жүректен қамқорлықты қарым-қатынас мұның бәрі ұлы ұстаздың педагогикалық жүйесінің құрамдас бөлігі. Ұстаздың пікірінше, оқу, білім алу, ғылым адамы болу, адамгершілік және тәрбие мәселелерімен тығыз байланысты.

Көне дәуірдің бір белгісі ретінде әлемнің асыл қазыналарының қатарындағы өшпес мұраның бірі- Жүсіп Баласағұнның «Құтты Білік» атты дастаны болып табылады. Жүсіптің дастаны саяси және ғибрат, өсиет, ақы ретінде имандылыққа үндейтін, тәлім-тәрбие берерлік дидактикалық тағылымдық туынды. Жүсіп Баласағұнидің еңбегінде тәлім-тәрбиелік, ғибарттық, өсиет-өнеге, нақыл сөздер түрінде жазылған педагогикалық және психологиялық, философиялық тұрғыдағы еңбек болып табылады. Еңбекте отбасы тәрбиесі, онда ата-ананың алатын ролі туралы, бала мінез-құлқын, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастыру, отбасында ананың алатын орнымен қатар әкенің де бала тәрбиесіндегі алатын орнына ерекше мән береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет