Педагогика тарихы


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақ



бет78/113
Дата06.01.2023
өлшемі1,86 Mb.
#60524
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   113
Байланысты:
Педагогика тарихы Оқулық. - Алматы 2013. – 494 бет.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақ-тапсырмалар

1. ХІҮ-ХҮІ ғ.ғ. қазақ даласындағы саяси-экономикалық жағдай қандай және хандық мемлекеттің рухани тұтқасы неде еді?


2. Осы кездегі жазба мәдени мұра өкілдері кімдер? Олардың қандай еңбектері бар?
3. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының “Шипагерлік баян” атты еңбегінің тәлімдік мәнін ажыратып талда.
4. Мұхаммед Хайдар Дулатидің “Тарихи Рашиди” атты еңбегінің мазмұны мен мәнін ашып бер.
5. Қадырғали Жалаиридің “Шежірелер жинағы” атты еңбегінің әлеуметтік мәнін талдап, айқында.
6. Тәуке ханның “Жеті жарғы” атты заңдар жинағының ерекшеліктері мен әлеуметтік мәнін ашып бер.
7. “Тура бидің түп атасы – Майқы би” деген сөздің мәнін қалай түсіндірген болар едің?
8. Асан қайғы марапаттаған адами қасиеттер қандай еді? Шығармалары арқылы талдау жаса.
9. Шалкиіз жыраудың ерлік, елдік, достық, опасыздық, ізгілік, жауыздық жөніндегі ой-толғаныстарын талдап, өз пікіріңді білдір.
10. Ақтамбердінің адам және адами қасиеттер, жар, арғымақ ат, сары қымыз, жақсылар мен жамандар, ата-ананы құрметтеу жөніндегі ой өлшемдерін талдап ашып бер.
11. Бұқар жыраудың азамат ерлерге қояр тілек-талаптары қандай? Және олардың тәлімдік мәні неде?
12. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би ел – бірлігінің кепілі дегенді қалай түсінесің?


Рефераттық тақырыптар





  1. Хандық дәуірдегі шешен билер мен хан көсемдердің мақсат-мүдде бірлестігі.

  2. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының “Шипагерлік баян” атты еңбегі халықтық медицинаның негізі.

  3. “Жеті жарғы” атты заңдар жинағы – әлеуметтік құқық қорғау негізі.

  4. Майқы би – тура биліктің түп атасы.

  5. Асан қайғы ұлы ойшыл-философ.

  6. Шалкиіз ерлік пен елдіктің, достық пен қастықтың, ізгілік пен жауыздықтың әділ төрешісі.

  7. Ақтамберді әрі батыр, әрі ақын-жырау.

  8. Бұқар жырау – мәмлегер қайраткер.

  9. Қазақ билерінің ел бірлігін сақтаудағы қайраткерлігі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет