Педагогика



бет4/4
Дата26.05.2022
өлшемі2,37 Mb.
#35683
1   2   3   4
Байланысты:
3-д@рiс (1)

7 жасқа дейін спартиаттар- балалар (спартиаттар деп аристократтар-құлиеленушілердің балаларын атады) үйде тәрбиеленді. 7 жастан бастап мемлекеттік тәрбие мекемелерінде дене тәрбиесі және әскери жаттығуларға ерекше мән берілді.

Балалардың денесін шынық-тыру, аштыққа, суықтыққа, шөлге, қиындыққа шыдамды етіп үйрету. Жас спартаттарды жүгіруге, секіруге, найзаласуға, күресе білуге, жекпе-жек тәсілдерін меңгеруге, әскери әндер айтуға үйретті.

18-20 жаста жастар эфебия деп аталатын ерекше топқа аударылды, онда әскери қызметін атқарды.

Спартада қыз балаларға да әскери дене тәрбиесі берілді. Оның мақсаты-ерлер әскери жорықтарға қатысқан кезде әйелдер ерлердің орнына әскери міндеттерін атқаруы.

Афиналық тәрбие жүйесі Ү-ҮІ ғғ.б.э.д.төмендегіше қалыптасты: 7 жасқа дейін ер балалар мен қыз балалар анасының басшылығымен үйде тәрбиеленді және бекітілген құлдар тәрбие ісіне араласады.

Қыз балалар 7 жасқа толғаннан кейін ананың басшылығымен үйде жанұя тәрбиесіне жалғастырды (олар негізінен үй шаруашылығына үйретілді). Ер балалар 7 жастан бастап үйде жеке меншік мектептерге қатынасты (мемлекет-тік мектептер болмады).

18 жастан 20 жасқа дейін жастар әскери қызметке даярланады, онда әскери даярлығын арттырумен қатар, өздерінің саяси білімін жалғастырды, елдің заңдарын оқып үйренді.

  • Афиналық тәрбие жүйесі б.з.д. V-VІ ғ. төмендегіше қалыптасты: 7 жасқа дейін ер балалар мен қыз балалар анасының басшылығымен үйде тәрбиеленді, оларға бекітілген құлдар тәрбие ісін де көмек көрсетті. Қыз балалар 7 жасқа толғаннан кейін анасының басшылығымен үйде отбасы тәрбиесін жалғастырды (олар негізінен үй шаруашылығына үйретілді).
  • Ер балалар 7 жастан бастап, үйде жекеменшік мектептергс қатынасады (мемлекеттік мектептер болмады): 7 жастан 14 жасқа дейін грамматист мектебке (оқу, жазу, санау) және кифарист мектебіне (саз, ән-күй, тақпақ айту), 14 жастан полестра мектебіне (күрес мектебі) қатынасады, онда 2-3 жыл жаттығулармен айналысады.
  • Полестра мектебінде жаттыгулардан басқа оқушылармен саяси жөне адамгершілік тақырыптарында әңгімелер өткізіледі: Ауқатты отбасылардан шыққан жастар кейіннен мемлекет басқару лауазымдарына даярланады, гимназияда білімдерін жалғастырады, онда философия мен саясатты оқып үйренеді. 18 жастан 20 жасқа дейін олар әскери қызметке даярланады, онда әскери дайыңдығын арттырумен қатар, өздерінің саяси білімін жалғастырады, елдің заңдарын оқып үйренеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет