Педагогика



бет115/119
Дата05.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#79679
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   119
Байланысты:
Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика

14. 3. БАЛАЛАР ҚАБЫЛДАУ
Балаларды мектепке дейінгі ұйымға орналастыру ата-аналар
немесе солардың орнындағы адамдар өтініші бойынша жүргізіледі.
Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына қабылдау тәртібі «Балалар
бақшасының Жарғысы", «Мектепке дейінгі ұйым бөбекжай-бақша
туралы»…

Жылжымайтын мүлікке және онымен жасалған мәмілелерге


құқықтардың мемлекеттік тіркелуі туралы куәлік немесе балабақшаға
арналған ғимаратты (орынды) сатып алу
қайта сату (жалға алу)
келісімшарты.
Мектепке дейінгі ұйымның Жарғысына сәйкес мектепке дейінгі
ұйымда құжаттар жургізу ұйымдастырылады.
Балалар бақшасына реттік нөмір берілгеннен кейін беттері
нөмірленіп, парақтар саны көрсетіліп, бұйрық кітабы басталады.
Балаларды есептеу кітабы (ДП - 2 форма) балалар мен олардың
ата-аналары жөніндегі мәліметтерді,
қабылданған және шығып кеткен күндері енгізіледі.
Әр топта балалардың күнделікті есебі жүргізіледі (ДП-2 форма).
Мектепке дейінгі ұйымда төмендегідей құжаттар жүргізіледі:
- қызметкерлердің, балалардың жеке іс қағаздары;
-дәрігерлік карталар;
-мектепке дейінгі ұйымдарға нұсқау беру, тексеру ескертулері мен
ұсыныстары жазылатын кітап;
- санитарлық кітап;
-педагогикалық, өндірістік, ата-аналар жиналыстарының
хаттамалары;
-құрал-жабдықтар мен тамақ өнімдерінің есебі жөніндегі ктап;
-мектепке дейінгі ұйым жұмысының жылдық жоспары, т. б.


14. 5. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ұжым

Мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық ұжымын меңгерушісі


басқарады. Меңгерушінің басшылығымен балаларға білім-тәрбие беру
істі жүзеге асырылады. Тәрбиешілер, мейірбике-тәрбиешілер - мектепке
дейінгі ұйым бағдарламасына сәйкес педагогикалық үдерісті жүзеге
асыратын негізгі тұлға.
Үлкен мектепке дейінгі ұйымда меңгерушіге көмекші тәрбиеші-
әдіскер тағайындалады. Әіскер мектепке дейінгі жоғары білімі бар
кемінде екі жылдық педагогикалық өтілі болуы керек. Ол тәрбиешілердің
жұмысына бағыт беруші, жұмысты жетілдіруші.
Музыкалық тәрбие бойынша жұмысты музыка сабағының жетекшісі
және тәрбиеші жүзеге асырады.
Медициналық қызметті дәрігер және аға мейірбике атқарады.
Мектепке дейінгі ұйым басшысының міндеті - педагогикалық
ұжымды басқару, Қазақстан Республикасында болып жатқан мектепке
дейінгі тәрбие саласындағы шешімдерді жүзеге асыру. Меңгерушінің
қызметі алда тұрған міндеттерді шешуге қабілетті, ынтымақтастықпен
мақсат қоя білетін, шығармашыл ұжым қалыптастыруға бағытталады.
Мұндай ұжым Отанның ортақ ісіне өзін қатыстымын деп санайтын, білім-
тәрбие үдерісін жетілдіріп отыратын, балаларға білім-тәрбие беру ісін
тиімді жүзеге асыратын болмақ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет