Педагогика


XIII бөлім бойынша бекіту сұрақтары



бет114/119
Дата05.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#79679
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   119
Байланысты:
Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика

XIII бөлім бойынша бекіту сұрақтары:
1. Бала тәрбиесіндегі отбасының ролі неде?
2. Отбасында балаларды дұрыс тәрбиелеу шарттары қандай?
3. Отбасымен жұмыстың міндеттері қандай?
4. Мектепке дейінгі ұйымның отбасымен жұмысының шарттары
қандай?
5. Отбасымен жұмыстың нысандары қандай?
6. Ата-аналармен ұжымдық жұмыста қандай мәселелер
талданады?
7. Отбасымен жұмыстың мазмұны неде?
8. Ата-аналар жиналыстары қандай мазмұнда ұйымдастырылып,
өткізіледі?


ХІУ бөлім
мектепке дейінгі ұйым жұмысын ұйымдастыру
14. 1. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ұйымның ашылуы
Мектепке дейінгі ұйымды ашуға дайындық оны пайдалану үшін
қабылдаудан 2-3 ай бұрын басталады. Меңгеруші ашылуға дайын
құрылыстың әрлеу жұмыстарының сапасын тексереді, топтарды, әсіресе
сәбилерді орналастыру жоспарын ойластырады,
Құрылыс жұмыстары аяқталған соң мектепке дейінгі ұйым үйін
мемлекеттік комиссия қабылдайды. Жаңа ашылған мектепке дейінгі
ұйымға қалалық, аудандық тсс. білім басқармаларының бұйрығы
бойынша реттік нөмір, ат қойылып, мемлекеттік ұйымның зандық құқықтық
беріледі.
Мектепке дейінгі ұйым құрылысының сметасында оның жабдығына
деген бюджеттік қаржы көзделеді. Осы қаржы негізінде тиісті нормативтік
құжаттарды басшылыққа ала отырып, меңгеруші қажетті құ…

ұстауға жұмсалатын ақшалай қаражаттың мелшері белгіленеді. Жаңадан


ашылатын ұйымды ұстауға арналған шығын оны пайдалануға берген
сәттен бастап есептеледі,
Смета Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі белгілеген
нысан бойынша жасалады, оны мектепке дейінгі ұйым бағынатын
жоғары тұрған мекеме бекітеді. Онда барлық шығындар мен оларды
жабатын көздер ескеріледі. Жазғы сауықтыру шараларын өткізуге
арналған шығын негізгі сметаға енгізілмейді. Оп үшін қосымша смета
жасалады.
Сметада шығынды жоспарлау түрлі статьялар бойынша жылына әр
балаға жұмсалатын қаржы мемлекеттік нормалар негізіне сүйене отырып
жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі мекеме қызметінің көлемін
сипаттайтын көрсеткіштер.
мектепке дейінгі ұйымға келетін балалар құрамы;
- топтардың саны, топтардың ба…

ережелерімен, балалар бақшаларында балалар өмірі мен денсаулығын


қорғау жөніндегі нұсқаумен танысады.
Мектепке дейінгі ұйым ашылғанға дейін барлық қызметкерлер
лауазымдарына қарамастан, оны жабдықтаумен, безендірумен
айналысады, балалар қабылдауға дайындалады. Үйымдастыру
кезеңінде меңгеруші әр қызметкердің іскерлік деңгейін, жеке басының
сапасын зерттейді, тәжірибелі педагогтарды жас педагогтармен
серіктестіре отырып орналастырады. Қызметкерлерді балалар бақшасы
күн тәртібімен таныстырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет