Педагогика



бет87/119
Дата05.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#79679
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   119
Байланысты:
Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика

9.12. Ойыншықтар
Ойыншықтың шығу тарихы және қойылатын талаптар. Балалар ойыны үшін жасалған ойыншық «33- сызба» олардың ой- өрісін кеңейтуге, онда бейнеленген заттар мен өмір құбылыстарына ынтасын тәрбиелеуге, дербестігін дамытуға арналған. Ойыншықтармен ойын кезінде балаларда өзара достық қарым- қатынас қалыптасады.
Үлкендер ойыншықты балаларға ұнайтынын алу керектігін есте сақтауы тиіс. Онда өмір құбылыстары, адамдардың, жануарлардың образдары шынайы бейнеленген болуы керек. Балаларға ойыншық алу олардың жас ерекшеліктерін, неден жасалғандығын, тәрбиелік мәнін, зиянсыздығын ескеруді талап етеді.
Орыс жазушысы М.Горький балаларға дүние жүзі туралы, туған елі туралы білім беру қажет екенін айта келіп, былай жазды: «Бұған қызықты, ақылды және қарапайым жазылған шағын кітап арқылы әбден жетуге болады, ал қызықты ойыншық арқылы жету одан да оңайырақ».
Ойыншық- нәзік зат болғандықтан оның өмірі де қысқа, сондықтан ойыншықтың пайда болған уақыты да белгісіз. Алғашқ ойыншықтар бала күшіне сай еңбек құралы болған. Балалардың мергендігін, қозғалыстарының үйлесімділігін дамыту үшін ересектер кішкене садақ, жебе, т.б. жасап берген. Балалар оны аңға шығу, аңдар мен құстарды аулау ойынында пайдаланған. Кейінірек аңдарды, құстарды, адам кескінін бейнелейтін ойыншықтар ойластырылған.
Ойыншықтар көпке дейін отбасында балалардың «көңілін аулау» үшін ересектер қолымен жасалып келген. Ересектер жасаған ойыншықтарда балаларға деген сүйіспеншілік, оларды қуантуға, алдандыруға, бірдеңені үйретуге деген ықылас бейнеленген. Біртіндеп ойыншық жасауда шығармашылық ой, балалардың ынтасын, тілегін түсінушілік көрініс тапқан. Ойыншық адам еңбегінің белгілерін. Табиғатқа сүйіспеншілікті, табиғатты таныды, жануарлардың, құстардың ерекшеліктері мен мінез- құлықтарын белгілеген. Ойыншықтар бояуы ашық тұлғасы айқын, мәнерлі және түсінікті болды.
Талантты шеберлер ойыншықтарды өзінің балалары үшін ғана емес, сату үшін де істей бастаған. Біртіндеп ойыншық жасау кәсібі пайда болған.
Қазақстанда Кеңес Одағы кезіндеАлматы қаласында «Қызыл Ту» фабрикасында пластмассадар әр түрлі тақырыпта балалар ойыншықтары жасалған.
Ресейде ойыншық жасауға көп көңіл бөлінді:

  1. Мәскеу түбіндегі Богородское селосында шеберлер ағаштан қолапайсыз маймақ аю жасады.

  2. Мәскеу облысын Подольск ауданындағы Бабенки селосында 1911 жылы орыс шеберлері токарьлық станокпен өрлеп конустар, түрлі- түсті шығыршықтардан мұнаралар, жиналмалы ойыншықтар, кеспекшелер, тізбекшелер жасады.

  3. Нижегород губерниясында Хохлома селосында ағаштан самауыр, шыны аяқ, т.б. ойыншықтар жсап, оларды алтын түсті қызғылт бояумен әшекейледі.

  4. Городец селосындағы шеберлер ағаштан теке, ат ,бұқалар ойып жасады.

  5. Семенова селосында ғажайып көрікті, қызғылты матрешкалар жасалды.

  6. Вятск губерниясындағы Дымкова селосында саздан халық «Көңілді түтіндер» - деп атайтын дымкова ойыншықтары жасалды. Бұл ойыншықтарда А.Мездрина мен Е.Кошкина өмірде көргендерін: үстіне кең юбка, басына қалпақ киген, қолына шатыр ұстаған, бес биенің сабасындай, кербезденген бай бәйбілелердің, сықиған сәнқойларды, гусарларды ойыншықтарды бейнеледі.

Қазан төңкерісінен кейін ойыншық өндірісі тез дами бастады. Шеберлердің еңбектерінде төңкерістен кейінгі жаңа өмір бейнесін тапты, заман тақырыбы: «Соғыс құралдары», «Өзен порты», «Космодром», «Колхоз орталығы», «Мал шаруашылығы», т.б. пайда болды. Ойыншықтарда нағыз халықтың дәстүрлер: әдемілік, бейнелік, шарттылық, балалар үшін тартымдылық сақталып қалды.
Ойыншық жасау мемлекеттік маңызды іске айналды. Ойыншық тақырыптарына талдау жасау, оларды көркемдеу балалардың психологиясын, ойыншықтың баланы тәрбиелеуші және дамытушы ықпалын ескере отырып, ғылыми негізде жүргізу қажет.
Ойыншыққа қойылатын негізгі талаптардың бірі- мазмұнының идеялық бағыты, адамгершілк тәрбие міндеттеріне сәйкестігі. Ойыншықтарда Қазақстан халықтарының өмірі, бейбітшілік, еңбек, адамға жағымды көзқарас, адамдардың балардың осы заманғы көлік құралдарымен, байланыс құралдарымен танысуына мүмкіндік беретін техникалық ойыншықтар.
Ойыншықтардың жасалуына қойылатын келесі талап- ойыншықтардың түсінікті және қызықты болуы, ол балалар өмірін, оқиғаларын шығармашылықпен бейнелеуге, бірлесіп ойнауға ықыласын күшейтеді, бірлескен ойындарда достық қарым- қатынас, өз тілеген құрдастар тілегімен үйлестіре білу, ұйымшылдық, өзара көмек, әділдік, адалдық қасиеттері қалыптасады.

Талаптың бірі- ойыншық икемді болуға, балардың әр түрлі әрекеттер жасауына мүмкіндік беретіндей болуға тиіс. Жануарлардың, қуыршақтардың, т.б. қатып қалған пішіндері бұл талапқа сай келмейді.


Келесі талап- ойыншықтар ақжарқын әзілмен, көңілді, қызықты, бірақ келекеге айналдырылмай бейнеленуі, әдемі көркемделуі тиіс.
Ойыншықтарға қойылатын гигиеналық талап- олардың балалар өміріне қауіпсіз болуына көздейді. Олар балардың денесін зақымдайтындай үшкір немесе қыры жұқа болмауы керек. Берік және қауіпсіз бояулармен боялады және гигиеналық өңдеуге жууға дизинфекцияланған ертіндімен сүртуге оңай болуы тиіс.

талаптар

маңызы

Ойыншықтар







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет