Педагогика


ІХ бөлім бойынша бекіту сұрақтары



бет95/119
Дата05.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#79679
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   119
Байланысты:
Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика

ІХ бөлім бойынша бекіту сұрақтары:



  1. Балалар іс- әрекетіндегі ойынның өзіндік ерекшеліктері қандай?

  2. Ойын неге балаларды тәрбиелеу және дамыту құралы болып саналады?

  3. Балалар өмірін ұйымдастырудағы ойынның ролі қандай?

  4. Ойынның, еңбектің және оқытудың өзара байланысы неде?

  5. Балалар ойындарының үлкен екі тобы қалай аталады?

  6. Шығармашылық ойындарға қандай ойындар жатады? Неге?

  7. Мазмұнды- рольді ойындардың өзіндік ерекшеліктері неде?

  8. Драмалық ойындар басқа ойындарданнесімен ерекше?

  9. Құрылыс ойындары мен мазмұнды- рольді ойындардың ұқсастығы, айырмашылығы және өзара байланысы неде?

  10. Ережелі ойындарға қандай ойындар жатады? Неге?

  11. Дидактикалық ойындардың ерекшеліктері, педагогикалық құндылығы неде?

  12. Дидактикалық ойыдардың түрлері қандай?

  13. Үстел үсті ойындарының маңызы қандай?

  14. Қимылды ойындар несімен маңызды?

  15. Балалар ойынындағы ойыншықтардың ролі қандай?

  16. Ойыншықтардың түрлері, оларға қойылатын талаптар қандай?

9.13. Педагогикалық есептер

Екі кішкене қыз бала қайсысы қуыршақтың анасы болатынына келісе алмай таласып қалды. Сонда біреуі қуыршақты тез төсектен көтеріп алып, ойынға кіріседі, ал екіншісі ойыннан бас тартады. Бұл жағдайды көріп тұрған тәрбиеші екінші бір қуыршақтың атынан: «Мен сенің қызың болайын»,- деп ұсыныс жасайды, біз екі қуыршақ бірлесіп ойнағымыз келеді,- деп ойынды жандандырып, жанжалды шешті.



  1. Сіз мұндай жағдайда қандай тәсіл қолданар едіңіз?

***

Тәрбиеші көрші балалар бақшасынан балалардың «Балықшылар» ойынын қызыға ойнап жатқанын көрді. Бұл ойынды өз тобында өткізу үшін тәрбиеші балықшылардың құрал- жабдықтарын өзі жасап, балаларға ұсынды.
Ойын шықпады, тәрбиешіге үнемі балаларға не істеу керектігін айтып отыруға тура келді.


  1. Ойынның неге шықпағанын түсіндіріңіз.

  2. Ойында барлық балалар белсенділік көрсету үшін, балалардың негізгі және қосымша рольдерді орындай алуы үшін не істеу керек?

***
Бір күні балалар автопарк ойынын ойнады. Асан мен Әділ автопарк директоры болғысы келді. Талас туды. Тәрбиеші: «Біздің автопаркте көптеген машиналар бар. Директордың бір өзінен өте қиын. Бізге инженер- механик керек, жаңа машиналар алынды, ескі машиналарды жөндеуге көмектеседі».



  • Мен инженер боламын.асан директор болады,- деді Әділ.

Тәрбиеші бұл шешімді қолдады.
Автопаркте жұмысшылар, жүргізушілер, инженер, директор, барлығы машиналарды жөндеді. Балалар ойыншықтар бөлісіп, тату ойнады. Ойынға көптеген бала қатысты.

  1. Асан мен Әділдің ойындағы жеке ерекшеліктері қандай?

  2. Ойынның тәрбиелік құндылығы қандай және неде?

Асан мен Әділдің арасындағы тартысты шешуге тәрбиешіге не көмектесті?

***


Кім бірінші анау тұрған белгіге жүгіріп барып келеді,- деп бір бала ойын бастады.
Екіншісі: кім қашыққа секіреді,- деп басқа ойын ұсынды.
Үшінші бала доппен анау ағашты көздейік,- деп түрлі жарыс ойындарын ұсынды.



  1. Бұл ойындар жай уақыт өткізуге ғана арналған ба, әлде бұлардың тәрбиелік мәні бар ма?

  2. Неліктен балалар осындай ойынға әуес келеді?

***

Ересектер тобының балалары драмалық ойынды өте жақсы көреді. Кейбір балаларды бұл ойындардағы белсенді, ырғақты қимылдар- билер, дене жаттығулары бар рольдер қызықтырса, басқа балаларды ән айтып орындайтын рольдер қызықтырады. Ұл балалар тобы өлең тақпақтар айтқысы, ертегілер, әңгімелер айтқысы, жұмбақтар жасырғысы келеді. Бірақ барлық балалардың талаптары сәйкес келе бермейді. Тілі нашар дамыған, әлсіз және бастамшылдығы төмен Еркебұлан тазша бала ролін алуға тырысты. Бірақ Еркебұлан еш нәрсе шығара алмады- тапқырлыққа, батылдыққа сөздік қоры жетпеді. Ол сөздің басын айтып кідіріп тұрып қалды. Ұзақ тұрды. Балалар Еркебұланға күлді және «жақсы орындай алатын» басқа баланың орындауын талап етті.


  1. Еркебұланның тілегі жүзеге асу үшін қалай көмектесу керек?

  2. Ұжымдық ойындарға ұялшақ, бастамашылдығы төмен балаларды қалай тартуға болады?

  3. Ойында барлық балалар белсенді болуы үшін, өзінің көркем бейімділігін дамыту үшін не істеу керек?

***

Естиярлар тобының балалары серуен кезінде жаңа үйдің құрылысын бірнеше рет бақылады. Бақша меңгерушісі олардан не көргендіктерін айтып беруді сұрады. Балалар көргендерін байланыстырып айта алмады. Ал тәрбиеші үй құрылысы туралы нақты сұрақ қойып еді, балалардың әрқайсысы дұрыс және анық жауап берді.


  1. Балалар неге меңгерушінің сұрағына жауап бере алмады?

  2. Жоғарыдағы әрекет негізінде қандай қорытынды жасауға болады?

***

Анасы төрт жасар баласын үйге шақырды. Ойынға қызыққан баласы келе қоймады. Ашуы келген ана баланы қолынан сүйреп, ала жөнелді.


Ал балабақша ойынын ойнап жатқан Динаны анасы тамақ ішуге шақырды. Тамақ ішетін уақыттың өтіп бара жатқанын ескеріп, анасы мынадай тәсіл қолданды:

  • Тәрбиеші Дина ханым! Сіздің балаларыңыздың тамақ ішкісі келіп, қарны ашты,- деп қасықты табаға соғып белгі береді.

Дина анасын тез қолдап, көңілді күйде тамақ ішуге беттеді.

  1. Екі жағдайда салыстырып қорытынды жасаңыз.

  2. Баланы бір істен екінші іске көшіру үшін сіз қандай әдістер ұсынар едіңіз?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет