Арнайы педагогика немесе дефектология: -сурдопедагогика -тифлопедагогика -олигофренпедагогика -логопедия
Мектепке дейінгі педагогика
Мектеп педагогикасы
3-сызба 1.6. ПЕДАГОГИКАДАҒЫ ЗЕРТТЕУ ӘЖІСТЕРІ Қазіргі кезде педагогикалық зерттеулер әртүрлі әдістер жүйесі көмегімен жүзеге асырылады. Педагогикалық зерттеулер жоспарлы түрде жүргізіледі.
Ғылыми- зерттек жұмыстар – педагогика және психология ғылымдарынығ түрлң салаларының өкілдері, мектеп мқұғалімдері балалар бақшаларының тәрбиешілер мен тәрбин тәжірибесімен тікелей байланысты басқа да қызметкерлер жүргізіледі.
Әдіснамалық ұстанымдар дүниеге көзқарастың философиялық негізгі қағидалары.
Педагогикалық кез келген мәселе әдебиетті зерттеудеп басталады. Әдеби материалмен жұмыс істеуде билиография құрастыру, анноциялау, рефарат жазу, конспектілеу, деректер мен цитаталар көшіру т.б. пайдаланылады.
Билиография – зерттелетін мәселеге байланысты іріктеп алынған әдеби материалдар тізбесі.
Анноция – кітапқа немесе мақалаға жалпы түсінік беретін қысқыша жазба.
Реферат – еңбек мазмұнының ықшамдалған түрі.
Конспектілеу – мүмкіндігінше толық жазып алу.
Озық тәжірибені жинақтау – тарату үшін бақылау, әңгімелесу,анкеталау, жазба, графикалық және шығармашылық жұмыстарды, педагогикалық құжаттарды зерттеу сияқты әдістер қолданылады.
Бақылау – педагогикалық тәжірибені оқып- үйренудегі кең тараған әдіс. Бақылау арнайы ұйымдастырылған зерттелуші обьектіні, үдерісті немесе құбылысты табиғи жағдайда қабылдау. Ғылыми бақылаудың күнелікті өмірден айырмашылығы бар. Басты айырмашылықтары: 1) бақылаудың міндеттері анықталады, обьектісі бөлінеді схемасы жасалады; 2) міндетті түрде нәтижесі белгіленеді; 3) алынған мәлімет сұрыпталады (талданады).
Бақылаудың тиімділігінің жоғары болу үшін ол ұзақ, жүйелі, жан-жақты, обьективті және ауқымды болу керек. Бақылаудың мүмкіндігімен, кең таралғандығымен қоса кемшілігін де айта кету керек. Бақылау педагогикалық құбылыстың ішкі ағын аша алмайды. Сондықтан зерттеудің бастапөы кезеңдерінде басқа әдістермен қатар қолданылады.
Әңгімелесу – педагогикалық зерттеудің дәстүрлі әдісі. Әңгіме,ойы, бағасы мен ұстанымы белгілі болады. Зерттеудің басқа түрінде ала алмаған мәлімет әңгімелесу кезінде алынады. Педагогикалық әңгімелесу кезінде зерттеушілердің ішкі әлеміне ену мүмкіндігі туады. Әңгімелесу – өте күрделі әдіс. Сондықтан ол бақылау және басқа да әдістер кезінде айқын болған жағдай жөнінде қажетті мәлімет алу үшін қосымша әдіс ретінде қолданылады.
Әңгімелесу нәтижесінің тиімділігін көтеру үшін арнайы шаралар қолданылады:
-әңгімелесуге шақырған баланың жнен ерекшелігін нақты ескеру және әңгіме жоспары;
-зерттеушіні қызықтыратын әртүрлі жағдайдағы және байланыстағы сұрақтарды таңдау;
- сұрақ-жауап кезінде жағдайды, тапқырлықты іскерлікпен қолдану.
Сауалнама – арнайы дайындалған сұрақтар көмегімен материалды жинау әдісі. Сауалнама – зерттеудің қорытынды кезеңінде қолданылады, зерттеуші басқа жолмен ала алмайтын деректі алу үшін пайдаланылады. Сауалнама кезінде адам қойылған сұрақтарға ашық жауап береді. Дегенмен соңғы зерттеулерге қарағанда бұл әдіс күткен нәтижені жартылай ғана ақтап отыр.
Қазіргі педагогикалық зерттеулердің әртүрлі типтері кеңінен қолданылады:жауапты ашық түрде өз бетінше құрастыруды талап етеді;жабық – балалар дайын жауаптардың бірін таңдайды; жеке зерттеушінің аты – жөнін көрсетуді талап етеді; жасырын – зерттеушінің аты-жөні көрсетілмейді; т.б. Соңғы кездері сауалнамаға жауапты баллмен бағалауды педагогтар кең қолданады.
Оқушылардың жазба графиялық және шығармашылық жұмыстарын зерттеу – әрбәр оқушының жеке даралыңын, оның жұмысқа деген көзқарасын, белгілі бір қабілеттерін сипаттайтын әдіс.
Үй және сынып жұмыстары (барлық пәндер бойынша), шығармалар, рефераттар, есеп беру жұмыстары, эстетикалық және техникалық шығармашылықтар зерттеушіге баланың жеке ерекшеліктері,биімділігі мен қызығушылығы, өз ісіне және міндетіне қарым-қатынастары, талаптанғыштығы, іс-әрекет себептері сияқты қажетті мәліметтер береді.
Педагогикалық құжаттарды зерттеу – оқу орнындағы оқк-тәрбие жұмысының сипаттайтын іс-жүзіндегі деректерді жинау әдісі. Оның қайнар
көзі – балалардың сабақ үлгерімі мен сабаққа қатысу журналдары, жеке іс қағаздары, медициналық құжаттар, жиналыстар мен мәжілістер хаттамалары жинақталған кітптар, сабақ кестесі, ішкі тәртіп ережесі, мұғалімдердің күнтізбелік және сабақ жоспарлары т.б.
Педагогикалық эксперимент – мұғалімдер мен оқушылардың педагогикалық іс – әрекетін тексеру және алдын ала жасалған теориялық болжамды негіхдеу мақсатында арнайы ұйымдастырылған әдіс. Эксперимент арқыды жаңа тәсілдерді, әдістерді, нысандарды, оқу-тәрбие әрекетінің жүйесін тәжірибеге енгізу жолдары табылды.
Педагогикалық эксперимент оқушылар тобын, сыныпты, мектепті немесе бірнеше метепті, тіпті үлкен бір аймақты қамти алады. Зерттеу тақырыбы мен мақсатына қарай ұзақ және қысқа мерзімді болуы мүмкін. Эксперимент жүргізілу орнына қарай табиғи және лабороториялық болып бөлінеді.
Табиғи эксперимент – тексеруді оқу – тәрбие үдерісін бұзбай табиғи жағдайда жүргізілетін ғылыми ұйымдастырылған тәжірибе. Табиғи эксперимент обьектісі – жоспарлар мен бағдарламалар, оқулықтар мен оқу құралдары, оқыту мен тәрбиенің әдістері мен тәсілдері, оқу – тәрбие үдерістерінің нысандары.
Лобораториялық эксперимент – арнаулы жабдықталған орында арнайы жағдайда өткізілетін зерттеу әдісі. Кейде арнайы апрарат пайдаланылады, ал кейде бақылау мен тексерудің нәтижесінде оқыту мен тәрбиенің кейбір әдістері мен тәсілдеріне өзгерістер енгізіледі. Педагогикалық құбылысты ұқыпты бақылау үшін бір немесе бірнеше оқушы бөлініп алынады. Лабораториялық эксперимент педагогикалық зерттеуде сирек қолданылады.
Математикалық әдістер – эксперименттердің нәтижелерін дәл бағалауға көмектеседі.
Педагогикалық зерттеулерді аяқтағаннан кейінгі ең маңыздысы оның нәтижелерін тәжірибеге енгізу.