Мақсатты серуендер. Мақсатты серуендер мектепке дейінгі ауласынан тыс жердегі қоғамдық өмір мен табиғат құбылыстарымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылады.
Сәбилер тобында мектепке дейінгі ұйым орналасқан аптасына бір рет өткізілсе, ересек топтарда аптасына алысырақ жерде Сәбилер тобындағы балалар үйлерді, көлік құралдарын, жаяу адамдарды, естияр тобындағылар мектептер, мәдеиет үйлері, театр сияқты қоғамдық үйлерді бақылайды. Ал балаларға мақсатты серуендер басқа кешелерде, демалыс орындарында немесе орманда әткізіледі, олар орындардағы тәртіп көшедеп қозғалыс ережелерімен танысады.
Мұндай серуендердің маңызы балалардың айналадағылар туралы өз беттерінше алуында, кенәюінде, білімінің тереңдеуінде, бақылағыштыгының дамуында. балалардан ұстамдылықты, ұйымшылдықты, төзімділікті талап етеді.
Тәрбиеші балалармен жұмыстар жүрпзеді: біреулері доппен ойнайды, межеге лақтырады, екіншілері ағашпен өрмелейді (тәрбиешінің көмегімен), үшіншілері нысанаға дейін-жүгіріп барады, ағаштардан аттайды, төбешіктің басынан жүгіріп түседі.
Серуенде тақпақтар немесе күлдіргі өлең айтқызады, айтылуы қиын дыбыстарды пысықтайды, үйретілген әндердің сөзі мен әуенін еске түсіреді және т. б. жұмыстар жүргізіледі.
Мектепке дейінгі ұйымдарда тәулік бойына болатын балалармен кешкі серуен өткізіледі. Ол үшін аула жақсы жарықтандырылады. Балалардың беттерінше ойнауларына мүмкіндік жасалады.
4.7.Ұйқыны ұйымдастыру Ағзаның жұмыс қабілетінің қалыпты жағдайда болуы иен денсаулығының жаксы болу үшін балаларға жақсы болуы үшін балаларға дұрыс ұйымдастырылған ұйқының маңызы зор.Бала көп ойнап,көп қимылдайтындықтан тез
шаршайды. Ұйқы жүйенің жұмыс қабілетін қалпына келтіреді ,баланың өсуі мен жетілуіне дұрыс ықпал жасайды.
Балаларды жақсы ұйықтауға дағдыландыру қажет.Ұйқыға дайындық серуеннің аяғына қарай балаларды тыныш жағдайға келтіруден басталады және тамақтану ,ұйқыға даярлық кезінде де сақталады .Балалардың ұйқысы кезінде шулауға ,музыканы қатты қоюға және қатты сөйлеуге ,үйді тым жарық қылуға болмайды.Бірақ толық тыныштық та зиянды,балалар мұндай тыныштыққа үйреніп кетсе болмашы сыбдырға оятын кететін болады.
Баларды күнде бір уақытта жатқызу оларды тез ұйықтауға дағдыландырады.Сәби жақсы желдетілген бөлмеде ұйықтауы қажет.
Баларды ұйқыға дайындау ұйқыны өте қажет ететін нәзік балалардан басталады.Балалар төсекке ыңғайына қарай оң немесе сол жақ бүйірымен жатқызылады . Қан айналысының тыныс алуын қиындықтан және дене құрылысының қалыптасуына ықпалын тигізетіндектен балаларды етбетінен,тізесін құшақтап, бүрісін жатуына тыйым салу керек.Балалардың қолының көрпе үстінде болуын қадағалау баұылайды,біреуінің көрпесін жөндеп ,екіншісін дұрыс жатқызады ,үшіншісі киіндіреді және т.б.
Балалар ұйқыдан біртіндеп тұрғызылады ,ал нәзік немесе аурудан кейін жаңа келгендер соңынан тұрғызылады ,бірақ уақытынан артық төсекте жатқызбайды.Тәрбиеші балардың белгілі бір тәртіппен киінуін ,барлығының да шашы таралған болуын қадағалайды .
Киіну ересекте балаларда -15мин,сәбилерде 20-25минуттан аспауы керек.Ересектеу балалар төсек-орнын өздері жинайды.
Серуеннен келегенннен кейін балалар жуынады ,кешкі тамағын ішеді,жайбарақат ойындар ойнайды,кітаптар қарайды,тәрбиеші тәулік бойы болатын балаларды түнгі ұйқыға даярлайды.Педогог балалардың сұрауы бойынша әлде нелер жайында әңгімелеп береді.
Тәрбиеші ұйықтакту кезінде әр балаға барып,қамқорлықпен көрпесін жабады ,себебі сәбилер әдетте үйін ,жақындарын ойлап жатады.Соанан соң кезекті ол түнгі кезекшіге тапсырады .
Таңертен балаларды ұйқыдан тәрбиеші тұрғызады ,ертеңгілік серпіту жаттығуларын жасатады,жуынғаннан кейін балалар киінеді.
Тәрбиеші ата-аналарға үйде қйөыны дұрыс ұйымдастыру керектігін айтады. Баланың ұйқысына жайлы болуы үшін жеке төсегі таза ауа және белгілі бір уақытта жатуы қажеттігін ,ұйықтар алдында серуендеу керектігін түсіндіреді . Балаларғакешке көп тамақ берудің ,қара шай,кофе немесе какао ішкізудің зиянды екенін ,қорқынышты ертегілер айтуға ,шулы қимылды ойындар ойнауға ,телевизиялық хабарларды көп қаратуға болмайтынын айтады.