Ұстаздык әдеп – мұғалімнің көркі. Сондай-ақ. мұғалім мен мұғалімнің қарым-қатынастағы ең маңызды көрсеткішінің бірі – ұстаздық әдепті сақтау. Ұстаздық әдеп - инабатгылық, әділеттілік, ұстанымдылық, адамгершілік және т.с.с. қасиеттерден көрініс беруі тиіс.
Иландыру – адамдардың өзара әрекеттік қарым-қатынас жасау процесінің кұралы болып табылады. Иландыру обьективтік процесс. Сендірудің элементі педагогикалық іс-әрекетге практика барысында орын алады. Дұрыс ұйымдастыруда сендіру оқушылардың белсенділігін арттырады, ынталандырады, иландырудың әр түрлі формасы педагогикалық іс-әрекет амалының арнасын кеңейтеді, ол оқушымен жеке жұмыс барысында жақсы тактиканы жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сөздің көмегімен оқушылар бойында сергектік сезімін немесе үрей, қуаныш немесе қоркыныш, өзіне сенімділік немесе сенімсіздік, қызығушылық не зерігу, сенім немесе күмән сезімдерін тудыруымыз мүмкін. Сондықтан сөз құдіретін дұрыс қолдана білу – үлкен өнер.
Педагогикалық байқампаздық – оқушының, тәрбиеленушінің ішкі дүниесіне үңіле білу, баланың кім екендігіне бойлай білу, оның сол сәттегі психикалық қалпын түсіне білу қабілеті. Шебер мұғалім, жақсы тәрбиеші көңілінің азда болса толқуынан баланың ішкі сарайын біле қояды және бұл өзгерістердің неден екенін дұрыс түсінеді. Мұндай мұғалім сылтау табушылардың пиғылын шын мәніндегі зейінділіктен жеңіл айыра алады.
Жаңа материалды түсіндіру кезінде әр түрлі белгілері бойынша әрбір окушының материалдың мазмұнын қалай меңгере алатынын, қалай қабылдап, түсінгенін біле алады және қажеттілігіне қарай қандай шараны қолданудың жолын анықтай алады.
Қорыта келгенде, ұстаздық әдепті сақтау үшін шәкірттерге талаптарды мына тұрғыдан қойған жөн: 1. Сабақты шәкірттердің белгілі бір тобының қабілетіне лайықтап, олардың олардың зерігуіне апармайтын қаркында жүргізу;
2. Тәртіп бұзушыларға бір-екі тапсырманы артық беру;
Балаларға орынсыз тіл тигізбеу;
Оқушылардың болымсыз қылығына ескерту жасамау;
Сыныпта тәртіп орнатуда басқа тұлғалардың көмегіне жүгінбеу.
Бүкіл сыныппен немесе олардың басым көпшілігімен айтыс тартысқа түспеу,егер ондай жағдай болса мәмілеге келуге күш салу;
Орынды мадақтау, шәкіртті марапаттау;
Балалардың көңіл-күйінің көтеріңкі болуына жағдай жасау;
Бағалау, мақтау немесе наз айту шынайы болып, баланың көңіліне қаяу түсірмеу;
Сынып жиынында балаларға еркіндік беріп, шәкірттер өз ойларын ортаға салып, одан сындарлы қорытынды шығару;
Әзіл-қалжыңды орынды қолдана білу, баланың намысына тимеу.
Педагогтың өзін-өзі тәрбиелеу мен кәсіби дамуы Дәстүрлі көзқарас бойынша педагог педагогикалық іс-әрекеттің субъектісі ретінде қарастырылады. Педагог үдерісті жүргізеді, бірақ оның ішкі дүниесі үдеріске әсер ете алмайды. Гуманистік көзқарас бойынша педагог үдерістің ажырамас бөлігі. Оның ішкі жан дүниесі де сол үдеріске тікелей әсер етеді. Яғни, педагог жеке тұлға ретінде дамымаса үдеріс те жетілмей қалады. Сондықтан қазіргі таңда педагог тек қана кәсіби біліктер мен дағдыларды меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар педагогтың жалпы мәдени дамуы мен жеке тұлға ретінде қалыптасуын талап етеді.
Педагог мамандығын таңдаған кезде кез келген адам өз өмірінің бір бөлігін арнайды. Яғни, педагог бола отырып жай ғана жұмысты атқару мүмкін емес. Педагог мамандығын таңдағаннан бастап, педагог сол мамандықпен бірге өмір сүріп, сонымен бірге дамиды.
Педагог мамандығына оқуға түсетіндердің көбі педагог болуға қабілеті бар адамдардеп айтуға болады. Олардың негізгілері қоғамдық құндылықтармен байланысты. Шығармашылық қабілеттерді ғана қарастырып қоймайды, сонымен қатар болашақта пайда бола алатын қасиеттерді де есепке алған жөн. Яғни, педагог даму барысында жаңа қасиеттерге ие бола алады. Даму мүмкіндігі бар мұғалім оқушыларға жақын болады. Себебі ол оқушылардың бойында қызығушылық туғызып қана қоймай, сол пәнді меңгеруге талпынысын оятып, шабыт береді.
Педагогикалық идеал – педагогтың санасында қалыптасады. Педагог жұмыс барысында туындайтын қиыншылықтарды ескере отыра және өзін-өзі қабылдау нәтижесінде «мен болашақта қандай боламын?» сияқты сұраққа жауап беру нәтижесінде педагогикалық идеал пайда болады. К.Д.Ушинскийдің пікірінше адам қанша білім алса сонша ғұмыр сүреді. Бүгінгі күні үздіксіз білім алу – заман талабы. А.Дистервегтің пікіріенше, «педагог өзін-өзі тәрбиелеп, білімін жетілдірмесе, басқаларды тәрбиелеп, білім беруге қабілеті болмайды».
Өзін-өзі дамытудың ішкі және сыртқы қуат-көзі болады. Сыртқы көз қуаты қоршаған ортаның әсері, жақын адамдардың берген бағасы, қоғамның үміті т.б. Ішкі қуат көзі болса, адамның дамуға деген құлшыныс талпынысы.
Педагогтың дамуының ең тиімді жолдарының бірі педагогикалық ұжымның жұмысына белсене қатысып, ғылыми жұмыстармен айналысу.
Өзін-өзі кемелдендіру екі түрлі нәтиже береді. Бір жағынан педагогикалық дағдылар мен біліктерді дамыту болса, екінші жағынан өзін-өзі дамытуды және өзін-өзі қадағалауды үйрену.
Өзін-өзі кемелдендірудің 3 сатысы бар:
1-ші сатысы: студент жай ғана өзін-өзі жақсарту туралы ойлармен шектеліп, нақты талаптар қоймайды. Өзін-өзі тәрбиелеудің құралдары мен амалдарын толық меңгермеген;
2-ші сатысы: студент жалпы талаптар мен мақсаттар қоя бастайды. Олардың кейбіреулері орындалады ойының ұшқырлығы өзін өзі сыни көзбен қарау, өзін-өзі түзету әрекеті іске асырылады;
3-ші сатысы: педагог өзіне нақты талаптар қойып, оларды орындайды, өзін-өзі әсер ету қиындықсыз іске асырылады, мақсаттылық, жоспарлау, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі түзету әрекеті жеңіл орындалады;
Құзыреттілік тұрғыдан оқытуда мұғалімнің рөлі де өзгереді. Оқушылардың дамуына және өзін-өзі дамытуына жағдай жасау – мұғалімнің міндеті. Шетел тілі мұғалімі фасилитатор ретінде сапалы білім беру және тұлғаны дамытуды мақсат етіп қояды. Қарым-қатынаста қауіпсіздік, сенім және ашықтық негізгі қағидат болу керек. Оқушының пәнге деген қызығушылығын, танымдық қажеттігін туғызу оқушылардың өзіндік белсенділігін арттыру дербестік шығармашылық қасиетін дамыту қажет. Мұғалім – ақпарат беруші, оны табушы, біріктіруші, іс-әрекетке жұмылдырушы, рефлексияны ұйымдастырушы, кеңесші, байқаушы, гармонизатор, жетекші және көшбасшы.