Болжамдық біліктер педагогикалық процесстің ақырында қандай нәтижеге жетуге болатынын болжай білу қабілеті. Оның ішінде оқушылардың кез келген педагогикалық әрекетке қалайша жауап қайтаратынын алдын ала анықтау. Сонымен қатар белгілі уақыт аралығында топта қандай да бір біліктің дамуын болжай білу де жатады.
Педагогикалық әрекетте келесі жобалау біліктері қолданылады:
Оқыту және тәрбиелеу мақсаты, мазмұнын нақты педагогикалық міндеттермен ұштастыра білу;
Оқушылардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарын, материалдық база мүмкіндіктерін, өз тәжірибесі мен жеке бас іскерлік қасиеттерін ескере білу;
Қойылған міндеттерге сай іс-әрекетті таңдай білу, шығармашылық іс-шараларды жүйелі жоспарлай білу;
Оқушылармен жеке жұмыс жүргізіп, оның мақсаты кемшіліктерді болдырмау, қабілетті дамытумен байланысты болу;
Оқушылардың белсенділігін арттыратын әдіс-тәсілдер жүйесін құру, олардың мінез-құлқында болатын ауытқуларды болдырмау;
Педагогикалық үдерістің формасын, мазмұнын, олардың ара-қатынасын сақтай отыра зерделей білу;
Жеке тұлғаның дамуына бағытталған орта құра білу және ата-аналармен, қоғамдық ұйымдармен байланыс жасай білу;
Оқу-тәрбие жұмысында ұйымдастыру әрекетіне, мобилизациялық, дамытушылық, бағыт-бағдарлық, ақпараттық біліктер жатады.
Мобилизациялық білік оқушыларды оқу үдерісімен қызықтыру, еңбекке баулу әрекетін қамтиды. Сонынмен қатар, білімге деген қажеттілік, ой еңбегі дағдыларын дамыту, қоршаған ортаға шығармашылықпен қарау, олардың бойында ізгілік, адамгершілік қасиеттерін дамытуға арналған жағдаяттарды түзу.
Ақпараттық білік оқушыға оқу материалын түсіндіре білу, дереккөздрмен жұмыс істеу, дидактикалық негізде ақпаратты өңдей білу қабілеттерін қамтиды. Сонымен қатар аталмыш білік жеткізе білуге мүмкіндік береді.
Дамытушылық білік жеке оқушы мен топтың даму деңгейін біле отырып оның болашақта даму бағыт-бағдарын айқындау. Жақын даму аймағы (zone of proximate development) қағидатын іске асыру (Л.С.Выготский).
Бағыт-бағдарлық білік оқушыларда еңбекке, табиғатқа, отанға деген сүйіспеншілік сезімін дамытуға бағытталған. Оқуға, ғылыми ізденістерге баулу, біріккен шығармашылық іс-әрекетке бейімдеу.
Коммуникативтік әрекет педагогикалық техниканы ғана қамтымай, сонымен қатар мұғалімнің және сыныптың қарым-қатынасқа түсу белсенділігін қамтиды. Оның ішіне перцептивті білік кіреді. Перцептивті білік – басқаларды түсіне білу қабілеті, олардың жеке бас ерекшелігі, құндылыққа көзқарасын анықтай білу.
Қарым-қатынасқа түсе білу сыныптағы психологиялық ахуалды және оқушылардың қарым-қабілетін аңғарып, топшылау.
Мұғалімнің қоғамда алатын орны ерекше. Ол жас ұрпақтың болашақ тағдыры үшін өзін жауапты сезінеді, оның міндеттерін, білім деңгейін, қоғамда алатын орнын анықтауға ат салысады. Адамгершілік қсиет, белсенділік, іскерлігі арқасында баланың жүрегіне жол тауып, оның жан дүниесінің таза болуына, қоғам үшін жан тәнімен еңбек етуге құштарлығын оятатын, алуға ұмтылдырып талаптандыратын мұғалім. Оны осы қасиеттері үшін адам жанының инженері деп атайды.
Өмірдің әр саласын сияқты, педогогикалық қызметте де нағыз талант иелері сирек кездеседі. Әрине, әр мұғалімнің ерекше дарынды болуы да болмауы да мүмкін. Алайда, ол өз ісінің адал, еңбексүйгіш шебері болуы тиіс. Педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың бірнеше жолдары бар.
Тәрбие беру ісіндегі аса маңызды жайттардың бірі - педагогикалық әдеп. Бұл қасиет мұғалім бойындағы мақсатқа сай адамгершілік сезімді білдіреді. Мұғалім оқушыларға педагогикалық ықпал жасайды. Мұғалімнің оқушылар арасындағы сапалық көрсеткіші бұл беделі мен өз ісіне деген адалдығы. Мұғалім тек оқушылар үшін ғана емес, бүкіл жұртшылық, ата-аналны үшін үлкен үлгі-өнегесі. Ол көпшіліктің назарында жүріп, әрдайым өз қызметін талапқа сай атқара білетін тұлға.
Өзін-өзі үйлесімді ұстай білетін, ілтипатты, қарапайым, әділетті болуы да әдеппен тікелей байланысты. Әділетті ұстазды бола әр кезде бағалап, сыйлайды, құрмет тұтады. Ол бала жүрегіне жол таба біліп, жүректе орын табатын, педагогикалық қызметінің хас шебері болып қала береді.
Қорыта айтқанда, мұғалім – шынайы адамгершіліктің үлгісі. Ол өзінің ана тілінің әдеби және ғылыми сөз байлығын жете меңгерген, өз ұлтының әрі дүние жүзінің рухани игіліктерін бойына молынан сіңірген зиялы қауым өкілі болуы керек.