Педагогикалық акмеология



бет13/36
Дата03.11.2023
өлшемі0,78 Mb.
#121608
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36
Байланысты:
УМК педакмеология 2019, курс 3

Ұсынылатын әдебиеттер: [2],[5],[6],[12],[18],[19],[27]

3 дәріс тақырыбы. Ұстаздық қарым-қатынас акмеологиялық проблема ретінде


Өмір, тіршілік адамдардың бір-бірімен араласуынан, қарым-қатынастан тұрады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас дегенді қалай түсінеміз? Қарым-қатынас ұғымы – адамның ішкі жан дүниесінің сыртқы көрінісі, олардың күнделікті өмір тіршілігіндегі бейнесін жасаудағы іс-әрекеті.
Өмірдегі әр түрлі тіршілік жағдайына, өмірлік, қоғамдық қажеттілікке қарай адамдар арасындағы қарым-қатынастың маңызын, функциясын білу қажет. Жеке тұлғаның калыптасуындағы мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың орны ерекше. Қандай адам болсын, мейлі оқымысты, мейлі қарапайым жұмысшы болсын, мектеп өмірі туралы аса бір жылылықпен еске түсіруі жиі кездеседі. Бұл қарым-қатынас оқушының жеке бас қасиеттерінің қалыптасуына зор ықпал етеді.
Мұғалім мен оқушы - даралық қасиеті бар, екі түрлі субъект. Мәселенің негізгісі осы әр түрлі рухани дүниені біріктіру. Педагог міндетті түрде ықпал ету нысанын көріп қана қоймай, жасалған ықпалының нәтижесін көру керек. Мұғалім көп жағдайда өзінің сәтті ұйымдастырылған іс-әрекеттің тәрбиеленушіге оңтайлы ықпал ететініне сөзсіз сенеді. Алайда баланың илану, бағыну себебі, келісімі, эмоциясы, іс-әрекеті міндетті түрде ескерілуі керек. Мұғалім үшін кері байланысты түсініп, қабылдауы өте маңызды. Мұғалімдер қалыптасқан әдет бойьнша өзімен әңгімелескен оқушыға өз сырларын айта бермейді. Өзінің оқушылары, жұмысы туралы бәріне әңгімелеп бергісі келіп тұрса да, ол екінші тараптың ішкі жан дүниесіне немқұрайды қарамаған абзал. Оқушылармен қарым-қатынаста да осы «мамандық қасиеті» айқын көрінеді, көп жағдайда мұғалімнің оқушымен әңгімесі өзінің монологын құрап, ал мазмұны ескертуге толып кетуі мүмкін.
Қарым-қатынас басқа біреудің жан дүниесіне «Мен» ұғымын ұялату. Бұл оңай шаруа емес, өйткені өзіңе ұқсамайтын басқаның жан дүниесін түсіну үшін психологиялық дайындық қажет. Сондықтан қарым-қатынасты ұйымдастырғанда субъектінің психологиялық жағдайын ескеру өте маңызды. Кез-келген адам баласымен қарым-қатынаста оның психологиялық ерекшелігін ескеріп, оған көңіл бөлу кажет.
Мұғалім мен мұғалімнің, мұғалім мен басшының қарым-қатынасы қарама-қарсы нақтылық пен сөз мәдениетін талап етеді. Сөз жүйесі, сөйлемдер тізбегі жылдам, әрі түсінікті болуы шарт. Оқыған адамдар тез түсініп, дәл қабылдай алатын болу керек. Ең бастысы – іскерлік қарым-қатынаста екі жақты пікірдің келісім табуы. Білімділіктің, кәсіби шеберліктің жемісі ең басты нәтиже болмақ. Осы мақсаттағы маңызды тетіктерге төмендегі ой-тұжырым жатады:

  1. сөз өте жинақы, тұжырымды болып құрылуы;

  2. уақытты тиімді пайдалану;

  3. істің жоспары, шарты, заңдылығы болуы:

  4. мұғалім білімді, кәсіби біліктің шебері болуы:

  5. құқықтық білімнің болуы;

  6. сөз мәдениетін меңгеруі;

  7. азаматтық, адамгершілік талаптарды қатаң сақтау;

  8. әдеп нормаларына сай жүріс-тұрыс, киім кие білу мәдениетіне
    мән беру маңызды.

Сыныппен алғаш кездескен жас педагогтар, жаңадан үйретіп жүрген тәрбиешілер, практикадағы студенттер сыныппен қарым-қатынас жасаудың оңай емес екенін айтады. Педагогикалық практика кезінде мынадай сұрақтарды жиі естуге болады? «Балалармен қалай сөйлесу керек?», «Әзіл айтуға бола ма?», «Балалар неге тыңдамайды?», «Бұйықтық пен ұялшақтықты қалай жеңуге болады?» т.б. Осы сұрақтардың барлығы – педагогикалык қарым-қатынасты меңгере білмеудің нәтижесі. А.С.Макаренко былай деп жазған болатын: «Мен үшін менің практикамда, сондай-ақ сіздер үшін, көптеген тәжірибелі мұғалімдер үшін мұндай «түкке тұрмайтындар» қалай тұру, стол қасындағы орындыққа қалай дұрыс отырып, қалай дұрыс көтерілу, күлу, көз түйістіру өте маңызды бола бастады. Бізді бұған ешкім үйретпеді, ал мұны үйренуге болады және үйрену қажет те, ең үлкен шеберліктің мәні осы және осы болуы тиіс».
Балалармен педагогикалық өзара әрекетте ұсақ-түйек жоқ барлығы да, көзқарас, көз жанарының қозғалысы, дене қимылы және т.б. жұмыс істейді. Өйткені біз жай қарым-қатынас емес, кәсіби іскерлік пен қарым-қатынас жасаймыз.
Өз тобында мынадай жаттығу өткізіп көр: екеуара жұптасып, әр нәрсе туралы әңгіме-дүкен құр (фильм, кітап, заттар т.б.) - Ал енді сонда отырғанның біреуі аудиторияға шығып, барлығының алдында жаңағы айтқан сөздерін қайталап көрсін. Сонда қарым-қатынас жүйесінде қандай өзгеріс болғанын сіз бірден сезінесіз.
Көпшілік алдында сөз алған шешенде байқалатын ең негізгі сезім-түсініктері мынадай:

  1. Әңгімені қалай бастауды білу.

  2. Толық ұғынықты, әрі түсінікті айтып бере алмаймын-ау деген қобалжу.

  3. Қарым-қатынас мақсатындағы еленбейтін өзгерістер.

  1. Бұрын пайдаланылған қарым-қатынас амалдарын өзгерту қажеттігі жайлы түсініктің болуы.

  2. Қарым-қатынас жүйесіндегі бір нәрсені өзгерту қажет деген түсінік,бірақ не екені-онша айқын емес болуы.

  3. Жұрт алдында сөйлеу дағдысының болмауы.

  4. Бұрын табиғи болып келген дене қимылының, қозғалыстың, жалпы мінез-құлқының ерсілеу сияқты болып сезілуі.

  1. Қарым-қатынастың өзгерген формадағы, мәнерлеп бірлесе атқару компоненттерін қажет етуі.

  2. Өзіңізді дұрыс түсіну үшін жоспарланған ақпаратты негұрлым сол қалпында жеткізуге талпыныс білдіру.

  3. Тыңдаушыны қызықтыруға күш салу, зейінін жаулап алу. Ақпаратты сұрыптауға, мазмұндауға және бағалауға байланысты тұлға өзіне едәуір талап қою керек.

Байқаған боларсыздар, көпшілік алдында сөйлеу үшін қарапайым қарым-қатынасты барынша жаттықтыра түсу қажет. Тек осындай кәсіптік-педагогикалық қарым-қатынаста, оған қоса балаларды шынайы жақсы көргенде ғана педагогикалық үдерістің бүкүл мәні айқындала түседі. В. А. Сухомлинский айтқандай, тәрбиеші өнері ең алдымен сөйлеу өнерімен, адам жүрегін баулап алу өнерімен көрінеді. «Балаларға іскерлікпен табанды түрде айтылған жақсы сөздің, -деп жазды А. С. Макаренко, - орасан зор маңызды болатынына мен кәміл сенемін, біздің ұжымдық іс-әрекетімізде әлі де көптеген қателіктердің болуы, сірә, біз көп жағдайда балалармен дұрыстап сөйлесе білмейтіндігімізден шығады. Сіздің сөзіңізден, сіздің жеке басыңыздың күш қайраты, жігер лебі есіп тұратындай етіп сөйлей білу кажет. Осыған үйрену кажет».
А.С.Макаренконың, В.А.Сухомлинскийдің және басқа да көрнекті педагогтардың еңбектерімен танысу, озат педагогикалық тәжірибелер мынаны көрсетеді: балалармен өте оңтайлы қарым-қатынас жасай білу көп жағдайда оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін камтамасыз етеді. А.С.Макаренконың педагогикалык тәрбие ықпалындағы тамаша үлгілері; В.А.Сухомлинскийдің педагогикалық жұмысындағы адамдармен қарым-қатынас орнату әдептілік пен нәзіктік категориялар осының дәлелі.
Қарым-қатынас ұғымы – пәнаралык ғылыми категория. Бұл ұғымды, қарым-қатынастың мән-мағынасын философия, әлеуметтану, психология, педагогика және т.б. ғылымдар қарастырады.
«Қарым-қатынас» ұғымын педагогика мен психологияға алғаш рет А.Ф. Лазурский енгізген. Ол тұлғаның сыртқы нысанға, адамға, рухани байлыққа, материалдық дүниеге қатынасын білдіретін ұғым.
Психологияда ең алғаш рет А. Ф. Лазурский тұлғаның қарым-қатынасын проблемасын адамның мінез құлқымен байланыстырады. Ол қарым-қатынастың 15 тобын талқылап жіктеуі, яғни, олар коғамға, табиғатқа, адамға, өзіне-өзі, т.б. санаттарға бөлінеді.
Ал В.Н.Мясищев, А.Ф.Лазурский көз қарасын дамыта отырып, тұлғааралық қарым-қатынасының психологиялық анықтамасын түзді. Адамның психологиялық құрылымы санасымен, өмірге қатынасымен анықталады. Саналы тұлға қарым-қатынастын күрделі динамикалық жүйесін білдіреді.
В.Н.Мясищев қарым-қатынас түсінігінің маңызын аша отырып, психологиялық тұлғаның белсенді, таңдамалы бағытының, іс-әрекетінің сипатын айқындап, мінез-қылығында көрініс табатын ерекшелігіне талдау жасайды. Сондықтан, қарым-қатынас адамда шындықтың объектісін танып білудің нәтижелерін, қатынасын психикалық ерекшелік ретінде түсіндіреді.
Қарым-қатынас сипаты қоршаған шынайы өмірге тәуелді келеді, оның ортамен, дүниемен байланысын білдіреді, тұлғаның ішкі жан дүниесінен хабар береді. Қарым-қатынас жүйесі адамның жеке бас дамуының жемісі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет