Идентификация – бөгде адамды саналы түрде қабылдап, оның мінез-құлқын түсіну, оның орнына өзін қойып көру ниетімен оның жан дүниесін, ой топшылауын, іс-әрекетін, тек сырттай ой сезімін ойша құрастыру. Қарым-қатынас үшін тек сырттай бөгде адам ретінде оны түсіну ғана емес, сондай-ақ онымен қарым-қатынасқа түскен адам бөгде адамның қалайша өзін қабылдап, түсініп тұрғанын назарға алу да маңызды. Қарым-қатынасқа түскендердің біреуі өзін қандай түрде, дәрежеде кабылдап тұрғанын ой елегінен өткізсе, онда бұл қарым-қатынас рефлексия деп аталады.
Рефлексия – адамды түсіну негізіне жатады. Рефлексия – ойлану, толғану, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі тану, ішкі жан дүниесін, психикалық қасиетін, өз әрекетін талдай білу. Әрекеттілік рефлексия үш кезеңнен тұрады: іс-әрекетті талдау, өткен іс-әрекетке сыни түрде талдау жүргізу және әрекеттің жаңа үлгісін, нормасын іздеу, оны түзу. Рефлексивтік психологияда рефлексия бес кезеңнен тұрады: стереотиптер, қобалжу регрессиясы, жігерлену-құлшыныс, өзіндік сананың өсуі, жаңа өнім беру және рефлексия интеллектуалдық, коммуникативтік, кооперативтік синтетикалық болып бөлінеді. Бөгде адамды түсіну - сол адамның қарым-қатынасын қабылдау тек қана өзіне арналғандығын құптау. Осылайша адамның адамды қабылдауы онын айналадағы бейнесі секілді.
Адам бөгде адамды қабылдай отырып бейнелей отырып, өзін сол адамның қабылдау аясында бейнелейді. Қарым-қатынас барысында идентификация мен рефлексия бірлікте болады. Егер де әрбір жеке адам өзі қарым-қатынасқа түскен адамдар туралы әрқашан толық хабардар болса, онда ол өзара қатынасты ешқандай қиындықсыз құра алады. Бірақ күнделікті өмірде адам басқа адам туралы әрдайым хабардар бола бермейді.
Стереотипизация – қылықтар түрлерінің формасы және кейде ешқандай негізсіз қылықтарды таныс немесе таныс емес сияқты көрінетін құбылыстарға жатқызу, яғни әлеуметтік стереотипке жауап беру. Стереотип бұл жерде өз бетінше қалыптастырған адам бейнесін әрдайым белгі ретінде ұстану.
Педагогикалық қарым-қатынас технологиясы жоспарлы ерекше шығармашылық тип ретінде ақпаратты бере алуда, оқушының жағдайын түсінуде, балалармен өзара қарым-қатынас ұйымдастыруда, қарым-қатынас серігіне әсер ету өнерінде, өзінің психикалық жағдайын басқара алуда көрініс табады.
Коммуникативті міндет. Кәсіби педагогикалық қарым-қатынас процесі коммуникативтік міндет жүйесі ретінде берілгендіктен, педагогикалық қарым-қатынас технологиясының мәнін «коммуникативтік міндет» ұғымымен айқындайды.
Коммуникативтік міндет педагогикалык міндеттен шығады, дәл сондай шешу кезеңдерінен тұрады: жағдайды талдау, нұсқаларды және оның ішінен тиімдісін сұрыптау, коммуникативтік қатысым және оның нәтижесін талдау.
Педагогикалык міндетті шешудің барлық кезеңінде педагог карым-қатынас технологиясын қолданады, соның көмегімен педагогикалық әрекетті ұйымдастырады.
Жалпы коммуникативтік міндет баяндау және ынталандырудан кұрылады. Баяндау турлері: баяндама, мәлімет беру, хабарлау, атап өту, жауап, жеткізу, рапорт және т.б. Ынталандыру түрлері: бұйрық, талап ету, ескерту, ақыл беру, тапсырма, шақыру, өтініш, уағыздау және т.б.
Коммуникативтік міндет оқыту міндетін шешудің әдісі ретінде қарастырылады. Мұғалімнің коммуникативтік іс-әрекетінің -қызметі белгіленген:
ынталандырушы
жауап беруші
бақылаушы
ұйымдастырушы
Коммуникативті міндеттерді шешудің кезеңдері келесі негізден кұралады: 1. Қарым-қатынас жағдайында бағыт-бағдар көрсету кезеңі келесі құрамбөліктерге сүйенеді: педагогтың қарым-қатынас стилін сезіну, осы ұжыммен болатын қарым-қатынастың ерекшеліктерін ойша құрастыру - коммуникативті есте сақтау; жаңа коммуникативтік кызмет жағдайында карым-катынас стилін анықтау; сыныптағы жағдаятты және ағымдағы педагогикалық міндетті айқындау. Мұнда соның негізінде сынып, балалар тобы немесе жеке тәрбиеленушілер қатыса алатын қимыл-қозғалыс объектісін нақтылау жүзеге асады.
Өзіне көңіл аударту кезеңі әртүрлі тәсілдердің көмегімен жүзеге асырылады. Олар мына варианттарға бөлінеді: сөздік-вербалды қарым-қатынас, өзіне көңіл аудартудың ішкі белсенді талабы мен үзіліс, белгі-кестелерді, көрнекілікті қолдану, тақтаға ақпарат жазу.
Пайдаланатын құралдары бойынша: бейвербальды қарым-қатынас – тіл, сөз арқылы қарым-қатынас жасау; ал бейвербальды емес – басқа адаммен немесе адамдар тобымен сөзді пайдаланбай белгілер, таңбалар, символдар, ым-ишарат, пантомимика арқылы қарым-қатынас жасау.
Нақтылау кезеңінде педагог алдыңғы кезеңдерде жинақталған қарым-қатынас жағдайын және мүмкін болатын міндеттерді нақтылайды. Өнімді қарым-қатынас деңгейін анықтауға талпынады.
Коммуникативтік міндетті шешудің негізгі кезеңі – вербальды қарым-қатынасты жүзеге асыру. Мұндай қарым-қатынастың нәтижесі, нақты айшықты сөйлеу, тілдік құралдарды дұрыс таңдай білу, ақпаратты мақсатты түрде беру білу, мәтінді логикалық түрде кұрастыра білуі дауыс ырғағын орынды пайдалана білу сияқты қасиеттермен байланысты.
Коммуникативтік міндетті шешудің ең соңғы кезеңі – кері мазмұнды, мағыналы және эмоциональды байланысты ұйымдастыру. Мұндай мазмұнды байланыс қатысушылардың оқу материалын меңгеру деңгейі туралы акпарат береді. Ол фронтальды және шұғыл жеке сауалнама арқылы орындалған тапсырманы талдау аркылы жүзеге асырылады.