Білімді жақсы меңгерудің шарттары: - Оқу материалының проблемалық қасиеті (білім, таңдану, қызығушылық);
- Баланың ынта-ықыласы (білімді «бар ынтасымен» бойына сіңіру);
- Білімді бала өмірімен,ойын және еңбек арқылы үйлесімді байланыстыру;
Бүгінгі таңда проблемалық оқыту әдісінің негізі болып, мұғалімнің проблемалық жағдаяттарды және де оқушының іздемпаздығы, сонымен қоса ойлау қабылеттілігін дамытуға көп көмегін тигізеді.
Проблемалық оқыту әдсіне тән қасиеттер, ол яғни білім дайын түрінде берілмейді, және де мұнда белгілі бір ереже немесе құрылымы болмайды. Барлық мәселе оқушының өзінің ізденімпаздығына байланысты болып табылады. Сонымен қоса бір нәрсені де ұмытпағанымыз жөн, ол яғни қазіргі замандық ғылыми білімнің өзіндік проблемасының бар екендігінде.
Проблемалық оқыту әдісі белсенді әдістердің қатарына жатады. Проблемалық оқыту әдісі негізі материалдардың қиындығы мен оның проблемалық ситуацияларына тікелей байланысты.
Жоғарғыдағы айтылғандардың барлығын топшылай келе, проблемалық әдіс – ол проблемалық ситуациялардың негізінде құралған, оқушылардың беслсенділігін арттыру, қиын сұрақтарды шешу, білімді меңгеру болып табылады.
Қазіргі таңда проблемалық оқыту әдісінің аясында екі проблемалық жағдаятты айқындауға болады: психологиялық және педагогикалық жағдаят . Біріншісі оқушының үлгеріміне қатысты болса, екіншісі оқу үдерісіне байланысты.
Педагогикалық проблемалық жағдаят мұғалімнің көмегімен орындалады, онда мұғалім әртүрлі сұрақтарды қоя отырып оның маңыздылығын және өзгешелігін көрсетеді.
Проблемалық оқыту әдісі бүкіл оқу үдерісінде кездесіп отырады, атап айтар болсақ: түсіндірме, бақылау т.б. жағдайларда көрініс табады. Мұғалім проблемалық жағдаяттарды ұсына отырып, оқушыларға оның шешімін табуға жол сілтейді. А.Дистервегтің пайымдауынша «Қатардағы мұғалім ақиқатты баяндайды, ал шебер мұғалім ақиқатты табудың жолын көрсетеді». Осы мақсатта оқушылар проблемалық жағдаяттарды шеше отырып, ол жаңа білімді меңгеруде көптеген амал- тәсілдерді меңгереді.
3. Проблемалық жағдаяттарды әдістік жолмен құрастыру: -мұғалім оқушыларға сұрақ қоя отырып, олардың өздеріне шешім табуды жүктейді;
- бір сұраққа өздерінің әртүрлі көз қарастарын, ойларын білдіреді;
- сыныпта проблемаларды әртүрлі позицияда қарастырады мысалы, заңгер, психолог, финансист т.б.;
- нақты сұрақ қою;
-проблемалық теориялық және практикалық тапсырмаларды анықтау, мысал, зерттеу;
- проблемалық тапсырмаларды ерекшеліктер қоя білу: мысалы сұрақ қоюдағы түсінбеушілік, уақыттың шектеулігі т.б.
Проблемалық оқыту әдісін жүзеге асыру үшін: -ең өзекті мәселені қарастыру, таңдау;
-проблемалық оқыту әдісін өзгешелігін басқа да оқу жұмыстарында пайдалану;
-проблемалық оқыту жүйесін құру;
-мұғалім өзінің шеберлігінің арқасында және қарым-қатынас саласындағы тәжірибе негізінде оқушылардың білімге деген қызығушылығын туғызады;
Проблемалық оқытудың төрт кезеңі бар: 1. Мұғалім өзі проблеманы қойып, оқушылармен бірлесе отырып шешеді;
2. Мұғалім проблеманы қояды, ал оқушылар өз бетімен және де мұғалімнің басшылығымен шешеді. Бұл жерде олардың ойлау қабілеті жақсы дамиды;
3. Оқушы өзі проблема қояды, ал мұғалім оның шешуіне көмектеседі;
4. Оқушы проблеманы өзі ұсынып, оны өзі шешеді.
Проблемалық оқыту әдісінің артықшылықтары: - бетімен білімін дамыту;
- оқу еңбегіне деген өте жоғары қызуғышылық;
- продуктивтік ойлау қабілетін дамыту;
- сапалы және қажеттіе білімді меңгеру;
Кемшіліктері: - қойылған мақсатты орындау үшін көп уақыт жұмсау;
- Тапсырмаларды орындауда уақыттың жетіпспеушілігі;
Сонымен, проблемалық оқыту әдісі оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытады. Ал шығармашылыққа біз келесі қабілет кешенін жатқызамыз: - пікірталас жүргізу;
- қарсыласын тыңдау және оның ойын түсіне білу;
- уәждар бойынша өзінің көз- қарасын білдіру;
- өз ой пайымын нақты, түсінікті түрде жеткізу;
- сұхбаттасушымен тіл табыса білу;
- тек бір ғана шешім ұсынбай, мәселеге байланысты әртүрлі шешімдерді көпшіліктің талқылауына ұсына білу;
Проблемалық оқыту әдісі қолдануда оқушылардың өз бетімен дамуына көп көмегін тигізеді, қызығушылығымен тапқырлығын дамытады. Ол мұғалім мен оқушылардың творчестволық бірлестігімен қоса, және де материалдарды терең және жақсы меңгеруге көмегін тигізеді;
Айтып өтер болсақ, сол және басқа проблеманы алдын- ала әсерлі талдау үшін оқушыларға сабақ бойынша бір- біріне сұрақтар дайындау, ұйымдастыру сәті, этикалық нормалар, аргументтер және т.б. жатады. Пікірталастың соңы маңызды кезең болып табылады. Сондықтан да оқушыларға пікірталас кезінде қолдау көрсетіп ынталандыру, әр тапсырманы орындауға қызығушылығын тудыру проблемалық оқыту әдісінің басты міндеті болып табылады.