Педагогикалық акмеология



бет18/36
Дата03.11.2023
өлшемі0,78 Mb.
#121608
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36
Байланысты:
УМК педакмеология 2019, курс 3

Ұсынылатын әдебиеттер: [2],[3], [4], [5], [6],[18],[19],[27]

5 дәріс тақырыбы. Акмеәлеуеті бар білім беру технологиялары


Топпен және ынтымақтастық негізде оқыту
XVIII ғасырдың аяғында Джозеф Ланкастер мен Андрю Белл Англия және Индияда халыққа “жаппай” білім беруде, топтық оқыту әдісін кең қолданып, 1806 жылы Нью-Йоркта Ланкастер мектебін ашты.
Әлеуметтік өзара тәуелділік теориясы
Топпен оқытуды әр тұлғаның өзара тәуелділігінің оң нәтижесі деп қарастырады. ХIX ғасырдың басында Курт Коффка (гештальт-мектебінің негізін салушылардың бірі) топты динамикалық біртұтас деп санап, мүшелер арасындағы өзара тәуелділік вариальды (өзгермелі) деп есептеді. Курт Левин топтың негізгі мақсаты ондағы мүшелердің өзара тәуелділігі, ал топ «динамикалық біртұтас» болып табылады деді. Топтағы (топшадағы) бір жеке мүшесінің жағдайының өзгеруі сол топтағы немесе топшадағы басқа мүшелерінің жағдайының өзгеруіне әкеп соқтырады деді. Мортон Дейч (Левиннің шәкірті) ХХ ғасырдың 40-шы жылдарында ең алғаш әлеуметтік өзара тәуелділік теориясын тұжырымдады. Өзара тәуелділік оң, теріс немесе болмаған (не существующий) болуы мүмкін. Бұл теорияның негізгі бағыты әлеуметтік өзара тәуелділік образын сомдау.
Оң өзара тәуелділік кезінде тұлға бір-бірімен тығыз байланысты болып оқытуға, оқуға әрекет жасайды және бұл өзара тәуелділіктің алға жылжыған озық түрінің нәтиже алуға қиындық туғызады.
Теріс өзаратәуелділікте (жарыс) әрекеттесу қарама-қарсы жүреді, бұл кезде тұлға бір-біріне кедергі жасап нәтижесін беруге қиындық туғызады.
Болмайтын өзаратәуелділікте мүлдем араласу болмайды, әр тұлға өзі тәуелсіз жеке жұмыс жасайды.
Когнитивті-дамыту теориясы – бұл кезде араласу когнитивті дамудың қажетті элементі болып табылатынын қарастырады.
Бұл жерде әрқайсы нәтижеге жету үшін жұмыс жасайды. Джин Пигеттің айтуы бойынша жеке тұлға қоршаған ортамен байланыс кезінде пайдалы әлеуметтік-когнитивті кикілжіңдер болады да (дисбаланс) жайсыздық пайда болып, когнитивті дамуға және болашақты (перспективті) ойлауға әкеліп соқтырады дейді.
Л. Выготский топпен оқытуда мәселелерді шешу және түсіну білімді мөлшерлеуге қажетті фактор болып табылатынына және жалпы болашақтың “ішкі ойлау қызметіне” ұласатынына сенді.
Д. Пигет және Л. Выготский үшін топпен жұмыс әріптестері және оқушылар үшінде когнитивті дамытуға, интеллектуалды өсуге пайдасын тигізеді деп есептеді. Топпен жұмыс кезінде оқушы алған ақпаратын және бар білімдерімен ұштастырып пайдаланып когнитивті түрде жаттығады.
Бихевиористік оқыту теориясы – бойынша оқушы тапсырманы табандылықпен орындап, нәтижесінде марапат (награда) алулары қажет. Ал марапат (награда) алмайтын немесе жаза (наказание) алатын тапсырмаларды орындамайды. Топпен оқыту кезінде топ мүшелеріне және топқа қатысушыларға ынталандыруды қарастырады.
Жоғарыдағы үш теория бойынша, топпен оқыту жарысқа және жеке оқытуға қарағанда жақсы нәтижеге жеткізеді. Себебі, топпен оқыту кезінде әр топ мүшесі өз оқу мақсатына басқа топ мүшелері де жеткен уақытта ғана қол жеткізеді.
Үш теорияның бір-бірінен мынадай айырмашылықтары бар:

  • әлеуметтік тәуелділік теориясы бірлесіп жұмыс істеу, ішкі мотивацияны (ынтасын) тудырады, яғни ортақ белгілі бір мақсатқа жеткізеді. Жеке тұлғаның бір-бірімен концепциялы байланысына негізделген;

  • когнитивті-дамыту теориясы жеке тұлғаның перспективтілігіне негізделген;

  • бихевиористік теория оқытуда топтағы мүшелердің бірдей мақтау алу мақсатында ынталы жұмысының нәтижесі;

Бірақ бұл айырмашылықтар әлі де зерттеліп жатыр.
Зерттеу нәтижесінде топпен жұмысты ұйымдастырудың бес негізгі элементтері аталып көрсетіледі:

  • позитивті өзара байланыс;

  • жеке жауапкершілік;

  • ынталандыру қарым-қатыснасы;

  • әлеуметтік дағды;

  • топтық жұмыстың үрдісі;

Осы айтылған элементтердің әрқайсысының мұғалім жұмысындағы маңызын қарастырайық.
Топтағы оқушылар бір-бірімен байланысты екенін, әр оқушы басқа оқушы жұмысты орындамайынша жетістікке жетпейтінін мұғалім түсіндіріп қамтамасыз ету керек. Әр сабақта әр оқушы және топтың барлық мүшесі берілген материалды меңгеру жағынан жауапкершілікті сезінулері қажет.
Позитивті өзара байланыс барлық бағаларды қосып барлық топ мүшелерінің 90 % тестке дұрыс жауап берсе, онда әрқайсысы оң баға және қосымша рольдерді енгізу қажет. (Әр топ мүшелеріне жалпы тапсырманы бөліп беріп, басқа ақпараттармен толықтыруларын талап ету керек).
Әр оқушының жауапкершілігін арттырып, әр оқушының білімін жеке бағалау кезінде:
а) әр оқушыға жекелеме тест жұмыстарын беру;
б) өзінің білгенін топтағы екінші адамға түсіндіру;
в) топтағы әр мүшенің жұмысын және топқа енгізген еңбегін бақылау.
Мұғалім оқушыға нәтижеге жетуге ынталандыруды қамтамасыз етеді (бір біріне көмектесуге, қолдауға).
Осындай жолмен ұйымдастырылған когнитивті үдеріс, мәселені шешуге, өзара бір-бірін қолдауға, осы сабақта алған білімдерімен ұштастыруға ықпалжасайды. Нәтижеге жету үшін топта 4-5 оқушы болған қолайлы.
1. Мұғалім оқушыларды қолдануға қажетті әлеуметтік дағдылармен қамтамасыз етеді. Жұмыстың нәтижелілігі топтың және тұлғаның ішкі дағдыларына байланысты. Көшбасшылыққа, шешім қабылдауға, сенімге кіруге, коммуникативтікке және дау-дамай жағдайында өзін басқаруға, қадағалауға үйрету.
2. Мұғалімнің оқушының топтық процесске қатысуға уақыт беруі уақыт беруі қажеттігін қамтамасыз етуіне жағдай туғызады. Мұғалім оқушының бірін-бірі оқыту және оқу кезіндегі үдерісін жетілдіру жолдарын анықтайды. Оқушы осы процесстерді жетілдіруге үнемі жұмыс жасау керек.
а) Жұмыс уақытында қандай әрекеттің пайдасы және тиімділігіне және топ мүшелерінің оқу мақсатына жетуін қамтамасыз ету.
б) Жұмыс нәтижесінде қай модельді жетілдіру және өзгерту қажеттігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет