Педагогикалық міндеттерге сәйкес қарым-қатынасты кұрастыра және өзгерте алмау;
Окушының ішкі психологиялық ұстанымын түсінбеу;
Өзінің психикалық жағдайын басқара алмау т.б.
В.А.Кан-Каликтің пайымдауынша, кәсіби-педагогикалық қарым-қатынастың құрылымы төмендегідей болады:
Педагогтың оқушылармен қарым-қатынасын жобалауы.
Бастапкы өзара әрекеттестікте тікелей қарым-қатынасты орнату.
Педагогикалык үдеріс барысында карым-катынасты баскару.
Жүзеге асырылған қарым-қатынас жүйесін талдау және оны болашақ іс-әрекетке сәйкес жобалау.
Педагогикалық қарым-қатынасты құрайтын іскерліктер:
Акпаратты беру іскерлігі;
Окушы жағдайын түсіну;
Балалармен өзара қарым-қатынас орнату;
Қарым-қатынастағы серіктесіне әсер ете алу қабілеті;
Өзінің психологиялық жағдайын басқара алу және т.б.
Кәсіби педагогикалық қарым-қатынас коммуникативті міндеттертүрінде жүзеге асады. Коммуникативті міндеттер дегеніміз коммуникация тіліне аударылған педагогикалық міндеттер.
А.А. Леонтьев коммуникативті міндетті проблемалық жағдаяттарды бағыттау нәтижесі деп анықтап, оның мақсаты сұхбаттасушыға әсер ету дейді.
Коммуникативті міидеттерді атқару төмендегі мақсаттарды көздейді: - оқушыларға ақпарат беру;
- оқушыларға әсер ету; әрекетке ынталандыру.
Коммуникативті міндеттерді шешудің кезеңдері: 1) қарым-қатынастың белгілі жағдайға бағытталуы;
2) зейінді аудару;
обьектінң "жанын жаулау";
вербальды қарым-қатынас орнату;
эмоциональды және мазмұнды-мағыналы кері байланысты ұйымдастыру
Педагогикалык қарым-қатынас стилі дегеніміз – педагог пен оқушы арасындағы қарым-қатынастың жеке типологиялык ерекшіліктері, қарым-қатынастың сыртқы көрінісі.
Педагогикалық қарым-қатынас стильдері мұғалімнің коммуникативті мүмкіндіктерінің ерекшеліктерін, педагог пен оқушы арасындағы қалыптасқан қарым-қатынастың сипатын, педагогтың шығармашылық ерекшелігін, окушылардың өзіндік даралығын, ерекшелігін көрсетеді. Педагогикалық қарым-қатынас стильдері таза күйінде кездесе бермейді. Педагогикалық практикада қарым-қатынас стильдері аралас түрде кездеседі, көбінесе бір стиль басымдыққа ие болады. Стильдерді мұғалім жағдайға байланысты таңдап алады. Педагогикалық қарым-қатынас стильдерінің басқа түрлері де кездеседі (В. А. Кан-Калик бойынша):
Бірлескен шығармашылық іс-әрекетке негізделген қарым-қатынас стилі.
Достық қарым-қатынасқа негізделген қарым-кқатынас стилі.
Дистанция стилі.
Үрей туғызу.
Бұдан басқа, мұғалімнің мынадай қарым-қатынас стильдері белгілі: авторитарлық стиль, демократиялық стиль, либералды стиль. Авторитарлық стильде (Үстемдік-өктемдік стилі) мұғалім мен оқушының дәрежес тең емес, оқушы педагогикалык әсердің нысаны ретінде қарастырылады. Мұғалім шешімді өзі қабылдайды, нақты жағдайды және оқушылардың пікірін ескермей қатаң талап қояды. Үстемдік-өктемдік стильді ұстанатын мұғалім өте қатал, оқушылардың өз айтқанын екі етпей орындағанын қалайды, олар өз ойын, пікірін ашық айта алмайды. Олар үндемей құтылып, пассивті рөл аткарады. Қоғамдық жұмысты, сабақты мұғалімнен сескендіктен ғана орындайды. Оқушы мұғалімнің алдында тәртіпті бола қалады да, мектептен тыс жерлерде түрлі тәртіпсіздік көрсетіп, екіжүзділікке баруы мүмкін.