Педагогикалық акмеология



бет22/36
Дата03.11.2023
өлшемі0,78 Mb.
#121608
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36
Байланысты:
УМК педакмеология 2019, курс 3

Екінші кезеңде әлі де болса дайындық кезеңі деп атауға болады. Бұл кезең оқушыларды тілдік және сөйлеу біліктері дамытылады. Осымен бірге жоба бойынша сатылап жұмыс істеу қатар жүргізіледі. Оқулықтардан немесе оқуға арналған кітаптардан алынған мәтіндер (мұғалімнің өз қалауы бойынша басқа да мәтіндерді ұсынуына болады) оқушылардың сөйлеу және зерттеушілік біліктерін дамытуда маңызды негіз болмақ. Сонымен жобалау жұмысының дайындық кезеңінде шетел тілінде қарым-қатынас жасаудың ертеректе қалыптасқан дағдылары жетілдіріледі және оқушылардың болашақта еркін сөйлеуінің негізі қаланады. Әрине негізгі ізену жұмысы сабақтан тыс жүргізіледі, дегенмен сабақта жобамен жұмыс ұйымдастыруға мұғалім 10-15 минут уақыт бөлгені абзал.
Берілген жоба шеңберінде оқушылардың тілдік және сөйлеу біліктерін қалыптастыру жұмыстарымен қатар оларды топта қарым-қатынас жасаудың стратегиясы мен тәсілдеріне үйрету қажет, яғни оқушылардың жүйелі, қисынды, және өнімді түрде сөйлеуге үйрететін қарым-қатынас жасау қабілетін дамыту.
Үшінші кезең. Бұл кезең қорытындылаушы кезең болып табылады. Өйткені мұнда енді жобаны қорғау жұмысы басталады.
Әрбір топ сынып алдында, алдын ала ұйымдастырылған жоспар бойынша өз жобаларын қорғайды.
Жобаны әр топ қорғап біткеннен кейін сынып ішінде жалпы бағалау жұмысы басталып, пікір-талас өрбиді. Пікір таластың жемісті өтуі үшін, мұғалім алдын-ала жобаның нәтижелерімен танысады, осының негізінде тақырып бойынша пікірталас ұйымдастырылады.
Жобаны қорғау күні барлық жобалық жұмыстар тақырыбы не мектеп дәлізінде, не сынып қабырғаларында ілініп қойылады. Әрине осы тұста өзге сынып оқушыларынан арнайы сарапшылар тобын құруға болады, олар жобаларды алдын ала бағалап, ұпай нәтижелерін береді. Бағалау барысында әр жобаны келесі номинациялар бойынша бағалауға болады: «Ең батыл жоба», «Ең қызық жоба», «Ең әсем жоба», «Ең ғылыми негізделген жоба» т.с.с.
Мысалы оқушыларға «Ұлттық асхана» тақырыбына жоба жұмысын дайындау ұсынылады.
Оқушылар топтарға бөлініп, әрбір топ белгілі бір тапсырманы орындайды: дастархан басында өзін ұстай білу мәдениеті, дастарханды жабдықтау, ас әзірлеу, ұлттық тағамдар тарихы, ұнататын ұлттық тағам. Әр топ өз тақырыбы бойынша материал жинайды, оны реттейді және қорғауға алып шығады.
Әрбір әдіс секілді жобалық әдістер де өзіне сай кемшіліктер мен жетістіктерге ие. Жобалау әдісінің тиімді жақтарына мыналарды жатқызуға болады:
-оқытудың жобалау әдісі жоғары қарым-қатынас жасау және оқушылардың оқу жұмысына белсенді қатысуымен сипатталады;
-оқу процессінің алға басуына әр оқушы өз үлесін қосады;
-жобамен жұмыс оқушылардың тұрақты тілдік базасын құрумен үйлесім табады;
-жобалау әдісін қолдану оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіншілік туғызады, себебі ол оқушынының өз бетімен белсенді түрде ойлауын дамытады және оның мектепте алған білімін тек есте сақтап немесе қайталап қана қоймай, оларды практикада кең қолдана білуге үйретеді;
-жобамен жұмыс үстінде оқушылар бірігіп әрекет жасауға жұмылдырылады;
-жобаны қорғаған сәтте оқушы жеке тұлға ретінде көрінеді, ол шындықты бағалап қана қоймайды, сонымен қатар шетел тілін меңгеруді жақсартуда қандай да бір қажетті өзгерістерді жобалайды;
Жобаны іске асыру барысында туындайтын кемшіліктер:
-жаппай көпшілік мектеп жағдайында берілген жұмыс түрінің бейтаныстығы;
-кейбір жағдайда мұғалімнің жобалау жұмыс түрін өткізудегі дайындық дәрежесінің аздығы;
-жобаны жүзеге асыру үшін белгілі бір сабақ серияларын жоспарлаудың қиындығы;
-жобамен жұмыс кезінде әрбір оқушының қадамын үздіксіз бақылаудың мүмкін болмауы;
-жобаны ұйымдастыруға кететін көп уақыт мөлшері;
-берілген іс-әрект түріне байланысты мотивацияның төмен болуы;
Модульдік оқыту
ХХ ғасырдың 80-шы жылдың аяғынан және 90-шы жылдың басынан педагогика ғылымына техникалық ғылымнан «модуль» термині енгізіледі. Білім беруде модульдік оқытудың маңызы туралы айта бастады.
Модульдік оқыту оқушының оқуға деген шығармашылық көзқарасын қолдайды. Бұл қайталанатын диагностика негізінде дифференциация мен жеке оқытуына байланысты оқушының білім деңгейін анықтау мақсатында қолданылады.
Жаңа педагогикалық технологиялар сабақтың сапасын жақсартуға септігін тигізеді, оқушылардың қызығушылығын арттырып қана қоймай, білімді өз бетімен меңгеруге әсер етеді және де тұлғаның танымдық қабілеттерін дамытады. Өйткені оқушы белсенділікті өз қолына алып, сабақты өз бетімен меңгеруге талаптанса, білімге қызығушылығы жоғары болады да оқуға деген көзқарасы түбегейлі өзгереді. Білімді амалсыздан емес, шығармашылықпен, саналы түрде меңгереді.Оқу модулі кіріспеден, сөйлесу бөлімі (негізгі), қорытынды бөлімнен тұрады.
Кіріспе бөлімінде мұғалім тарау (тақырып) туралы тірек сызбасын сүйеніп, жалпы айтып шығады. Негігі бөлім ерекшелігі – оқушылар бір тақырыпты әр түрлі формада жаңғыртып бірнеше рет қайталайды.Сабаққа керекті көрнекі құралдарды: суреттер, карталар, сызбалар, диаграммалар т.б. қажетті материалдарды оқушылар өздері ізденіп табуы оқушылардың білімін тереңдете түседі. Бұл мұғалімді жауапкершіліктен толық босату деген сөз емес, керісінше, ұстаз бұрынғыдан да көбірек ізденіп, оқушылардың таңдаған мәліметтерінің дұрыстығына көзі жетіп отыруға тиіс. Оқушылар сабақ айтқанда тірек материалдарға сүйеніп сөйлей алады. Ал, соңғы қорытынды бөлімде оқушылар осыған дейінгі алған білімінің нәтижесін мұғалім дайындаған тексеру жұмысын еш тірек материалдарсыз орындау арқылы көрсетеді.
2. Модульдік оқытудың басты қағидаттары:
1.Модульдік принциптер
2.Оқу мазмұнының құрылымы
3.Динамикалық сипаты
4.Іс-әрекеттілігі
5.Икемділігі
Модуль принциптері блок-модульдер ретіндегі оқу материалдарының логикалық бірлігінің құрылымын және толықтығын, аяқталғандығын көрсетеді. Олардың ішінде оқу материалы оқу түрлерінің жүйесі ретінде қарастырылған.Блок модульдерінің бөлшектерінен пәнге байланысты оқу курсы қарастырылады. Блок-модуль ішіндегі бөлшектер бір-бірімен орындарын ауыстырады және жылжиды. Білім алу курсын аяқтау кезінде оқу материалын қамтиды. Бұл шешімнің икемділігі оқыту деңгейінің әрқилығында құрылған.
Модульдік бағдарламалар және модульдер ақпараттық материалдардың толықтығымен құралады. Кешендік, интегративті және дидактикалық мақсаттарды біріктіріп, толық оқыту материалдарын жеке модуль бөлшектері ретінде көрсетеді.
Әдетте, дәстүрлі әдістемені ғылым дамуының тарихи жолымен оқу процессі кезінде қолданамыз. Оқу-тәрбиесінің модульдік жүйесін ұымдастыру процессі оқушыны «жалпы және жалпы-бірлікті» сызбасы арқылы оның уақытын үнемдей отырып дамытады. Оқу-тәрбие процессін ұйымдастырудағы модульдік жүйе әр циклдің басында мотивациялық кезеңнің бар болуын қажет етеді.
Модульдік оқудың мәні оқушының модульмен жұмыс істеу процессі кезінде нақты мақсаттарды дербес орындауында. Модуль дегеніміз – бұл толық функционалды байланыс. Бұнда оқудың мазмұны және қамту технологиясы біріктіріледі. Осылайша, модуль модульдік оқудың құралы ретінде көрсетіледі. Себебі, бұған: іс-әрекеттің толық жоспары, мәліметтер банкі, дидактикалық мақсаттарды жетудегі әдістемелік басқару кіреді. Оқушы іс-әрекетінің оқу-танымдық қарқынын, дербестік деңгейін, оқу тәсілін, оқу мазмұнының жеке тұлғаға бағытталғандығын оқу бағдарламасы ретінде тек модуль көрсетеді. Модульдік оқу мінездемесінің мәнісінде басқа оқыту жүйелерінен айырмашылығын көрсетеді.
Біріншіден, аяқталған дербес кешендердің мақсатына байланысты игерілуі оқудың мазмұнында көрсетіледі. Оқушы үшін түзілген дидактикалық мақсат оқу материалының көлемімен бірге игеру деңгейін де қарастыруды қамтиды. Одан басқа әр оқушы материалды қайдан іздеу және қалай дұрыс орындау туралы мұғалімнен жазбаша түрде кеңес алады.
Екіншіден, мұғалім мен оқушының арасындағы қарым-қатынас сипаты өзгереді. Бұл модуль арқылы, оған қоса жеке және тікелей қарым-қатынас арқылы жүзеге асады. Тек модуль ғана оқытуды субъект-субъектілі негізге ауыстыруға мүмкіндік береді.Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас тең дәрежелі қарым-қатынасқа айналады.
Үшіншіден, оқушы көп уақыт бойы дербес жұмыс істейді және өз уақытын жоспарлауын, өз өзіне баға беруін, өзін-өзі ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Модульдік оқытуға ауысу процессі кезінде мұғалім ең басты модульдік бағдарламаны құрастыру керек. Бұл бағдарлама мақсатқа жету барысында кешенді дидактикалық мақсаттар мен модульдер бірлестігінен құрылады. Бұндай бағдарламаны құру үшін мұғалім курстың негізгі ғылыми ойларын айрықшалау қажет. Осыдан кейін кешенді дидактикалық мақсат қалыптасады.
Модульмен жұмыс істеу кезінде оқыту мазмұнын нақты ұсыну оқушы жұмысының нәтижелі болуының маңызды нұсқасы болып саналады. Оқыту мазмұны оқушы үшін түсінікті болу керек. Мұғалім оқушымен әңгімелесіп, оны талдауға ынталандырып, жақсы нәтижеге бағыттап отыру керек. Бұл принципті жүзеге асыру үшін модуль құрылымының маңызы зор. Бұл үш оқу құралдарынан тұрады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет