Педагогикалық акмеология


ОҚ-0 – бұнда модуль мақсаттары жазылады. Соңғы ОҚ



бет23/36
Дата03.11.2023
өлшемі0,78 Mb.
#121608
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36
Байланысты:
УМК педакмеология 2019, курс 3

ОҚ-0 – бұнда модуль мақсаттары жазылады.
Соңғы ОҚ – бұнда түйін беріледі.
Ең соңғы ОҚ – қорытынды.
Модуль мазмұнын ұйымдасуындағы жалпы ережелердің болуы мұғалім үшін маңызды.
Модульді қолдану кезінде пән мен пәнаралық қатынасты іске асыруға болады. Басқа критерии оқыту мазмұның дифференциялау қажеттілігімен байланысты. Соңғы деңгей дайындық деңгейінде міндетті болып саналады. Басқа деңгей – міндеттіліктен жоғары. Модуль құрастыруының маңызды критериясы логика деңгейіндегі білім алуындағы оқушы іс-әрекеттің құрылымы болып саналады. Яғни: көзқарасы, түсінуі, ойлануы, есте сақтауы, қолдануы, жүйелендірілуі. Бұнда оқыту барысындағы қиындықтарды шешудің үлкен мүмкіндігі бар.
Оқыту процессіне модульді бірте-бірте енгізу керек. Оқытудың дәстүрлі жүйесі мен модульдік жүйені біріктіріп өткізуге болады.
Модульдік оқытудың мынадай артықшылықтары бар:
-Оқушылардың көпшілігі өз бетінше жұмыс істейді (кейбіреулері мұғалім көмегімен), оқу-танымдық іс-әрекетіндегі нақты мақсаттарға қол жеткізеді, нақты тақырыпқа байланысты білімдерін бекітеді.
-Оқушылар көп уақыт бойы өз бетінше жұмыс істегенде өзін жауапкершілікке, өз-өзін бағалауына, өз уақытын ұйымдастыруға мүмкіндік береді және өз білімінің деңгейін анықтайды, өз білімінің кемшіліктерін көреді және бұл кемшіліктерді жоюға мүмкіндік береді.
-Модульдік оқыту құралдарын қолдануда оқушының белсенділігін және ұйымшылдығын арттыруға мүмкіндік береді. Модульді орындау кезінде оқушылар тәртіпті бұзбайды және басқа заттарға зейіндері бөлінбейді
Кемшіліктері:
-Модульдік оқытудың кемшіліктері туралы айтатын болсақ, олар:
-Модульді құрастыру өте қиын процесс және бұл көп уақытты алады.
Бұл әдісті басқа материалдарда қолдана алмаймыз.
Зерттеушілердің (П.И. Третьякова, И.Б. Сенновский, П. Юцявичень және т.б.) бағасы бойынша модульдік оқыту материалды терең түсінуі мен толық меңгеруге кедергісіз оқыту курс көлемін 30% қысқартуға мүмкіндік береді.
Ұсынылатын әдебиеттер: [5],[7],[16],[19],[20],[27]

6 дәріс тақырыбы. Құзыреттілік - заманауи білім беру жүйесіндегі негізгі және базалық акмеологиялық категория


Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай-ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясат, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтардың, зиялылар қауымының мәдениет деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, бәсекеге қабілетті тұлға даярлау үшін адамның құзыреттік қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. тел тілінен білім берудегі түпкі мақсат — екінші тілдік түлғаны калыптастыру, яғни, қос тілді, қос мәдениетті меңгерген білім алушыны даярлау деген тұжырымға саяды. Ал мақсаттың негізін білім, мағлұматтар, біліктер, қабілеттер және құзыреттер қүрайды. Осы орайда білім беруде құзыреттілік әдісін басшылыққа алу көкейкесті мәселеге айналып отыр. Бұл мәселенің ойдағыдай шешімі шетел тілін оқыту мазмұнын анықтауда терминдер жүйесін нақтылау әрекетімен тығыз байланысты.


«Құзыреттілік» пен «құзырет» ұғымдары педагогикалық қызметкерлердің біліктілігі мен кәсіби шеберлігін бағалау барысында жиі қолданылғанымен, қазіргі уақытқа дейін аталмыш ұғымдардың толымды эрі нақты мағынасы берілмеген, сонымен қатар қос ұғымның өзара ара жігі де ажыратылмаған. Кейбір анықтамалық жэне ғылыми басылымдарда, соның ішінде әдістемелік әдебиеттерде «құзыретгілік» пен «құзырет» ұғымдары бір мағыналы, синонимдес терминдер ретінде қолданылады. Дегенмен, Т.Білдебаевтың «Қазіргі заман үғымдары мен терминдерінің қысқаша түсіндірме сөздігінде» «құзырет» (латын тілінде competentio – құқығы бойынша тиесілік, competo — лайықты болу, сәйкес келу, күш салу, орыс тілінде компетенция) — белгілі бір саладағы білімдер мен тәжірибе, қайсыбір адамның ерекше хабардар мәселелерінің ауқымы деп көрсетілген. Ал «құзыреттілік» деп маманның құзыреттерді игеріп, оны қызмет барысында тиімді пайдалана білуді айтады. Латын тілінен аударғанда «өз ісін жетік білу», «танымы мол, тәжірибелі», «қабілетті» деген мағыналарды білдіреді. Қос үғымның мән-мағынасы жақын эрі өзара байланысты болғанымен, феноменологиялық түрғыдан екі түрлі термин болып келеді. «Құзырет» «құзыреттілік» ұғымының құрамдас бөлігі болса, кұзыреттілік құзыреттер негізінде қалыптасады. Бұл пікірді білім беру саласында құзыреттілік бағытын зерттеумен айналысып жүрген ғалым А.В.Хуторской өзінің «Дидактическая эвристика. Теория и технология креативного обучения» еңбегінде білдірген. Кейін бұл көзкарасты Ю.В.Фролов, Д.А.Махотин, Ю.Г.Татур одан әрі дамытты. Аталмыш пікір бойынша, «құзыреттілік» ұғымын «құзырет» ұғымының синонимі ретінде емес, жеке термин ретінде қолданған жөн.
Бұл ұғымдардың қалыптасу жолдарын қысқаша қарастырайық. «Құзырет» үғымы 60 жылдары АҚШ-та еңбек нарығында бәсекелестікке түсе алатын мамандарды даярлау мақсатында әрекеттілік негізде білім беру аясыңда (performance based education) қолданысқа ие бола бастады. «Құзыреттер» жэне «құзыреттілік» (сотреtіепсies and сотреtіепсу) ұғымдарын ажырата білу ұсынылды. Құзыреттілік – тұлғалық категория, ал құзыреттер тізімі оқу бағдарламаларына енгізіліп, құзыреттіліктің негізін құрайды деген пікір қалыптасты. Соңғы ұғым құзыреттер кешені ретінде, яғни, табысты, продуктивті іс-әрекеттің бақылап-байқауға болатын көрінісі ретінде қарастырылды. Еуропа мемлекеттерінде XX ғасырдың соңында жэне XXI гасырдың бас кезеңінде жоғары кәсіби білім беру жүйесінің күрылымында, бағалау үдерістерінде орын алған өзгерістер жоғары білімнің қорытынды-мақсатты негіздемесіне әсерін тигізбей қоймады. Ең алдымен, білім алушыларды кәсіби даярлау барысында олардың бойында білім мен біліктен басқа, құзыреттерді қалыптастыру қажеттілігі туындады (Еуропа кеңесінің Берн симпозиумы, 1996 ж.). Алғашында, құзыреттер деп адамның жеке тұлғасы мен қызметінің 40 түрлі қасиеттері мен ерекшеліктері (мотивация, интерактивтілік, жауапкершілік, сәттілікке бағдарлану, дербестік, әрекетті талдай алу қабілеті және т.б.) аталды. Кейін «құзырет» ұғымының мағынасы кеңейе түсіп, ол оқу нәтижесіне әсер ететін факторлардың (психофизиологиялық, психологиялық, білімдік, қызметтік жэне т.б.) жиынтығы, яғни білім алушы субъектінің жеке қасиеттерімен қатар, оның білімі мен білігінің қосындысы деп тұжырымдалды. Одан кейін, құзыреттер әмбебап (жалпы мәдени), жалпы кәсіптік және арнайы құзыреттер болып жіктелді. Бұл тұрғыда «құзырет» ұғымының үш негізгі мағынасын ажыратқан жөн.
А.В.Хуторскойдың пайымдауынша, бұл ұғымның педагогикалық мағынасы — әрекет нысанына тұлғаның қатынасын анықтайтын адамның нақты құзыретті меңгеруі. Осы көзқарас бойынша, синоним ретінде қолданылатын «құзырет» пен «құзыреттілік» ұғымдарын ажырата білу қажет. Яғни, «құзырет» дегеніміз — оқушының белгілі бір қызмет саласында сапалы әрі өнімді жұмыс жасауы үшін қажетті білімдік дайындығына қойылатын алдын ала әлеуметтік міндеттелген талап (норма). Құзырет тұлғаның бір-бірімен байланысты қасиетгерінің (мотивация, білім, білік, дағды, әрекет амалдары) жиынтығын қамтиды, ал құзыреттілік болса, жөні бөлек құбылыс, ол маманның нақты құзыретті игеруін және әрекет нысанына тұлғаның өзіндік көзқарасын анықтайды.
«Құзырет» ұғымының психологиялық-практикалық мағынасы XX ғасырдағы сәттілікке жетуге ынталандыру бойынша жарияланған еңбектерде (Н.Несkhausen, R.White, D.С.МсСІеІІаnd) жиі кездеседі. Бұл көзқарас бойынша, құзырет — білім мазмұнын игеру және одан әрі қызмет етуге мүмкіндік беретін адамның зияткерлік, жеке дара қасиеттері, оның психологиялық мінездемесі, білім жэне білікпен қоса игерілетін психологиялық шарт. Бұл бағыттың аясында, құзыреттер тізімдемесі кеңейе түсті. Атап айтқанда, Дж.Равеннің еңбегінде құзыреттің 37 компоненті берілген. Оның ішінде, өз-өзіне деген сенімділік, өзін-өзі ұстай білу, сыни ойлау, шешім қабылдай алу қабілеті, табандылық, жеке-бас жауапкершілігі, қатысым субъектілерінің ой-пайымдарын ескере отырып, олардың пікірімен санаса білу қабілеттері және т.б.
Құзыреттің лингво-психологиялық мағынасы тұрғысында, ол — ішкі психикалық түзілім, белгілі бір бағдарлама деп қарастырылады. Құзыреттің бұл мағынасы Н.Хомскийдің тілдік «құзырет» (сөйлеушінің немесе тындаушының өз тілін білуі) пен «тілді қолдана білу» (реrforтапсе), яғни, нақты бір жағдаяттарда сөйлей алу жөніндегі тұжырымдамасынан бастау алады. Тек «қолданыс» (рerformance) аясында ғана адамның жеке-дара қасиеттері мен психологиялық мінездемесі айқындалады. Бұл тұрғыда, «қолданыс» (реrfоrтапсе) «құзыреттілік» ұғымымен мағыналас болып келеді.
Жоғарыда айтылған пікірлерді сараптай отырып, «құзырет» жөнінде келесі тұжырымдарға келуге болады:
1.Алдын ала іріктеліп, құрылатын, дидактикалық тұрғыдан ұйымдастырылатын, игеруге міндетті білім мазмұны (педагогикалық мағынасы).
2.Субъектінің белгіленген білім мазмұнын сәтті игеру үшін қажетті зияткерлік, психофизиологиялық қасиеттері, бұл мағынада «құзырет» ұғымы «білім» мен «білік» ұғымдарын қамтитын «қабілет» сөзінің синонимі ретінде қолданылады (психологиялық-практикалық мағынасы).
3.Игерілетін немесе игерілген, бірақ элі де іс жүзінде толыкканды қолданылмаған білім мазмұны, психикалық түзілім, білім мен оны қолдану бағдарламалары, әдіс-тәсілдері мен іс-әрекеттер алгоритмі (лингво-психологиялық мағынасы).
Екінші тармақта берілген «құзыреттің» мағынасын «құзыреттілік» ұғымының алғышарты немесе негіздемесі ретінде қарастыруға болады. Бұл орайда «құзыреттілік» — әр түрлі міндеттерді жүзеге асыру барысында, басқа адамдармен қарым-қатынас жасағанда айқындалатын адамның зияткерлік және әлеуметтік-мәдени ерекшеліктері, білімінің негізінде қалыптасатын жеке-дара касиеттері. Атап өтер жайт, құзыреттілік құзыреттің баламасы емес, оның сапалы жиынтығы болып табылады. Құзыреттілік — құзыреттердің негізінде қалыптасатын күрделі эрі алуан түрлі құрылымдар. Ол білім беру ұрдісінің барысында игеріліп, оның қорытынды нәтижесі болады. Э.Зеер, О.Шахматова құзыреттілікті кәсіби білім мен біліктің жиынтығы, кәсіби іс-әрекетті орындаудың эдіс-тәсілдері деп тұжырымдады. Ғалым М.Чошанов құзыреттілікті білім, білік, дағдының өзара байланысы деп қарастырса, И.А.Зимняяның пікірінше, құзырет — білік, дағды мен қабілеттер қосындысы жэне де оны танымгерлік, кәсіби қызметтер барысында қолдануға даяр болуды білдіреді. Ал құзыреттілік болса, мотивациялық, когнитивтік, мінез-құлықтық, құндылықты-мағыналық жэне эмоционалдық-еріктік компоненттерден тұратын тұлғаның әлеуметтік-кәсіби қасиеті болып табылады .
Құзыреттілік жинақтаушы ұғым ретінде деңгейлік құрылымға ие. Аталмыш құрылым үш дейгейден тұрады. Төменгі базалық деңгейге зияткерлік іс-эрекеттер (талдау, синтездеу, жалпылау, жоспарлау, болжау) жатады, бул деңгейдің қалыпты даму кезеңі құзыреттіліктің алғышарты болып табылады. Екінші деңгейге тұлға құзыреттілігінің сипатын анықтайтын жеке-бас қасиеттері кіреді. Атап айтқанда, мақсаттылық, жауапкершілік, дербестік, жинақылық, креативтілік жэне т.б. Құзыреттілік құрылымының үшінші деңгейіне құзыреттіліктің ішкі мазмұны, компоненттік құрамы жатады. Оған келесі аспектілер енеді:

  1. Құзыреттілік мазмұнын білу (когнитивтік аспект).

  2. Әр түрлі қалыпты жэне қалыпты емес жағдайларда өз құзыреттілігін көрсете білу білігі (мінез- құлықтық аспект).

  3. Құзыреттіліктің мазмұнын, үдерісін және нәтижесін құндылықтар тұрғысынан сараптау (құндылықты-мағыналық аспект).

  4. Құзыреттілік үдерісі мен нәтижесін эмоционалдық-еріктік реттеу (реттеу аспектісі).

  5. Тұрлі жағдаяттарда әлеуметтік және кәсіби міндеттерді шешу барысында құзыреттілік әлеуетін іске асыруға дайын болу (мотивациялық аспект).

Мұғалімнің құзыреттілігі — нақты уақыт шеңберінде және сәтті педагогикалық еңбек нәтижелерінен көрінетін тәжірибелік-бағдарланған білімдер, біліктер жэне стратегиялар. Басқа әріптестері «кәсіби олқылықтар» жібергенде немесе орын алған мәселені шешуден бас тартқан уақытта құзыреттілік әлеуеті мол мұғалім сүбелі нәтижеге ие болады. Мысалы, аса талапшыл ата-аналармен жұмыс жасағанда кикілжіңдерді еңсеру, жаңа стандарттар бойынша бағдарламалар әзірлеу, жаңа буын оқулықтарымен жұмыс жасауға көшу, жаңа білім беру технологияларын қолдану, ғылыми-әдістемелік экспериментке катысу және тағы басқа ұстаздың кәсіби шеберлігі мен дарыны ұштасқан болмысына сай іс-әрекеттер.
Өз кәсіби қызметін сәтті жүзеге асыру үшін мұғалім негізгі, пәндік жэне арнайы құзыреттер тобын игеруі міндетті.
Қолдану аясы кең, эрі әмбебап болып келетін құзыреттер «негізгі құзыреттер» деп аталады. Негізгі құзыреттер маманның жан-жақты болуын қамтамасыз етеді. Еуропа кеңесі негізгі құзыреттердің бес тобын ажыратты:

  • саяси жэне элеуметтік құзыреттер, яғни тұлғаның өзіне жауапкершілік алу, басқа адамдармен бірлесе мәселені шешіп, оның жүзеге асырылуына қатысу, эр түрлі этномәдениеттер мен діндерге толеранттылықпен қарау, жеке мүддесін кәсіпорын мен қоғам қажеттіліктерімен үйлестіре білу кабілеттері;

  • мәдениетаралық құзыреттер — түрлі ұлт, мәдениет, дін өкілдерінің өзара түсіністік, сыйластық, құрмет негізде қарым-қатынас жасауы;

  • коммуникативтік құзырет дегеніміз — әр түрлі тілдерде ауызша және жазбаша қарым- қатынас жасау технологияларын меңгеру (оның ішінде компьютерлік бағдарламалау, Интернет желісі арқылы қарым-катынас жасау);

  • әлеуметтік-ақпараттық құзырет — ақпараттық технологияларды меңгеру. БАҚ-тағы ақпаратқа сыни көзбен қарау;

  • жеке-бас құзыреті — өзінің білім беру деңгейін тұракты арттыруға дайын болу, жеке-бас әлеуетін толыққанды іске асыру қажеттілігінің болуы, өз бетімен білім мен біліктерді игеру, өзін-өзі дамыту қабілеттері.

Негізгі құзыреттер кез-келген мұғалімнің қызметін сипаттайды. Яғни, барлық мұғалімдер оқушыларға білім беріп, педагогикалық мақсаттарға қол жеткізіп, оқу нәтижелерін бақылауға міндетті. Қажетті ақпаратты іздестіру, өзінің теориялық жэне практикалық білімдерін дамытып, көрсете білу, эр оқушының танымгерлік мүмкіндіктерін ашу, көрнекі графикалық құралдар мен компьютерлік технологияларды қолдану да маңызды. Негізгі құзыреттерге көрсету, түсіндіру, машықтану, зерттеу, бағалау сияқты жалпы дидактикалық әдістерді сәтті қолдану жатады. Оқушылар және олардың ата-аналарымен бірлесе жұмыс жасай отыра, олардың жағдайын түсіне отырып, карым-қатынас барысында көшбасшы бола білу де мұғалімнің кәсіби қызметінің сапалы көрсеткіші.
Шетел тілі мұғалімдерінің пәндік құзыреттерінің негізгі құзыреттерден айырмашылықтары бар. Аталмыш құзыреттің аясында жаңа буын оқулықтарын құрастыру, оқу-әдістемелік құралдарын сауатты түрде енгізу, жаңа оқу-әдістемелік кешендерді объективті бағалап, уақытында оларға көшу, жетіспейтін әдістемелік материалдарды әзірлеп, оқушылардың жобалық жұмысын ұйымдастыру талап етіледі. Мұғалім оқу үдерісін білім беру тұрғысынан қарастырып, «лингвистикалық педагогика» саласының сарапшысы болуы маңызды. Бұл үшін оқушылардың тілдік қабілеттерін, когнитивтік стильдерін ескере отырып, оқу материалын меңгеруде орын алған қиыншылықтардың себептерін, оқушының өз бетімен жұмыс істей білу кабілетінің деңгейін, тұлғаның даму ерекшелігін анықтай білуі қажет.
Арнайы құзыреттердің санатына АКТ құзыреті де жатады. АКТ құзыреті деп шетел тілін оқыту және оқытылатын тіл мәдениетімен таныстыру мақсатында Интернет-ресурстарын және ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдана білу қабілетін айтамыз. Бұл құзыреттің құрылымына келер болсақ, ол бес түрлі өзара байланысты компоненттерден тұрады:

  1. Құндылықты-мотивациялық компонент шетел тілі мұғалімінің білім беру барысында АКТ меңгеру мен қолдануға деген құндылықты бағдары мен мотивациясының болуын анықтайды.

  2. Когнитивтік компонент шетел тілі мұғалімінің бойында шетел тілін оқыту үдерісіне АКТ енгізуге қажетті білімнің (теориялық жэне практикалық) болуын айқындайды.

  3. Операциялык компонент шетел тілін оқыту барысында АКТ-ны тәжірибе жүзінде қолдану қабілетінің даму деңгейін көрсетеді.

  4. Коммуникативтік компоненттің құрамына мұғалімнің шетел тілін оқыту барысында АКТ-ны қолдану қажеттілігі туралы пікірін айқын эрі дәйекті білдіріп, әріптестерін жэне басқа да адамдарды сендіре білу қабілеті енеді.

  5. Рефлексивтік компонент мұғалімге АКТ қолдану арқылы шетел тілін оқытуды ұйымдастыру нәтижелерін бағалауға, өз кәсіби қызметін талдауға мүмкіндік береді [8].

Ойымызды жинактай айтсақ, пәндік құзыреттер оқушылардың бойында тілдік білімдерді қалыптастырудың тиімді технологияларын қолдану арқылы таңдалған оқыту әдістемесінің іске асырылуын қамтамасыз етеді. Тәжірибелі мұғалім пәндік құзыреттердің көмегімен әдістемелік материалдарды әзірлейді, сонымен қатар мектеп оқушыларын оқыту, білім беру, тәрбиелеу, дамыту және педагогикалық үдерісті басқару әрекеттерін іске асырады. Шетел тілі мұғалімінің пәндік құзыреттері арнайы құзыретттер есебінен елеулі түрде толықтырылып отырады.
Мұғалімнің арнайы құзыреттері ерекше кәсіби міндеттерді жүзеге асыру үшін қажет. Мысалы, арнайы бағыт бойынша оқытылатын сыныптарда сабақ беру үшін арнайы (әр түрлі деңгейде оқыту) бағдарламаны түзу, бейіндік білімдерді, пәнаралық байланысты белсенді түрде орната білу қабілеті арнайы құзырет санатына жатқызылады. Бұл құзыреттер шетел тілінен сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру барысында да аса маңызды. Атап айтқанда, оқушылардың шығармашылық тобын кұру, пән аясында үйірмелер мен клубтарды ұйымдастыру, оқушыларды білім сайыстарына, ағылшын тілді лагерьлерге тарту кезінде айқын байқалады. Сонымен қатар мұғалімнің арнайы құзыреттеріне жаңа буын оқулықтарды әзірлеп, басып шыгару, редакциялау, эксперименттік алаңдарда жаңа технологияларды сынақтан өткізу жатады. Педагог өз ғылыми-зерттеу қызметін жемісті түрде жүзеге асыру үшін арнайы құзыреттер кажет етіледі. Жоғарыда аталған құзыреттер мұғалімнің құзыреттілік мінездемесін толықтыра отырып, кәсіби акме-шыңына жетелейді .
Көп жағдайда шетел тілі мұғалімдері пәндік құзыреттерді аса жоғары деңгейде игереді. Онымен салыстырғанда, негізгі немесе арнайы педагогикалық құзыреттерге аз көңіл бөлінеді. Мінезі «қиын», үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс жасау барысында аса маңызды арнайы құзыреттердің негізгі жэне пәндік құзыреттермен қатар қажеттілігі айқын сезіледі. Сонымен қатар мектеп бағдарламасына енетін басқа пәндермен салыстырғанда кейбір мектептерде оқушылардың шетел тілі пәнінен білім алу жетістіктерінің төмендеу болуы да назар аударарлық жағдай.
В.Байденконың пайымдауынша, кәсіби құзыреттер — кез-келген істің талаптарына сәйкес орынды әрекет етуге дайын болу, міндеттер мен мәселелерді өз бетімен және әдістемелік тұрғыдан дұрыс шешу, сонымен қатар қызметінің нәтижелерін өз бетімен бағалау қабілеттері. Ол түрлі қызмет салаларына тән біліктер, әдістемелік жэне техникалық амалдар.
Педагогтың құзыреттілігі оқушылардың құзыреттілігімен өзара байланысты біртұтас ұғым. Оқу үдерісінде мұғалім оқушылармен сыйластық, эріптестік негізде жұмыс жасағанда ғана, мұғалім құзыреттілігінің шынайы мэні ашылады: мұғалімнің кұзыреттілігі оқушы құзыреттілігін қалыптастыру үшін игеріледі. Мұғалім мен оқушының құзыреттіліктері коммуникативтік құзырет арқьшы түйіседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет