Control => Test Movie командасын орындап, ақпарат алыңыздар.
Жапырақ жазықтығынан айналып бұрылып құлаған жапырақтың иллюстрациясын көрсету үшін алдыңғы мысалды қайталаймыз, тек соңғы кілттік кадрды модификациялауда Modify => Transform => Flip Horizontalкомандасын қосыңыз.
Жапырақ көрерменге жақындағандағы мысалды қарастырайық. Бұл үшін соңғы кадрда айнадай көрсету (Flip Horizontal) орнына жапырақтың өлшемін үлкейту керек. Қозғалыс бәсеңдетілгендей әсер қалдырмас үшін объект көрерменге жақындағанда оның жылдамдығын ұлғайту керек. Бұл әсерді пайдалану үшін, бірінші кадрды шертіп, Properties панелінен Ease бөлімін таңдаймыз. Егер Ease параметрінің оң мәні жылдамдықты бәсеңдетуге әкелсе, ал теріс мәні ұлғайтуға әкеледі. Объектінің максималды жылдамдығын таңдаңыз. Бірінші кадрды сценаның артына орналастыруға болады, онда жапырақ кадрға ұшып кіріп, көрерменге қарай жылжитын болады. Жапырақтың айналуын симметрияның аралас центрін маңайлайтындай етіп модельдеуге болады.