Педагогикалыќ баєдарламалыќ Ќамтылу (ПБЌ)


Blend түсірілмелі мәзірінен Distributive



бет48/65
Дата13.02.2022
өлшемі2,24 Mb.
#25397
түріЛекция
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   65
Blend түсірілмелі мәзірінен Distributive нұсқасын таңдау арқылы аралық фигуралар тегісірек болады (Angular – фигуралар бұрышталып келеді).

Форма анимациясында хинттерді қолдану

Егер кейбір морфинг логикасын сақтау керек болса, онда қай облыстары мирасқа қалатынын (наследоваться) бағдарламада көрсету керек. Бұл мақсатпен Flash бағдарламасында хинттер (shape hints) – бақылау маркерлері қолданылады, бұлардың көмегімен форма өзгеру үрдісін басқаруға болады. Хинттер арқылы алғашқы және соңғы фигураларда өзіне - өзі көшетін нүктелер белгіленеді. Хинттерді әріптер арқылы белгілейміз («а» бастап «z» дейін).



  1. Алғашқы кілттік кадрды ерекшелеп, Modify => Shape => Add Shape Hint командасын орындаймыз, нәтижесінде фигурада «а» әрпі бар қызыл дөңгелек түрінде алғашқы хинт пайда болады. Хинтті бұтақтың жоғарғы нүктесіне жылжытамыз.

  2. Соңғы кілттік кадрға көшеміз, мұнда фигура контурында «а» әрпі бар жасыл дөңгелек түріндегі соңғы хинт пайда болғанын көреміз. Хинтті алғаш белгіленген нүктемізге сәйкес келетіндей жылжытамыз. Соңғы кадрдағы қисыққа хинтті қойғанымызда алғашқы кадрдағы хинттің түсі өзгереді (қызылдан сарыға) – бұл хинттердің арасында сәйкестік орнағанын көрсетеді.

  3. Жаңа хинттер қосу арқылы бұл үрдісті қайталаймыз (3). Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін хинттерді фигураның үстіңгі сол жақ бұрышынан бастап сағат тіліне қарама-қарсы бағытта орналастырған дұрыс.

  4. Нәтижесінде шынайы, трансформациялы фильм аламыз.

  5. Хинттерді көзге көрінетін немесе көрінбейтіндей View => Show Shape Hints командасы арқылы орындауға болады. Хинтті жою үшін Modify => Transform => Remove All Hints командасын таңдаймыз. Бұл командаларды тышқанның оң жақ батырмасын шерту арқылы орындаған ыңғайлы.

Растрлық бейнелердің автоматты түрдегі анимациясы

Егер растрлық бейнені растрлық бояуы (заливка) бар контурға айналдырсақ, онда контурдың форма өзгеру анимациясын орындауға болады.



  1. Сахнаға растрлық суретті импорттаймыз.

  2. Modify => Break Apart командасын екі рет қолданамыз, содан кейін Tween өрісіне Shape анимация типін таңдаймыз және анимацияның соңғы кадрына кілттік кадр қоямыз.

  3. Соңғы кадрға Modify => Transform => Envelope командасы арқылы мүмкін болатын Envelope транформация режимін қолданамыз.

  4. Фильмнен көріп отырғанымыздай растрлық бейнеде ешқандай өзгерістер жоқ, тек векторлық контурда форма өзгеру байқалады, мұның арқасында көрерменге өзгеретін контурмен шектелген растрлық бояудың кейбір бөліктері ғана көрінеді. Сондықтан форма өзгеру анимациясы растрлық бейнеге, сондай-ақ форма өзгеру анимациясы мәтінге қолдануға болады деп айтсақ дұрыс емес.

  5. Форма өзгеру анимациясын мәтінге қолданудың алдында, алдымен мәтінді бояуы (заливка) бар контурға айналдырамыз. Алғашқы кадрда сөзін тереміз, содан соң Break аpart командасын екі рет қолдану арқылы мәтінді бояуы (заливка) бар контурға айналдырамыз.

  6. Форма өзгеру анимациясын қолданамыз (соңғы кадрда «Звезда» сөзін графикаға айналдырамыз). Нәтижесінде «Star» сөзі «Звезда» сөзіне трансформацияланатын фильм аламыз. Шын мәнінде мұндай трансформация (алғашқы және соңғы кадрда символдар саны әр түрлі) ондай әсерлі болып көрінбейді. Егер алғашқы және соңғы кадрда символдар саны бірдей болса және символдан символға түрлену жүріп жатса, ал символдан символға трансформацилануда хинттер қолданылса, онда жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет