Тақырыбы: « Ең жақсы -мамандық» ойыны Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға тәрбиелеу
Мамандық дегеніміз не?Оқушылармен пікір алмасу
Профессия - латын сөзінен шыққан, “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау..
Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек.
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады.
Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез - келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды.
Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін - өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек
Жүру барысы: 1.«Танысу» жаттығуы: есіміңізге сәйкес келетін ,мамандық түрін айтамыз.
2. «Мамандықты тап» ойыны. Тренингке қатысушыларға карточкаларға жазылған мамандықтар таратылады, ал олар сол мамандықтарды ыммен көрсетуге тырысу керек. Қалғандары мамандықты табу керек.
Дәрігер
Фабрика басшысы
Хатшы
Кітапханашы
Банк қызметкері
Сатушы
Мұғалім
Бухгалтер
Сварщик 3.Лабиринг жаттығу: Оқушыларды кедергілерден топтық қарым-қатына арқылы өткізу.
«Ең - ең...» (ойын) оқушылар 5 топқа тренингтің басында бөлініп отырады. Әр топқа парақшалар таратылады. Ол парақшаларда келесі жазулар болады:
Ең ақшасы көп - бухгалтер, экономист.
Ең жасыл - эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші.
Ең тәтті - аспазшы, кондитер.
Ең күлкілі - клоун, карикатурашы.
Ең жауапты - сот, бухгалтер.
Ең салмақты - мұғалім, заңгер.
Ең қарым - қатынасы күшті - бизнесмен
Дәйексөз
«Егер мамандықты таңдап алуда сіздің жолыңыз болса және осы жолда өміріңізді сарп ететін болсаңыз, онда сіз бақытты болғаныңыз»
К. Д. Ушинский
Алдымызда тұрған «Алма ағашына» әркім өзіміздің болашақ мамандықтарымызға немесе болашақтарымызға байланысты армандарымызды ойлап «алмаларды» ілеміз.
Қорытынды: Бүгінгі менің ойым” Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
• Бейімділігі (қызығушылығы, еңбек түрткісі, ынтасы);
• Қабілеті, денсаулық жағдайы (ішкі мүмкіндіктер мен шектеулер);
• Ықылас деңгейі мен өзін - өзі бағалауы;
• Икемі;
Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі қажет?
• Өзіне, қоғамға тигізетін пайдасын білу;
• Кісілік қасиеттерге (имандылық, ізгілік, қайрымдылық, кішіпейілділік, дербестілік, жауапкершілік, намысқойлық, жігерлілік,, т. б.) ие болу;
• Ортамен қарым - қатынас жасай білу;
• Өзінің таңдаған мамандығының мазмұны мен қызықты қырларын, жұмыс тәртібі мен жағдайы, кәсіби өсу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап бере алғанда ғана таңдаған мамандығы туралы ой - ниеті салмақтана түседі.
Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыз?
• Заманауи ағымға қарай кейбір мамандықтар тез ескіріп, оның орнына жаңа мамандықтар басып жатыр. Сондықтан кез - келген жағдайда қосалқы таңдаған мамандық болу қажет.
• Мамандыққа ертерек дайындалу, жақсы ақпарат алу, өзіңді іштей әзірлеу, мүмкіндігіңді есепке алу, т. б. ойлану, толғануға уақыттың кеңдігі жақсы.
• Ата - аналар баланың жеке дара ерекшеліктерін ескере отырып мамандыққа қатысты икеміне, қызығушылығына, қабілетіне, бейіміне қарай қажетті үйірмелерге қатыстыру, мамандыққа байланысты әдеби кітаптармен, ақпарат көздерімен қамтамасыз ету
Дәрігер
полицей
Хатшы
Кітапханашы
Банк қызметкері
Сатушы
Мұғалім
Бухгалтер
Сварщик шаштаразшы
Өрт сөндіруші
Суретші
Құрылысшы
Хоккейші
Әнші
Ұшқыш
Пошташы
Жүргізуші