Педагогикалыќ баєдарламалыќ Ќамтылу (ПБЌ)



бет56/65
Дата13.02.2022
өлшемі2,24 Mb.
#25397
түріЛекция
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   65
Байланысты:
лекциялар

Панельдер

Flash интерфейсі фильм терезесі, инструменттер панелі және т.б. панельдерден тұрады. Бұл элементтердің программа терезесінде орналасу ретін қалауымызша баптауға болады.

Flash программасында келесі панельдер бар:

1. ToolBox (Инструменттер панелі)

2. Stage (Жұмыс облысы)

3. Align (Туралау)

4. Color Swatches (Түстер каталогы)

5. Transform (Түрлендіру)

6. Debugger (отладчик – жөндеуші)

7. Reference (Анықтама)

8. Accessibility (Доступность – ыңғайлылық)

9. Component Parameters (Компоненттер параметрі)

10. Answers (Жауаптар)

11. Timeline (Уақыт шкаласы)

12. Property Inspector (Қасиеттер инспекторы)

13. Color Mixer (Түс миксері)

14. Info (Ақпарат)

15. Actions (Әрекет)

16. Movie Explorer (Фильм сілтеуіші)

17. Output (Берілгендерді шығару)

18. Components (Компоненттер)

19. Library (Кітапхана)

Property Inspector панеліндегі параметрлер контексті тәуелді болып табылады, яғни қай объектінің белгіленіп тұрғанына тікелей байланысты. Property Inspector панелі объектілерді жылдам баптауға мүмкіндік береді.
Панельдерді біріктіру

Бірнеше панельдерді біріктіру үшін панельдердің сол жақ жоғарғы бұрышынан ұстап келесі панельге тарту керек. Тышқан көрсеткіші қажетті жерге келгенде «қол» белгісі бар пиктограмма пайда болады. Егер біріктірілген панельдердің бірін жасыру қажет болса, оны сол жақ бұрышынан біріккен панельдерден тысқары шертіп, жабу түймесін шерту керек. Біріккен панельдердің тек жоғарысында ғана жабу түймесі болады, оны шерту біріккен барлық панельдерді жауып тастайды.

Flash-те үнсіз келісім бойынша әзірленген панельдер жиыны бар. Оларға қол жеткізу үшін Window→Panel Sets командасын орындап, Default ішкі менюінен Designer (Дизайнер) және Developer (жасаушы, разработчик) панельдер жиынынын қолдануға болады. Сонымен қатар пайдаланушы өзіне қажетті панельдер жиынын әзірлей алады. Ол үшін қажетті жиынды құрастырып, Window→Save Panel Layout командасын орындау керек.
Құжат атрибуттарын баптау

Құжат атрибуттары немесе фильм қасиеттерімен жұмыс істеу үшін Property Inspector немесе Modify Document командасын орындау керек. Қасиеттер инспекторында фильм жасалу барысында үнсіз келісім бойынша тағайындалатын параметрлер орналасады, оларға қол жеткізу үшін сценалық (сахна) объектіден тыс жерде шерту жеткілікті. Size (өлшем) батырмасын басқанда Document Attributes сұхбаттық терезесі шығады. Мұнда жұмыс облысының өлшемін, келісім параметрлерін, фондық түс, кадрларды алмастыру жиілігін, сызғыштың өлшем бірлігін баптауға болады. Publish (жариялау) батырмасын шерткенде Publish Setting (жариялау параметрі), ал Background (Фон) түймесі жұмыс облысына беруге болатын түстер каталогын шығарады. Фильмді ойнату жылдамдығы секундына өтетін кадрлармен (frame per seconds – fps) өлшенеді, бұл мәнді тікелей Frame Rate (кадрларды алмастыру жиілігі) өрісіне енгізуге болады.


Уақыт шкаласы

Дәстүрлі фильм тәрізді Flash видеоклипі уақыт бірлігінде өтеді. Flash фильмінің мазмұнын басқару орталығы Timeline (уақыт шкаласы) болып табылады. Ол уақыт өтуімен әртүрлі кадрлар және кілттік кадрдың мазмұндарын көрсетуіне жауап береді. Timeline-да фильмді құрайтын барлық қабаттар мен кадрлар орнықтырылған және ағымдағы кадр индикаторы болып табылатын оқу тиегі орналасқан.

Кадрлар. Қозғалыс эффектісін туғызу үшін комбинацияланатын жекелеген статистикалық кванттар немесе уақыт моменттері кадрлар деп аталады. Кадрлар фильм кадрының орналасу реті мен олардың ойнатылу жылдамдығын және фильмнің жалпы ұзақтығын анықтайды. Кадр қою үшін Insert→Frame (Кірістіру→Кадр) командасын орындау керек немесе F5 басу керек.

Кілттік кадрлар. Кілттік кадрлар анимациядағы өзгерісті хабарлайды. Кадрларда өздеріне дейінгі кілттік кадрларда бейне қайталанады, тек жаңа кілттік кадрдан өткен соң ғана фильмнің мазмұны өзгере алады.

Кілттік кадр қою үшін Insert→Keyframe (Кірістіру→Кілттік кадр) командасын немесе F6 батырмасын басу жеткілікті. Кез келген кілттік кадрларда бұған дейінгі кілттік кадрдың мазмұны болады. Бұл пайдаланушыға алғашқы бейнеден өзге жерден өңдеуге мүмкіндік береді. Бос мазмұнды кілттік кадр қою үшін Insert→Blank Keyframe (Кірістіру→Бос кілттік кадр) немесе F7 бассақ болғаны. Уақыт шкаласында бос кілттік кадрлар бос шеңбермен, ал мазмұны бар кілттік кадрлар боялған шеңбермен сипатталады.
Қабаттар және қабаттар папкасы

Қабаттар фильмнің мазмұнын біріктіруге мүмкіндік береді. Әр қабатты фильмнің жекелеген жолағы деп қарастыруға болады. Егер кез келген бір қабаттың белгілі бір бөлігі бос болса, онда ол өзінен төмен орналасқан қабаттың мазмұнын көрсетеді, ең жоғарғы қабаттың мазмұны басқа қабаттың мазмұнын көрсетпей тастайды.

Қабаттар мазмұнды жүйелеуге және бөлуге мүмкіндік береді. Әртүрлі қабаттарда орналасқан бейнелерді басқару жеңілдеу болады. Объектілерді әртүрлі қабаттарда орналастыру әр объектіні өзінше жекелей анимациялауға мүмкіндік береді, осылайша күрделі анимацияға қол жеткізуге болады. Қабаттардың саны дайын фильмнің көлеміне ешқандай әсерін тигізбейді.

Қабаттарды жасау барысында Flash оларды автоматты түрде нөмірлеп, атау беріп отырады. Қабаттардың атын өзгерту үшін уақыт шкаласының сол жағында орналасқан қабаттың атын (мысалы: Layer1) екі рет шерту керек. Қабаттарға ат беру кезінде оларды объектінің орналасу көрсеткіші ретінде қызмет көрсететіндей етіп, мүмкіндігінше қысқа ат беру керек, яғни қабат атының мазмұндық мәні болуы керек.

Әр қабаттың оң жағында орналасқан пиктограммалар қабатты жасыру, құлыптау және оларға мазмұнды контурлар түрінде көрсетуді ұйымдастырады. Ағымдағы уақытта жұмыс істемей тұрған қабаттарды құлыптап қойған жөн, бұл абайсыз өзгертулерден сақтайды. Ол үшін Alt пернесін басып тұрып қабаттағы құлып бейнесін шерту керек, бұл кезде ағымдағы қабаттан басқа қабаттың барлығы құлыпталады. Дәл сол сияқты экранда белсенді емес қабаттарды көрсетпей тастау үшін Alt пернесін басып қабаттағы «көз» пиктограммасын шерту керек. Қабат аты және пиктограмма бағандары арасында орналасқан «қалам» белгісі қабаттың ерекшеленіп тұрғанын және өңдеуге болатынын көрсетеді. Жасырын тұрған қабатты өңдеуге болмайды. Жасырын қабатты өңдеу әрекеті орындалса, сызылып тасталған «қалам» белгісі пайда болады. Қабаттардың орналасу ретін өзгерту керек болса, қабат атында тышқанды шертіп, оны жаңа орнына қарай тарту керек. Бір мезетте бірнеше қабаттарды ерекшелеу үшін Shift пернесін пайдалану керек.

Уақыт шкаласы терезесінің төменгі жағында орналасқан пиктограммалар - жаңа қабат қосуға, бағыттаушы қабат қосуға немесе қабаттар папкасын жасауға мүмкіндік береді. Бағыттаушы қабаттар объектілерді туралауға мүмкіндік береді. Кез келген қабатты бағыттаушы қабатқа айналдыру үшін Add Motion Guide (қозғалысты бағыттаушыны қосу) пиктограммасын шерту керек. Flash фильмінде бағыттаушы қабаттар көрсетілмейді.


Бірнеше кадрларды өңдеу және калькалау

Фильм облысында бір мезетте тек бір кадр көрсетіледі. Туралау процесін жеңілдету үшін, бір мезетте бірнеше кадрларды көрсету мақсатында калькалау функциясы пайдаланылады. Уақыт шкаласының төменгі жағында орналасқан үш пиктограммада бір-біріне енгізілген квадраттар түрліше орналасқан. Onion Skin (Калькалау) батырмасын шерткеннен кейін бір мезеттте бірнеше кадр көрсетіледі.

Ағымдағы кадр түсі қанық, ал қалғаны сұр түспен беріледі де, редактрлауға жатпайды. Көрінетін кадрлар санын Start Onion Skin және End Onion Skin маркерлерін жылжыту арқылы басқаруға болады.

Onion Skin Outlines (Контурлық калькалау) батырмасын шерткенде калькіленетін кадрлар мазмұны контурлар түрінде беріледі. Калькіленетін барлық кадрларды редактрлеу үшін Edit Multiple Frames (Барлық кадрларды редактрлеу) батырмасын шерту керек, пайда болған опциялар тізімінен маркерлерді ағымдағы кадрдың өзгеруіне байланысты жылжитындай етіп баптауға және калькіленетін кадрлар санын таңдауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет