педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру логикасын жан – жақты түсіндіру енді.Бұл логика белгісіз пән немесе педагогикалық іздену мәселесі көбінесе біртіндеп гипотеза (болжам) түрінде анықталады және тұғырнамалық ( концептуальный) идея түрінде, кейін мінсіз және мүлтіксіз құрылымдалған тұғырнама (концепция) немесе формальды – логикалық модуспен ( рәсімдер, құралдар және әдістермен) ресімделеді. Белсенді даму үстіндегі педагогикалық әдіснама аясындағы гносеологиялық тұғырмын қатар, педагогикалық ғылым, оның объектісі мен пәні шегінде өмір сүретін философиялық жүйе қаралған тағы бір ұстаным анықталды. Педагогикалық ғылымды дамыту әдіснамасы ретінде философиялық деп аталатын екінші тұғырдың авторлары, атап айтқанда, түрлі педагогикалық құбылыстар мен үдерістерді тануға және зерттеуге қолданылатын диалектиканың ережелері немесе доктриналары мен заңдарын, философиялық идеяларын қарастырады. Екінші ұстанымның жақтаушылары педагогикалық әдіснаманың , оның «бастапқы ережелері мен қағидалары, түсініктердің мәні мен жүйесі ең алдымен, философиялық тұғырнамамен анықталады және аталмыш ғылыми білім саласының құрамдас бөлігі болып табылмайды» деп тұжырымдайды. Тарихи талдауда аталмыш бағыттың өкілдері педагогикалық әдіснаманың ғылыми – педагогикалық білімнің дербес саласы ретінде даму мүмкіндігін жоққа шығарғанын атап өту маңызды. Философия мен педагогика әдіснамасын теңдестіру педагогтар ғана емес, бірқатар философтар тарапынан қарсылық туғызды. Белгілі философтар және педагогтар ( П.В. Копин, В.Н. Садовский, В.А. Лекторский, Э.Г. Юдин, М.Н. Скаткин, Ю.К. Бабанский, В.В. Краевский, Г.П. Щедровицкий және т.б ) бұл ғылым салаларының шекарасынын анықтау философиялық мәселелердің шектен тыс ұлғаймауына мүмкіндік беретінін атап көрсетті. Философия нақтылы білімнің арнаулы саласына жататынын, біздің жағдайымызда педагогика ғылымының әдіснамалық мәселелері есебінен теориялық ғылымтануға айнала алмайды. «Философиялық талдау педагогикалық талдаумен қатар қолданылуға , бірақ оның орнына қолданылмауға тиіс. Педагог-зерттеушілердің педагогикалық болмыс объектілерін зерттеуде тек философиялық талдау бағытын ұстануы тұйыққа әкеп тірейтіндігі көпке айқын болды. Осының арқасында философия аясында әдіснама туындап, белсенді түрде дамыды, ал қазіргі кезеңде ғылым дамуының тарихы дамуда. Осының ықпалымен педагогикалық әдіснаманы түсінуге деген көзқарас біртіндеп өзгеріп, гносеологиялық, философиялық және педагогикалық тұғырлар барған сайыт жиі сынға ұшырай бастады. Нәтижесінде, тұғыр –