ғылымтану анықталып, педагогтардың әдіснамалық зерттеу өрісінің пәндік шекарасын анықтайтын және әдіснамалық, тарихи және теориялық білімдерді ажыратып және біріктіріп ғылыми- педагогикалық білім құрамын жаңартатын ғылыми білімнің айрықша саласы ретінде түсінтіруімен ерекшелене бастады. Бұл тұғырдың ұстанымы бойынша педагогикалық әдіснама аясында ғылыми жүйе ретінде педагогика ғылымын дамыту қағидаларының, құралдарының, әдістері мен үлгілерінің ерекшеліктерін, объектісі жүйе ретінде педагогикалық ғылым және оның даму үдерісі болып табылатын, табиғаты жағынан ғылыми зерттеудің әдіснамалық рәсімдері мен жеке әдістерін зерттеп айқындайтын ғылыми сала болып табылады. Баяндалған идея мазмұнында педагогикалық әдіснамаға «білім жүйесі сондай- ақ, осындай білім алу жіне арнаулы- ғылыми педагогикалық зерттеулерді әдіснамалық қамтамасыз ету бойынша қызмет жүйесі» ретінде педагогикалық әдіснамаға неғұрлым жалпы анықтама беріледі және әрі қарай мазмұны толығады.Мысалы, педагогикалық әдіснама мағынасында «педагогикалық болмысты бейнелейтін білім алудың қағидалары, тұғырлары және тәсілдері туралы, педагогикалық теорияның негіздері мен құрылымы туралы білімдер жүйесі, сондай-ақ, осындай білімдерді алу және бағдарламаларды, логика мен әдістерді негіздеу, зерттеу жұмыстарының сапасын бағалау жөніндегі қызмет жүйесі» түсініледі.
Әдіснамалық негіздер мен бағдарлардың ерекшелігі мен мазмұнын ашуда педагог-зерттеушілер көбінесе «әдіс», «тұғыр», «қағида», «заң», «идея», «логика», «парадигма», «теория» ұғымдарын қолданады. Осы ұғымдарды салыстыруға көптеген педагогтар жүгінді. Алайда, бүгінгі күні аталған ұғымдардың «әдіснама» түбірлес түсінігімен өзара байланыс сипатын айқындау ғана емес, олардың педагогикалық зерттеулер немесе жобалаулардағы әдіснамалық бағдар болудағы маңызын нақтылау маңызды. Зерттеуші әдіснамалық бағдар ретінде әдістер немесе тәсілдер, тұғырлар немесе ұстанымдар, логика немесе зерттеу бағдарламасы, парадигма немесе теория қолдана алады. Олар ғылыми-педагогикалық және жобалау қызметінің жалпы бағытын анықтайтын негізгі ережелер болып табылады. Әдіснама педагог-зерттеушінің педагогикалық практика объектілерін жетілдіру немесе өзгерту мақсатымен байланысты жаңа педагогикалық жобаны әзірлеу барысындағы ғылыми немесе жобалау қызметіне жалпы бағыт береді. Ғылыми әдебиетте «әдіснамалық тұғыр» деген ұғым (сөз тіркесі) кездеседі. «Тұғыр» ұғымы педагогикада ғылымның пайдаланатын нақтылы тәсілі, элементі ретінде қолданылады. Тұғыр – бұл ғылыми-педагогикалық қызметтің қандай да бір үдерісінің элементі, жеке әрекеті. Егер «әдіс» ұғымы ғылыми-педагогикалық әрекет тәсілдерінің жиынтығын білдірсе, «әдіснамалық тұғыр» ұғымы аталмыш тәсілдің зерттеушінің ғылыми-педагогикалық әрекетінің бүкіл кезеңінде пайдаланылатынын білдіреді. Зерттеу тәсілдерінің жиынтығы, олардың қолдану дәйектілігі мен логикасы педагогикалық зерттеуді жүргізу технологиясын анықтайды. Бір қарағанда «технология» ұғымы әдіснамаға жатады, өйткені, технология ғылыми-педагогикалық әрекеттің басынан аяғына дейін сипатын анықтайды және әдістер мен зерттеу тәсілдерін таңдау үшін нұсқау жасайды. Ғалым-педагогтар әдіснамалық бағдар ретінде «тұғыр» ұғымын жиі қолданады. Бұл ретте, педагогикалық зерттеулерде және педагогикалық жобаларды әзірлеу барысында көптеген тұғырлар: жүйелік, жүйелік-қызметтік, кешендік, тұтастық, аксиологиялық, праксиологиялық, әрекеттік, жеке тұлғалық т.б. қолданылады. Тұғырлардың әр түрлілігі, олардың эвристикалық құндылықтарын қамтамасыз етеді және педагогикалық құбылыстар мен үдерістерді зерттеу, педагогикалық теорияны құру, педагогикалық ғылым мен практиканы тұтасымен дамытуды жан-жақты қарауға және зерттеуге үлкен мүмкіндіктерді ашады. Кейбір зерттеушілер тұғырға ерекше әдіснамалық маңыз береді. Мысалы, тұғырды әдістің зерттеу бағдарламасымен бірлікте қарастырады. Осы мағынасында «әдіснама» ұғымы «тұғыр» ұғымынан мазмұндырақ. Қандай болмасын тұғыр ғылыми-зерттеу немесе ғылыми қайта құру қызметінің тәсілін анықтайды. Осы себепті, ол педагог үшін педагогикалық болмыста зерттеудің және қайта құру үдерісінің барлық кезеңінде басынан аяғына дейін басты бағдар ретінде әрекет етсе, әдіснамалық міндеттерді атқарады. Әлбетте, педагогикада, қандай болмасын, тұғыр жалпы әдіснамадан немесе басқа ғылымдар әдіснамасынан алынған. Зерттеушінің қандай да бір тұғырды таңдауы, нақтылы педагогикалық объектіні тануда және қайта құруда олардың жиынтығын анықтау әрқашан зерттеушінің ғылыми ұстанымымен байланысты, соған орай, оның қандай ғылыми мектепке, ал оның қандай ғылыми бағытқа немесе ағымға қарайтындығына да байланысты.
Әдіснамалық тұғырлар мега-, макро-, микро сияқты сатылы үлгісі арқылы ұсынылады. Мегаәдіснамалық тұғыр (табиғи ғылымилық және гуманитарлық); макроәдіснамалық (мәдени, синергетикалық, инновациялық, экологиялық); микроәдіснамалық (тұлғалық, жүйелілік, әрекеттік және т.б.).
Педагогикалық зерттеу барысында гуманитарлық білімнің саласы ретінде педагогиканың әдіснамалық тұғырларына сүйену қажеттілігі туындайды. Бұл қағидалар, біріншіден, оның нақты мәселелерін бөліп шығаруға және олардың стратегиялары мен шешу жолдарын анықтауға; екіншіден, білім проблемаларының барлық жиынтығын сараптауға және олардың иерархиясын (маңыздылық тәртібін) анықтауға мүмкіндік береді; үшіншіден, бұл әдіснамалық қағидалар болжауды жүзеге асыра алады. Бұл жорамалдарды қолдана отырып, зерттеудің педагогика әдіснамасын дамыту, дидактика, ғалым-дидактиктың ғылыми-зерттеу еңбегінің мәдениеті, педагогикалық инноватиканың қалыптасуы және т.б. сияқты негізгі мәселелеріне әдіснамалық тұғырлары анықталды. Білім берудің жаңа парадигмасы және оның әдіснамасы: 1.Репродуктивті ақпаратты және пәндік сараланған білімдерден кіріктірілген білімдерге және метапәндерге көшу; 2.Сезімдіктен әрекеттенуге; 3.Эмпирикалықтан тұжырымдама жасауға; 4.Гносеологиялықтан мәдени-тұлғалыққа.