Педагогикалық құбылыстарды зерттеудің әдіснамалық тұғырлары: мәні, жіктемесі және мазмұны. (30 балл)


Педагогика әдіснамасы мәнін анықтау тұғырлары (гносеологиялық, философиялық, ғылымтанулық) тақырыбында тірек конспектісін жазыңыз



бет3/5
Дата26.12.2022
өлшемі57,92 Kb.
#59803
1   2   3   4   5
Байланысты:
15 билет

3.Педагогика әдіснамасы мәнін анықтау тұғырлары (гносеологиялық, философиялық, ғылымтанулық) тақырыбында тірек конспектісін жазыңыз.
Педагогикалық әдіснамасының қалыптасу үдерісін талдап қорыту педагогикалық әдіснаманы түсінудің белгілі ұстанымдарын біріктіретін ортақ дүниені анықтауға және олардың айырмашылықтарын белгілеуге мүмкіндік береді. Мұны талдауда автор Ю.К. Бабанский, В.И. Загвязинский, Б.С. Гершунский және Н.Д.Никандровтың, В.Е.Гмурман, В.В.Краевский, С.И. Колташ, А.Г. Кузнецова, М.Н.Скаткин, Е.В. Титованың және басқалардың белгілі жұмыстарына сүйенеді. Педагогикалық әдіснаманың мәнін ашу және оны іздеу бағытындағы алғашқы тұғырлардың бірі гносеологиялық деп аталады.Бұл атау педагогикалық әдіснама ұғымына туыстас « әдіснама» ұғымы ғылыми әдебиетте «гносеология» немесе « таным теориясы» ұғымдарына жақындығымен сипатталады.Аталмыш тұғырды жақтаушылар педагогикалық әдіснаманың бір бағыты – педагогикалық болмысты танып – білу әдістеріне немесе педагогикалық объектілерді тану үдерісінің өзі туралы ғылымға баса мән береді.Бұл ретте, педагогикалық болмысты тану және түсіндіру әдістерін толықтыру және жаңартудың факторлары мен бастаулары, сондай – ақ , педагогикалық болмысты қайта құру әдістері туралы ғылым ұзақ уақыт назардан тыс қалып келді. Педагогикалық әдіснаманы бұлайша түсінуге сәйкес, белгілі отандық әдістемеші М.А. Данилов былай деп жазды: «Педагогика әдістемесі – дамушы қоғам жағдайында үздіксіз өзгерістегі педагогикалық болмысты дәл сипаттап көрсететін ғылымды қалыптастырудың қағидалары, тұғырлары және тәсілдері туралы педагогикалық теорияның бастапқы ережесі, негізі және құрылымы туралы білімдердің жүйесі болып табылады». Педагогикалық әдістемені гносеологиялық мектептің ( И.С. Ладенко ) дербес ғылыми пәні ретінде ресімдеу:
- педагогикалық болмыс объектілерін талдау және оларды дамытудың шарттарын іздеуде қайшылықтар теориясына сүйенген; - педагог – зерттеушілердің ғылыми – педагогикалық ойлаудың проблемалық сипатына басымдық пен бағдар ұстануына және ғылыми – педагогикалық ізденудің логикалық негіздерін іздеумен байланысты болды. Педагогика әдіснамасы пәнін дамытудың гносеологиялық парадигмасы аясында фундаменталды ( іргелік) және теориялық педагогикалық білім алудың логикалық моделін жасау, оны талдау мен бағалаудың тиімді құралдары педагогикалық болмысты танудың диалектикалық логикасын тірек ете отырып , күрделі үдерісінде анықталды.Таным теориясын дамытудың арқасында ғана педагогиканың әдіснамалық мәселелері саласында көптеген зерттеушілер педагогикалық болмыстытанудың табиғаты мен логикасын және әдістерін , көптеген педагогикалық құбылыстар мен үдерістердің мәндік сипаттамаларын анықтау және түсіндірудің тәсілдерін анықтай отырып, гносеологиялық тұғырды дамытты.
Нәтижесінде, педагогиканың әдіснамалық педагогтың қолданысына зерттеу мәселесі мен оның нәтижелерін бағалауға дейін ойлау үдерісін қамтып, ашатын

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет