Қарым-қатынас кезінде кейбір принциптерді ұстану қажет:
Бала қандай болса, солай қабылдау;
Әр адам қайталанбас екенін ескеру ;
Тәрбиеленушінің қабілеттілігіне сену ;
Олардың шығармашылық белсенділігін қолпаштау;
Бала тұлғасын сыйлау, әрқайсысына жетістікке жету жағдайын жасау;
Бала қадірін кемітпеу;
Балаларды бір-бірімен салыстырмау, іс-әрекет нәтижесін ғана салыстыру;
Әркімнің қателесуі мүмкін екенін ескеру;
Әркімнің өз ойын айтуға еркі бар, ешкімнің өз ойын айтқанына күлуге құқығы жоқ.
Сөйлеу мәдениеті ғылым ретінде – тілдік дисциплина, мәдениет құралы
ретінде тілді зерттеумен және жетілдірумен айналысады.
Сөйлеу мәдениеті –сөйлеудің тілдік нормаларын игеру, екпін және сөзді қолдану, сонымен қатар қарым-қатынас кезінде мақсат-мазмұнына сәйкес әртүрлі жағдайларда тілдің мәнерлі құралдарын қолдана білу.
Педагогтың сөйлеу мәдениетінің компоненттері:
Фразаларды құрастыру кезіндегі сауаттылық.
- күнделікті өмірде сөздерді сауатты айту: сөздерде екпінді дұрыс қойып, жергілікті диалектіні қолданбау.
Баяндаудағы қарапайымдылық пен түсініктілік: аз сөйлеу.
Мәнерлілік:
- интонация және тональность;
- сөйлеу темпі, паузалар;
- дауыс ырғағының динамикасы;
- сөздік қоры;
- сөйлеу бейнесі;
- дикция.
Арнайы терминологияны дұрыс қолдану:
- құлаққа ерсі естілетін фразеологиялық тіркестерді қолданбау;
- артық сөздерді қолданбау;
- «сәнді» сөздерді қолданбау.
Тәрбиешінің сөйлеу кезінде жиі жіберетін қателіктері:
Кішірейте-мейірімсіну сөздерін жиі қолдану;
Артық сөздерді жиі қолдану: ия, міне, яғни, бұл…
Дыбысталу сөздерін орынсыз қолдану;
Сөйлеу тіліндегі қателік: бар ватыр, ал ватыр.
Тәрбиешінің сөйлеу мәдениетінен баланың сөйлеу мәдениеті байланысты.
Осыны ескере отырып, тәрбиеші өзі тәрбиелеп отырған балалардың ана тілін жетік білу үшін, өз тілін үздіксіз жетілдіруді өзінің кәсіби міндеті деп санауы тиіс.
«Ептеп алдыға ұмтылудан қорықпаныз, әрекеттсіз қалғанан қорқыныз»
Қытай даналығы.
«Педагог — жаңа ұрпаққа ғасырлар бойы жинақталған
барлық бағалы дүниелерді беріп, жалған сенімдерді,
кінәрәттар мен кеселдерді бермеуге тиісті адам»
А.В. Луначарский
Бүгінгі жаһандану заманында біздің ең басты мақсатымыз сапалы білім, саналы тәрбие беру. Мұғалім өзіне жүктелген осы абыройлы міндетті жүзеге асыру жолында қолданылатын амал-тәсілдер құрамынан педагог мәдениеті елеулі орын алады. Ұстаз мәдениеті– мұғалім мен бала ата-ана мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас. Педагогикалық бірінші принцип: дұрыс амандасу. Сәлем сөздің анасы деп бекер айтылмаса керек, кім болсада ең алдымен амандасу, ол адамның көрегенділігін, білімділігін, мәдениеттілігін көрсетеді.
Шебер мұғалім үшін ең бастысы ол кіммен болса да тіл табыса алуы, үйде достарының қасында, ұжымда болсын жағымды атмасфера тудыра біледі. Ал ең бастысы алдында отырған 30 баланы айтып жатқанын сендіре білу, көңіл-күйін айтқызбай ақ түсіну, деркезінде көмек көрсету, бұл қасиеттер мұғалім үшін аса маңызды дүние.
Педагогтың көңіл күйі- оның тәрбиелейтін зор күш қуаты. Кімде кім мұғалімнің көңілін бұзса, ол оқушыларымыздың тәрбиесіне зиянын тигізеді. Сондықтан өзіңіздің де, өз әріптестеріңіздің де көңіл күйіне абай болған жөн.
Педагогикалық этика деген кең ауқымды мағына. Ұстаз деген абыройлы атаққа лайықты болу үшін-мұғалім жан-жақты білімді болып қана қоймай, сондай-ақ әділ де әдепті, қарапайымда кішіпейіл,бауырмал да қайырымды, қысқасы, жоғарғы саналы азамат болуы тиіс деген сөз. Әрине, бұл әбден орынды, солай болуымыз абыройлы міндет. Ал енді оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасындағы педагогикалық мәдениетке келетін болсақ, мұғалім оқушы атаулыға үлгі болатын, өмірдің сан алуан жолынан адаспай өтуде оған бағыт беріп, жөн сілтеуші, баланы адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, адалдыққа және басқа да сол сияқты ізгі қасиеттерге баулитын жан. Мұғалімдік қызметтің өзіндік ерекшеліктерін әңгімелегенде әрбір мамандық иесінің сөйлеу шеберлігімен тіл мәдениеті туралы айтпай кетуге болмайды. Мәдениеттілік, ой –өрістің кеңдігі адамның сөз саптауынан жақсы байқалады.
Сөйлеу мәдениеті жетілмейінше ақыл ой мәдениетіне жету қиын. Ұлы педагог А.С Макаренко айтады: Оқушы сіздің еркіңізде, мәдениетіңізді жеке ерекшелігіңізді сезіне алатындай болуы керек. Сөйлеу кезінде адамның адамгершілік қасиеттері, ерік-жігері мен қажыр-қайраты немесе жалтақтық, жағымпаздығы да айқын аңғарылып тұрады. Мұғалімнің дауыс ырғағы оқушыларға түрліше әсер етеді.
Сондықтан мұғалім сөзін оқушылырды қуантатын жерде қуантып, қолайсыз көріністерге реніш туғызатындай етіп құруы тиіс. Өз сабағына жан тәнімен берілген мұғалім шын жүректен шыққан жалынды сөз арқылы оқушыларды еліктіре баурап әкетеді. Егер ол өз сөзіне немқұрайлы, қалай болса солай қарайтын болса, оқушылар мұны байқап қояды. Ал енді оқушылардың сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу- барлық пән мұғалімдерімен қатар тәрбиешілердің міндеттерінің бірі.
Тек күнделікті өтіп жатқан сабақтар арқылы ғана емес, сабақтан тыс өтілетін шаралар, ашық сабақтар арқылы мұғалім мен оқушы арасында мәдениет нығаяды, және орны ерекше болмақ. Мұғалім мен оқушы арасында болатын қатынаста педагогикалық мәдениеттің маңызы зор. Мәдениет болмайынша, мұғалім өз пәнін, өз жұмысын терең білгенімен, тіпті тәрбиелік жұмысты алуан түрлі әдіс-тәсілдерді меңгергенімен, өзінің алдына қойған жас ұрпақты жан-жақтытәрбие беру мақсатына жете алмайды.
Мұғалім мен оқушы арасындағы қатынастар алуан түрлі болып келеді. Сондықтан мұғалім оқушыға қатынасын әр уақытта да өзгертіп отыруы тиіс. Бір жағдайда қатаң талап қоюы, екінші жағдайда тілек өтініш ретінде болып келуі, үшінші бір жағдайда сендіру мен көз жеткізу, мойындату, төртінші бір жағдайда үгіттеу, ақыл кеңес беру, бесінші бір жағдайда түсіндіру, жәрдемдесу, қамқорлық жасауы, алтыншы бір жағдайда ұялту, бетіне басу не ұрсу керек болатын жағдайлар кездессе, жетінші бір жағдай мақтау немесе жазалау жұмысына ұласады.
Мұғалім өне бойы өзін сергек, көңілді ұстау керек. Балаға сіздің шаршағаныңыз, көңіл-күйіңіздің жоқтығы сезіліп отырады. Сол сияқты мұғалім оқушының ата-анасы, туыстарымен нашар қарым-қатынасының, өкпе –арызының есесін оқушыдан қайтаруға әдеттену педагогикалық этикаға жатпайды. Оқушының әлсіздігіне, тіл алмауына, кейде мұғалімге қарсы келуіне сыйламау әдетіне өшігіп оқушыдан кек алу, жек көру әдетінен де аулақ болуымыз керек. Кейбір ұстаздар тарапынан оқушының тәртіпсіздігінің есесін үлгерім бағасына ауыстыру әдеті де кездесіп қалады. Бұл әдеттің тиімсіздігі педагогикалық этикаға қайшы келуі тұрмақ, оқушыны өшіктіріп, қырсықтырып, мұғалімге қарсы қоюға, сыйламаушылыққа әкеліп соқтыратынын аңғармаймыз. Мұғалім біріншіден өте әділетті шыншыл болуы тиіс. Педагог шәкіртіне өте мейірімді, қайырымды, қамқоршы болуы керек. Бұл жерде мен Л.Толстойдың «Егер мұғалім өз ісіне сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен біріктіре алса, онда ол шын мәніндегі мұғалім болғаны» деген сөзін естеріңізге салғанды жөн деймін. Мұғалімнің мінезі жайдары, кең пейілді , сабырлы, ашу дегенді білмейтін, сөзі өте сыпайы, жұмсақ, ешкімнің көңіліне қаяу түсірмейтін болуы керек. Бұл туралы Чеховтың «Өзіңді қарапайым жылы лебізіңмен сыйлата білмесең, құр қаталдықтан түкте шықпайды» деген нақыл сөзін ескеру біздерге (ұстаздарға) өте лайықты. Сондай-ақ бала тәрбиешінің сұрауына жауап бергенде, олардың сөздеріне, жауабына ынта қойып ұқыптап тыңдауды, оқушының сөзін бөлмеу, басқа оқушыларға бөлдірмеу, орынды жерде қоштап отыру, кейде жаңылысқан қиналған жерінді түзету жасап, жәрдемдесіп жіберуді де қолданып отыруымыз керек. Жәрдемдесу дегенді мұғалімнің өзі оқушының аузына сөз салып, жетектеуге айналдырып жіберуге болмайды.
Кейде сабақты нашар оқитын оқушының тағдырын алдын ала шешіп қоюмыз кездеседі. Мысалы: Асанова тез мында кел, сен бүгін де сабақ оқымай барыпсың, ештеңеге жауап беріп жарытпассың, сен Асанова ең болмағанда мынаған жауап берші… Бұл сияқты күдікті сөз ұнамсыз қылықты көрген оқушының өзіне деген сенімі жойылады, ұнжырғасы түсіп, не намыстанып, кектеніп ұзтазына да біліп тұрса да жауап бергісі келмейді. Сол сиқты сабақты өте салғырт, нашар оқитын не салақ, олақ, жалқау оқушылардан күдер үзіп, көңіл бөлінбей, ескерусіз қалдырған жағдайлары да кездесіп тұрады. Бұл сияқты қылықтар педагогикалық мәдениетке үш қайнаса сорпасы қосылмайтын жаман әдет.
Оқушы әрқашан сенің айнаң іспеттес. Сол оқушының алдындағы қадір –қасиетіңді жойып алмас үшін мұғалімнің бой басы жинақы, көрікті, киген киімдері қарапайым, тап-таза бойына лайық, шақ сәнді болуы тиіс.
А.П. Чеховтың «Адамда барлық нәрсе жүзі де, киімі де , жаны да, ойы да көркем болуы тиіс» деген ұлағатты сөз ұстаздарға айтылған сиқты. Орынсыз бояну, шектен асқан сәнді , жасанды киіну, табиғи өңін өзөгертуге әуестену немесе өте салақтық, бой басын күтінбей жүру мұғалімдік этикаға үлеспейді. Кейде мұғалімдер арасында оқушы кінәлі болып қалағанда жазалай бергеннен гөрі оқушының жақсы қылықтарын да ескерусіз қалдырмай, оны дәріптеп, көтермелеп отыру мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты жақсартады.
Мұны да сатылап, орынды пайдалана білу маңызды жұмыс. Атап айтқанда құптау, ырзалық білдіру, рахмет айту, сенім білдіру, дәріптеп отыру, мақтау,үлгі тұту, сыйлық беріп көтермелеу жатады. Кейде оқушы сабақ үстінде тәртіп бұзып кінәлі болып қалады делік, оны сабақ үстінде тұрғызып қою, не далаға шығарып жіберу, не мұғалімнің сабағын жалғастырмай қалуы, болмаса тыңдамаған баланы әкімшілікке сүйреу мұғалімнің оқушы алдындағы қадір-қасиетін кемітеді.
Яғни мынадай қорытынды шығаруға болады.
Мұғалім сыныбында болмас нәрсеге ашу шақырып, осындай кемшіліктен бір өзі жапа шекпей, төңірегінің алдында да айыпты болып саналуы.
Оқушының кінәсіне, тәртіп бұзғандығына ренжіген, ашуланған, ұрысқан мұғалім артынша не тиісті уақытты сақтамай кінәлі оқушыға жылы сөз, жылы қабақ көрсетудің керегі болмайды.
Оқушының майда кінәләрін термелей берудің қажеті жоқ. Кінәлі болып қалған оқушының өткендегі кінәләрін қайталап, бетіне баса беруден аулақ болу керек.
Мұндай әдістер зияны бар әдіс болып шығады. Менің пікірімше Мұғалім әр уақытта да ең жоғары дәрежелі маманның бірі екенін естен шығармау керек. Өскелең өсіп келе жатқан біздің балаларға жылы сөздің артықтығы болмайды. Педагог бала үшін жақсы да үлгілі өнеге беруі тиіс. Мейірімі мол адамның келбетінің өзі кез келген оқушыны еріксіз бас идіреді, оған шабыт бере отырып, батылдық, адалдық, шыншылдық, қарапайымдылық және игілік арқалаған ұлағатты нәрселерімен еліктіре түседі. Адамда жақсы қасиет болмаса оған бақ та, бақыт та қонбайды. Ал біз педагог болғандықтан біздің білім, тәрбие беріп отырған оқушыларымыз саналы, тәрбиелі болып өссе деп тілейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |