«Педагогикалық ғылымдар» факультеті


Дене сапаларын тәрбиелеу негіздері



бет5/30
Дата28.04.2023
өлшемі80,15 Kb.
#88092
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
Оку багдарламасы 5В010800

Дене сапаларын тәрбиелеу негіздері
Дене сапалары туралы түсінік: олардың негізгі түрлері мен адамның дене дамуындағы мені мен рөлі. Дене сапаларын тәрбиелеудегі негізгі заңдылықтар. Ептілік, күш, төзімділік, шапшаңдық, икемділікке тәрбиелеу әдістерінің мәні, өлшемі, міндеттері, құралдары және айқындаушы белгілері. Дене бітімінің тәрбиесі: дене салмағын реттеу негіздері.
Дене шынықтыру үдерісіндегі жеке тұлғаның бағытты дамуы
Жеке тұлға сапаларының қалыптасуындағы дене шынықтырудың орны мен рөлі. Жеке тұлғаны бағытты калыптастырудың факторлары мен шарттары. Дене шынықтыру үдерісіндегі зияткерлікті, адамгершілік, еңбек және эстетикалық тәрбиенің міндеттері, құралдары, әдістері мен түрлерінің ерекшелігі.
Сабақта дене жаттығуларын құрудың негіздері
Сабактарды құру түрлерінің жалпы сипаттамасы. Сабақ құрылымының негіздері: оқу сабақтарының сабақтағы және сабақтан тыс түрлерінің сипаттамасы
Ерте және мектеп жасына дейінгі балалар дене шынықтыруының негіздері
Дене шынықтыру жуйесіндегі бастапқы жас буынның рөлі. Мектеп жасына дейінгі балаларды жасқа байланысты топтастыру. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалардың жасқа байланысты дамуы мен одан кейінгі іс-әрекетке дайындық шарттарының заңдылықтары арқылы айқындалатын дене шынықтыру міндеттерінің ерекшеліктері. Бала бақшаларда жузеге асырылып келе жаткан жалпы тәрбие жүйесіндегі дене шынықтыру әдістерінің бағыты, кұралдар кұрамы және айқындауыш белгілері. Мектепке дейінгі сәбилердің күнделікті -тұрмыстық жағдайларында дене шынықтыру бағытын тиімді пайдалануың әдіснамалық негіздері.
Мектеп жасындағы дене шынықтырудың негіздері
Мектеп жасындағы балалар дене шынықтыруының әлеуметтік-педагогикалық маңызы,бағыты мен міндеттері. Мектептегі дене шынықтыруды ұйымдастыру бойынша мемлекет тарапынан жүргізілетін іс-шаралар мен бағдарламалар.
Мектеп жасындағы дене шынықтыруды жоспарлау мен бақылау
Жұмысты жоспарлаудағы негізгі бағыттар. «Оқушылардың дене шынықтыруы» бағдарламасының сипаттамасы . «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу үдерісін жоспарлаудағы бірізділік. Жоспарлау құжаттарын құру технологиясы. Бағдарламадағы материалдарды өткізудің жылдық жоспары .Тоқсандық жоспар. Дене шынықтыру сабағының жоспары. Есепке алу және бақылау .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет