12-тақырып. Маркетингтегі жоспарлау мен бақылау. ДӘріс сұРАҚтары



бет1/2
Дата03.12.2023
өлшемі37,02 Kb.
#133380
  1   2

12-ТАҚЫРЫП. МАРКЕТИНГТЕГІ ЖОСПАРЛАУ МЕН БАҚЫЛАУ.

ДӘРІС СҰРАҚТАРЫ


1. Маркетингті жоспарлау маңызы мен рөлі. Маркетинг жоспарын тиімді құру мен табысты жүзеге асыруға әсер ететін факторлар.
2. Маркетинг жоспарын өңдеу кезеңдері.
3. Маркетингтік жоспарлардың жіктелуі.
4. Маркетингтік бақылаудың мәні
5. Маркетингтік бақылау типтері
6. Маркетингтік аудит
ДӘРІС МАҚСАТЫ: маркетингтік жоспарлау мен бақылаудың маңызын ашу, өңдеу
кезеңдері мен жіктелуін талдау.
НЫСАНДЫ СӨЗДЕР: жоспарлау,маркетингтік стратегия, тактикалық жоспарлау,іскелік жоспарлау, функционалдық жоспарлау, бақылау,
Әдебиет: 4,5,6,10.

1. Маркетингтегі жоспарлау маңызы мен артықшылықтары. Маркетинг жоспарын тиімді кұру мен табысты жүзеге асыруға әсер ететін факторлар.


Маркетингтік жоспарлау деп өзгермелі сыртқы орта мен нарықтық конъюнктуралық жағдайларда тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, фирма қызметін үнемі жетілдіру жолдарын үздіксіз іздестіру процессі. Жүйелі түрде жасалып отыратын жоспарлау фирмага келесі түрде артықшылықтар береді:

  • жоспарлау жетекшілерді перспективалык түрғыдан жұмыс істеуге итермелейді;

  • жоспарлау фирманың барлық бөлімшелері арасында анық және тура координацияның орнауына әсер етеді;

  • фирма өз максаттары мен міндеттерін тура анықтай алады;

  • өз кызметін жүйелі түрде жоспарлап отыратын фирма көптеген кездейсоқ жағдайларға анағүрлым дайын болып келеді;

  • жоспарлау мен пайда арасында корреляциялық байланыс бар.

Жоспарлаудың басты мақсаты- анықсыздық дәрежесін төмендете отырып, кәсіпкерлік тәуекелділіктің алдын ала отырып, фирма ресурстарын ең маңызды деген бағыттарға жүмылдыру.
Жоспарлаудың негізгі міндеттері әр фирма тарапынан атқаратын қызмет түріне, көздеген мақсаттарына, алдына қойған міндеттеріне қарай анықталады. Дегенмен де барлық фирмаларға тән келесі реттегі міндеттерді нұсқауға болады:

  • қоршаған ортаның факторларын зерттеу;

  • мүмкін болатын тәуекелділіктер мен қауіп-қатерлерді талдау;

  • болашақтағы даму стратегиясын жасау;

  • өндіріс және жабдықтау жоспарларын жасау;

  • қаржыландырулардың қайнар көздерін анықтау;

  • күтілетін қаржы нәтижелерін алдын ала болжау;

  • жоспарлаудың іске асуын бакылайтын жоспарларды өңдеу.

Маркетингтік жоспар нақты мақсаттар қойылған және оларды іске асыру шарттары мен ұсыныстары келтірілген резюмеден басталуы тиіс. Мысалы:
2008 жылдың маркетингтік жоспары алдыңғы жылмен салыстырғанда сату көлемі мен пайда мөлшерін анағұрлым арттыруға бағытталған. Жобаланып отырған сату көлемі- 240 миллион тг, көзделіп отырған пайда мөлшері сатылу көлемінің 20 %-ын құрамақ.. Бұл өсімге қол жеткізу үшін өнддіріс шығындарын төмендету, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыра отырып, сату әдістерін одан ары тағы да жетілдіру қажет. Негізгі кызметтен түсетін таза пайда алдыңғы жылмен салыстырғанда 25 %-ға артық болуы тиіс. Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін өтімді ынталандыруға 4,8 миллион тг немесе болжамдағы сату көлемінің 2 % -ы құрауы тиіс. Жарнама шығындары 7,2 млн тг, немесе болжамдағы сатылу көлемінің 3 % -ын құрауы тиіс.

Маркетингтік шаралардың құрылымдық жоспары





Бөлім

Міндеті

Маркетингтік шаралардың құрылымдық жоспарына шолу

Ұсынылып отырған жоспарлардың жетекшілер үшін негізгі тезистерінен тұрады

Нарықтың ағымдық жағдайы

Нарық, тауар, бәсекелестер мен тауарды тарату туралы негізгі ақпараттардан тұрады

Қауіптер мен мүмкіндіктер

Тауарға әсер ететін негізгі қауіптер мен мүмкіндіктер келтіріледі

Міндеттер мен проблемалар

Нақты тауар бойынша компанияның нақты міндеттерін, сату мәселесі, нарықтық үлес,пайда және бұл мақсаттарға қол жеткізуде кезігетін проблемалар сипатталады

Маркетингтік стратегия

Көздеген мақсаттарға қол жеткізу үшін жалпы маркетингтік тәсілдер ұсынылады

Іс-әрекеттер бағдарламасы

Кіммен не нәрселер, қашан, қай мөлшерде жэне қалай орындалуы керектігі анықталады

Бюджеттер

Аталмыш жоспарға қол жеткізу үшін каржылық бақылауға жобаланған табыстар мен шығындар келтіріледі

Бақылау

Жоспардың қалай орындалып жатқандығын нұсқайды

Жалпы жоспарлау екі бөліктен тұрады- стратегиялык жоспарлау және маркетингті жоспарлау.


Стратегиялык жоспарлау болашаққа бағытталған жоспардың бір түрі, бірақ оны ұзак мерзімді жоспармен шатастырмау керек. Мұндағы басты айырмашылық стратегияның негізіне уакыттык критерий емес, жоспардың негізгі мазмұны қойылады.
Маркетинг жоспарын тиімді кұру мен табысты жүзеге асыруға әсер ететін факторлар:
1. Мақсаттарды дұрыс анықтау. Мақсаттар нақты жэне өлшенетіндей болуы тиіс; Мақсаттар уақытына карай бейімделген болуы керек; Мақсаттар қол жететін болғаны дұрыс.
2.Сыртқы ортадан болатын мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлер.
3.Маркетингтік жоспарды тиімді құруға және іске асыруға ұйымдық мүмкіндіктер жасау;
4.Қаржыларды мақсаттарға сай жұмсау үшін бюджеттті дұрыс орналастыру;
5.Фирма саясатын дұрыс анықтау;
6.Қызметкерлер мен жұмыскерлерді көздеген мақсаттарына тамаша нәтижелермен қол жеткізетіндей етіп дұрыс мотивациялау;
7.Көздеген нәтижелер мен еңбек ақы арасындағы байланыстың болуы;
8.көздеген мақсаттарға кол жеткізу үшін компания ішінде қалыпты және ашық атмосфера орната білу.
9.Бұрынғы стратегияларды, олардың артықшылықтар мен кемшіліктерін дұрыс коя білу;
10.Тәукелділік деңгейі;
1 .Акционерлердің реакциясы.
12. Уақыт факторы.

2. Маркетинг жоспарын өңдеу кезеңдері.


Маркетингтік жоспарлау іске асқанда тиімді және дұрыс деп танылады. Нақты түрде негізделген мақсаттар тиімді маркетингтік жоспардың маңызды компоненті болып саналады. Маркетингтік жоспарлауға қол жеткізу үшін басқарма келесі реттегі әдістерді қолдануы мүмкін:
1. Тактика. Қысқа мерзімді мақсаттар сияқты басқарма ұзақ мерзімді жоспарларға қол жеткізу үшін қысқа мерзімді де жоспарлар өңдеп отырады. Мұндай қысқа мерзімді жоспарларды тактика деп атайды. Тактиканың негізгі сипаттамалары:
-Тактиканы стратегияға қол жеткізу үшін жасайды;
- стратегия жоғары деңгейдегі басқармамен өңделсе, тактика орта буындағы жетекшілермен өңделеді;
Тактика стратегияға карағанда қысқа мерзімге ғана өңделеді;
Стратегия нәтижелерін бірнеше жылдардан кейін ғана анықталса, тактика нәтижелерін қысқа мерзім ішінде аныктауға болады.
2.Саясат. Ұзақ жэне қысқа мерзімді жоспарларды анықтап болғаннан кейін оларды дүрыс түсініп, талқылау үшін косымша бағыттар да өңделуі тиіс.
Жоспарлаудың бұл әдісін саясатты өңдеу арқылы іске асыруға болады.
Саясат деп- мақсаттарға қол жеткізу процесін жеңілдету үшін іс-әрекеттер
мен шешім қабылдаулардың жалпыға бірдей және ортақ бағыттары.
3.Процедуралар. Маркетингтік жоспарлауды іске асыруда тек саясаттың өзі
ғана жеткіліксіз болғандықтан, компаниялар процедураларды да өңдеп
отыруы тиіс. Үйымдар адамдар сияқты бұрынғы тәжірибелерін болашақ
шешімдердің негізі етіп ала алады. Процедуралар- накты калыптасқан
ситуацияларда қолданатын нақты іс-әрекеттердің жиынтығы. Процедуралардың беретін артықшылықтары:

  • Бұрынғы жиналған тәжірибелер негізінде сәтті өткен шараларды қайта негіз қылып береді.

  • Қажетсіз процестерді шегеріп, жоспарлау тиімділігін арттырады.

  • Маркетинг бөлімінің жетекшілеріне нақты ситуацияларда қандай шаралар қолдану керектігін нұсқайды.

  • Бұрынғы нәтижелермен салыстыра отырып, дұрысын таңдап алуға мүмкіндік береді.

Өзінің мәні бойынша процедуралар бағдарланған шешімдердің
процедураларынан тұрады.
4.Ережелер. Ереже қалыптасқан нақты ситуация не шаралар орындалуы керектігін анықтайды. Ережелердің процедуралардан басты айырмашылығы олардың нақты ситуацияларға бағытталуы.
3. Маркетингтік жоспарлардың жіктелуі.



Корпоративті



Іскерлік жоспарлау





Функционалды жоспарлау (ҒЗТКӨЖ, өндіріс, маркетинг, қаржы, персонал және т.б.)



Операциялық жоспарлау (аймақтар, зауыттар, функционалдық бағыттағы бөлімшелер)

Сурет. Жоспарлау түрлері. Маркетингтік стратегияларды өңделу мерзімдеріне карай, өңдеу объектісі мен субъектісіне карай, өңделу орындарына карай жіктеуге болады.


Маркетинг жоспарларының жіктемесі





Критерий

Макетинг жоспарының түрі

Маркетинг жоспары қызметі мерзімінің ұзақтығы

стратегиялық (ұзақмерзімді)
тактикалық (ортамерзімді)
оперативті (қысқамерзімді)

Жоспарлау объектісі мәселелерін қамтудың кеңдігі мен мазмұны

интегрирленген жалпы жоспар;
интегрирленген жоспар;
айналым жоспары;
өткізу жоспары;
маркетингтік шаралардың жоспары;
нарықты зерттеу жоспары;
ақпараттық қамтамасыз ету жоспары

Әзірлеудің дәлдігі мен тереңдігі

іріленген (жалпы), немесе ауқымды жоспар; детальдық (тиянақталған) жоспар

Маркетингті жоспарлау мақсаты

жобаны әзірлеу жоспары;
басқаруды ұйымдастыру жоспары;
жаңа өнімді әзірлеу жоспары,
бизнес-жоспар.

Әзірлеу тәсілі (жоспарды қалыптастырудағы қатысу деңгейі)

маркетинг мақсаттары жоспары;
бағалық саясат жоспары:
тауарлық саясат жоспары;
маркетингтік коммуникациялар жоспары;
маркетингті бақылау жоспары;
маркетингтің ревизиясы жоспары;
қаржылық жоспар;
тауарды өткізу жоспары;
тапсырыстар мен жеткізулерді қалыптастыру жоспары;
шикізаттар мен материалдарды қоймаға сақтау жоспары.

Маркетингтің стратегиялық жоспарлары үш жылдан бес жылға дейін және одан да ұзақ мерзімге жасалынады. Мұндай жоспарлардың мақсаты мынада, қазіргі кездегі болып жатқан мәселелерге маркетингтік шешімдерді қалыптастыру, ал келешекте болатын ұзақ мерзімді мәселелердің алдын алу.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет